Алғашқы университеттер. Медициналық – Салернода (ХІ ғ.І жартысы), Болоньеде – 1100ж., Париж университеті – 1209ж., Прагада – 1348 ж., Краковта – 1364 ж., Венада – 1365 ж., Лейпцигта – 1409 ж., Базельде – 1459 ж. және т.б. Алдыңғы екеуінен басқалары тар профессионалдық мектептер болмады. Бірнеше жүз жылдар бойына математика жеке кафедраларда қосымша пән ретінде қалды, математиканың арнайы оқытушылары да болмады. Университетте математиктерді даярлау арнайы болмаса да, олардан: Томас Бродвардин Англиядан, Николь Орел Франциядан, Иоганн Мюллер – Региомонтан Германиядан, Николай Коперник Польшадан сияқты тамаша математиктер шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |