Лекция тезисі тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Сыбайлас жемқорлық адамның құқықтарын бұзу факторы ретінде



бет41/72
Дата08.02.2022
өлшемі235,58 Kb.
#123658
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72
Байланысты:
Ëåêöèÿ òåçèñ³ òà ûðûáû Ñûáàéëàñ æåì îðëû ûìû

4. Сыбайлас жемқорлық адамның құқықтарын бұзу факторы ретінде.
Бұл тақырыптағы материалдар уәкілетті органдар өкілдерімен сұхбат, мемлекеттік органдардағы парақорлық пен жебірлік фактілері туралы мақалалар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына түсінік беретін талдамалық материалдар түрінде беріледі, ақпараттық сипатта болады және олар халықтың, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс қатынасын қалыптастыруға бағытталады. Жұмыс нәтижелері республикалық және жергілікті «Астана», «Қазақстан» телеарналарында, «Литер», «Орталық Қазақстан», «Караван», «Взгляд на события», «Юридическая газета» және т.б. газеттерде жарияланады. Баспа басылымдарының беттері мен электрондық БАҚ-та жарияланатын материалдардың басым бөлігі прокуратура органдары мен құқық қорғау органдарының іс-қимылдарына арналған, сондай-ақ Тәртіптік кеңестің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің болып өткен отырыстары және өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумдар туралы ақпаратты қамтиды. Тұтастай алғанда, Қазақстанның мемлекеттік органдарының халықтың сыбайлас жемқорлыққа төзімсіз қатынасын қалыптастыру және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылын БАҚ-та жариялау бойынша белсенді қызметін оң бағалаған жөн.
Халықтың сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабардар болушылығын арттыру, елде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету БАҚ-тың белсенді қызметінің нәтижесі болып табылады.
БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласындағы қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында:
– мемлекеттік органдар қызметінің ақпараттық ашықтығын және оған азаматтар мен қоғамдық бақылау институттарының еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету;
– қоғам мен азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілетін іс-шаралар туралы хабардар болушылық деңгейін арттыру;
– БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мәселелерін көрсетудегі рөлі мен олардың қатысуын жоғарылату;
– қазақстандық қоғамның қоғамдық бақылау органдарының мемлекеттік органдардың жария есептерінде көрсетілетін мәліметтердің, тікелей жұмсалатын бюджеттік қаражаттың анықтығы үшін жауапкершілігін арттыру;
– сыбайлас жемқорлық бойынша және бюджеттік қаражатты талантаражға салуға кінәлі адамдарды жазалай отырып, тергеп-тексеру нәтижелерін міндетті түрде БАҚ-та жариялау арқылы жүйелі тергептексеру жүргізу қажет. Бұқаралық ақпарат құралдарының сыбайлас жемқорлыққа және сыбайлас жемқорлық қатынастарына қарсы тиімді іс-қимылдың негізгі шарттары:
– барлық деңгейдегі басшылардың сыбайлас жемқорлықтың әрбір жарияланған фактісі бойынша дереу ден қоюы (3 күн ішінде) және қатал тыю шараларын қабылдауы;
– сыбайлас жемқорлықтың қазіргі шынайы болмысының жіті мәселелері мен проблемалары және сыбайлас жемқорлықсыз өмір сүру тәсілдерін іздеуге жәрдем көрсету бойынша қоғамдық пікірталас өткізу және оны ұйымдастыруға жәрдемдесу;
– мемлекеттік басқару органдары мен бизнестің қоғам мен қоғамдық бақылау үшін ашықтық деңгейін жақсартуға және ұлғайтуға жәрдемдесу;
– тиісті мемлекеттік қорғау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл мәселелерін жазатын кәсіби журналистерді оқыту және олардың пулын қалыптастыру.
Осылайша мемлекеттік органдардың қоғаммен нақты өзара ісқимылы және ынтымақтастығы бұқаралық ақпарат құралдары жұмысы тиімділігінің басты шарты болып табылады. Ал қоғамдық бақылау БАҚтың тиімді қызметінің негізгі талабы екені анық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет