Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдің құбылысы ретінде. Жоспары: 1. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмір құбылысы және сыбайлас жемқорлық мінез-құлық ретінде.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісінде реттеуші рөл атқара алатын діни және өзге моральдық нормалар.
3. Өнегелік және сыбайлас жемқорлық антипод ретінде.
4. Сыбайлас жемқорлықтың және оның көріну нысандарының себептері.
1. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмір құбылысы және сыбайлас жемқорлық мінез-құлық ретінде. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдің құбылысы ретінде. Сыбайлас жемқорлықты феномен ретінде қоғамдық санадан, оның белгілі бір әлеуметтік жағдайларда қалыптасуы мен өзгеру динамикасынан бөліп қарастыруға болмайды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды тергеу, кінәлілерді жауапкершілікке тарту – мамандардың ісі, бірақ осы жұмыстың нәтижелері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдің туындау себептеріне қатысты еліміздің әрбір азаматының өзіндік жеке пікірі болуы тиіс. Ол өзінің жеке бағдарларын, адамгершілік ұстанымдарын, діни идеяларын басшылыққа алуы тиіс, сондықтан оның сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері туралы түсінігі нормативтік және ғылыми дефинициялардан ерекшеленуі мүмкін.
Қоғамдық өмірдің жағымсыз құбылысы ретінде сыбайлас жемқорлық қоғамдық айыптауды туындатады, алайда әртүрлі әлеуметтік топтарда оларға төзімділік дәрежесі бірдей емес. Өмірінде сыбайлас жемқорлық фактілерімен ұшырасқан әрбір адам оны азамат пен мемлекет өкілі арасындағы өзара қарым-қатынаста, азаматтардың өз арасында және бизнес саласында орын алмауы тиіс қоғамдық зұлымдық ретінде бағалайды. Моральдық нормалар мен олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы рөлі. Адамзат өркениеті тарихында діни ілімге негізделген мораль нормалары тұлғаның қалыптасуында маңызды рөл атқарады.