Қайта өрлеу дәуірі. XV-XVI ғасырлар Европа тарихында «қайта өрлеу дәуірі» деген атпен енді, мұнда антикалық өмірде қол жеткен мәдениеттің жоғарғы деңгейінің қайта өрлеуі еске алынып отыр. Дәл осы уақытта феодалдық құрылыс қойнауында жаңа қоғамдық құрылыс – буржуазия қоғамы туады.
Шындықтың критерилік математикадан ғана іздей бастайды. Математика сол кездің өзінде европалық мәдениеттің негізгі инструменті болып қалыптасты және қалды.
XV-XVI ғғ. математика басты жағдайда Италияда, Францияда, Германияда, кейіннен Голландияда дамыды, Русьта математика тек қана ХVI ғ. дами бастады, себебі осы кезде Русь татар шапқыншылығынан босатылды және олардың арасында және Батыс Европамен байланыс қалыптасты.
XV-XVI ғғ. Европаның Лука Пачоли, Никола Шюке, Симон Стевин, Петр Рамус, Франсуа Виет, (алгебра облысынан), Региомонтан, Коперник (тригонометрия облысынан), Леонардо да Винчи, Альбрехт Дюрор (перспектива теориясынан) және басқа математиктері үлкен табысқа жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |