1993-1995 жылдары жүргізілген екінші кезеңде мемлекетсіздендірудің бастамашылық қағидаларынан бас тартылды, монополияларға қарсы шаралар қолданылды. 1994 жылы Министрлер кабинеті бекіткен кестеге сәйкес 426 аукцион-конкурс өткізіліп, 4374 объект сатуға шығарылды. 1995 жылы олардың 2630-ы сатылды. 1995 жылға дейін 9 аукцион өткізіліп, 532 кәсіпорын сатылды. Олардың 409-ы толық сатылып, 108 кәсіпорынның акциялары ішінара өтті. Ал, 15 кәсіпорынға мүлдем алушы шықпады. 1993 жылы белгіленген бағамен 414,7 миллион теңге тұратын мемлекет меншігі сатылды.
Үшінші кезең – 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар «Жекешелендіру туралы» Жарлық қабылдаудан басталып, 1999 жылға дейін жалғасты.Үшінші кезеңде «Макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы» қабылданды. Ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетуді көздеді. Тұрақтандыру бағдарламасы нарықтық экономика инститтуттары мен инфрақұрылымды дамыту, халықаралық стандарттарға сәйкес екі деңгейлі банк жүйесін жаңғырту, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру, қатаң ақша-несие және нысапты бюджет-салық саясатын жүргізу, ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына қол жеткізу, атаулы жалақыны, берілетін несиелерді шектеу және ақша массасының қатаң көлемін (11722 млн. теңгеден аспайтын) белгілеу мақсаттарын алға қойды. Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңінен тартылды. Нарықтық құрылымдарды дамытуға көңіл бөлінді.
Үшінші кезең – секторлық бағдарламаларға көшу. Бұл кезде жекешелендіру электр энергетикасы мен мұнай-газ саласын қамтыды. Кәсіпорындар соны серпінде дамып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Адамдар тұрақты жалақы ала бастады.