Лекция тезисі тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Орта және жоғары мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – сезімін қалыптастыру ерекшеліктері



бет44/72
Дата08.02.2022
өлшемі235,58 Kb.
#123658
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72
Байланысты:
Ëåêöèÿ òåçèñ³ òà ûðûáû Ñûáàéëàñ æåì îðëû ûìû

2. Орта және жоғары мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – сезімін қалыптастыру ерекшеліктері.
Жасөспірімдерді (орта мектеп жасындағы) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі оларға қажетті білім беру болып табылады, олар балалардың: – сыбайлас жемқорлықты танып-білуін үйренуіне (сондай-ақ оны басқа қылмыс түрлерінен айыруға; – сыбайлас жемқорлық неліктен жамандықтың көзі екенін білдіретін уәжді ұғынуға; – сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету мүмкіндігін көрсетуге көмектеседі. Бұл жаста білім берудің этностық компоненті – рухани құндылықтың мазмұны мен маңызын ашуға және жасөспірімдердің ізгілік рухани бағдарын қалыптастыруға назар аудару қажет. Дәл осы ізгілік рухани бағдарлар, егер олар рухани білім беру мен тәрбие жүйесінің бастапқы кезеңінде жасақталса, ол орта сыныптарда құқықтық құбылыстарды, ілгерінді құқықтық сезімдер мен ұстанымдарды әлеуметтік пайдалы бағалау бойынша құқықтық білім беру процесінде қалыптастыру үшін іргетас болуға тиіс. Осының негізінде, нақ осы орта мектеп жасы білім алушылардың құқықтық білімі жүйесін қалыптастыруда шешуші фактор ретінде қаралады, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары, бостандығы мен міндеттері олардың өзегі болып табылады.
Барлық тұтастай мектебі әлеуметтік білім беру және тәрбие жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жөніндегі ақпаратты алуы және ұсыну тәсілдері болуы мүмкін, олар сынып сағаттары, әртүрлі адамдармен (құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, саясаткерлермен, мемлекеттік қызметшілермен) әңгімелесу; дәрістер; күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі нысандарына қарсы тұру тақырыбына пікірсайыстар, пікірсайыстар; іскерлік ойындар; сабақтарда және факультативтік сабақтарда азаматтықпен және патриотизммен, мораль және руханилық ұғымдармен байланысты проблемаларды талқылау; кино материалдар көру және т.б.
Бұл ретте негізгі екпін қалай көп білуге емес қалай мейлінше дұрыс бағалауға жасалуының маңызы зор. Білім алушыларға бұл саладағы білімді тереңдетуге және нақтылауға мүмкіндік беретін үлгілік сұрақтар мен тапсырмалар, шығармашылық жұмыстардың тақырыптар және т.б. ұсыну да маңызды. Олар сабақта үй тапсырмасы ретінде талқылау үшін ұсынылуы мүмкін, өйткені олар қосымша әдебиетпен, Интернет ресурстарымен және т.б. жұмыс істеуді талап етеді.
Тақырыптарды зерделеу кезінде мұғалім мағыналық екпіндерді дұрыс қоя білуі, оқушылардың сыбайлас жемқорлық проблемасына қатынасын айқындауы, олардың құқықтық сана-сезімі мен жүріс-тұрысын қалыптастыруы қажет. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін құқықтық санасезімді қалыптастыру бұл кезеңдегі негізгі міндеті болып табылады. Алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру кезінде қоғамдық өмір таптаурындарын ескеретін қызметтің топтық түріне (имитациялық және іскерлік ойындар) назар аударған жөн.
Мұндай тәрбие шараларында білім алушылар сыбайлас жемқорлыққа қолайлы жағдайларды көре-білуді, күнделікті өмірдегі этикалық ауытқушылықтар мен құқық бұзушылықтарды айқындауды, сондай-ақ оларды жою үшін мүмкіндіктерді іздеуді үйренуге тиіс.
Сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекет үшін қаупі туралы білімі бар азаматтың тұлғасы, сыбайлас жемқорлық көріністерін өз азаматтық құқықтарының бұзылуы ретінде қабылдайтын және бұл құқықтарды қорғауға дайын тұлға жоғарыда аталған барлық әрекетердің нәтижесі бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет