Лекция Термодинамика және жалпы түсінік. Күй параматрлері. Квазистатистикалық процесстер


Бір компонентті жүйелердің күй даграммасы



бет25/42
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#96175
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
Байланысты:
325227 (1) (1) (1)
323267
Бір компонентті жүйелердің күй даграммасы.
Бір компонентті жүйелердің фазалық күйін анықтайтын параметрлер: Т,Р және V. Бұл параметрлердің мәндерін координата осьтеріне (Х,Ү,Z – осьтері) салсақ жүйенің күйін көрсететін көлемдік диаграмманы аламыз. Бірақ көлемдік диаграммаларды тұрғызу және оларды практикада пайдалану қолайсыз. Сол себепті бір компонентті жүйенің күйін көрсету үшін көбінесе жазық диаграммалар қолданылады. Жазық диаграмма көлемдік диаграм-аның Р- Т жазықтығына түсірілген проекциясы болып табылады. Жазық ди-граммаларда жүйенің фазалық күйін анықтайтын параметрлер Р мен Т, ал жүйенің көлемі – олардың функциясы. Бұл компонентті жүйенің күй диаграммасында жүйелердің бір фазалық күйі жазықтықпен, екі фазалық күйі сызықпен, үш фазалық күйі нүктемен анықталады. Жазықтықтар мен сызықтар – жүйенің фигуратив нүктелерінің орны.
Фигуратив нүкте деп – Р мен Т мәндерінің түйіскен нүктелерін айтады. Күй диаграммаларынан жүйеде неше фаза болатынын фазалардың химиялық табиғатын және олардың бір – біріне айналу шектерін көруге болады.
Судың күй диаграммасы. Су күйінің төмен қысымдағы жазық диаграмма-сы көрсетілген

Диаграммада ОА,ОВ және ОС сызықтары судың екі фазалық күйлерін, О нүктесі үш фазалық күйін көрсетеді. ОА сызығы мұз бен оның қаныққан буының m – теңдігін көрсететін, Клапейрон – Клаузиустың теңдеуімен анықталатын қисық;


Ол мұздың қаныққан бу қысымы мен t– ра арасындағы тәуелділікті бейнелейді. ОВ сызығы судың қатты (мұз) және сұйық күйлерінің m – теңдік қисығы; бұл қисық мұздың балқу t- расының сыртқы қысымға тәуелді өзгерісін бейнелеп, Клайперон – Клаузиустың
dP/dT = ΔΗбалқ. / Tбалқ.(V(c)-V(қ)) теңдеуімен анықталады.Диаграммада ОС сызығы су және судың қаныққан буының m – теңдік қисығы; ол судың қаныққан бу қысымы мен қайнау t – расының арасындағы байланысты көрсетіп, Клапейрон – Клаузиустың
dP/dT=ΔΗбул(Тқайн.(V(бу)-V(с)) теңдеуімен анықталады. ОА,ОВ,ОС қисықтары бір – бірімен О нүктесіне қиылысып тұр және О нүктесін үштік нүкте деп аталады. Бұл нүктеге сәйкес келетін қысым мен (Р =610,48Па) t- да (Т=273,16К) су үш түрлі агрегаттық күйде (мұз, су, бу) болады. ОА,ОВ,ОС сызықтары диаграмманы үш бөлікке (жазықтыққа ) бөледі. Жазықтықтың әр қайсысы әр күйіне сәйкес t- ра мен Р- ның мәндерін көсетеді. Жоғары қысымдар мен төмен t- ра су мұз күйінде, жоғары Р- мен жоғары t- да – сұйық, ал төмен қысымдарда бу күйінде болады.
Су диаграммасының көптеген басқа сұйықтардың диаграммасынан ең басты айырмашылығы ОВ қисығының (балқу қисығы) қысым осіне (Р осіне) көлбеу жатуында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет