Лекция тезистері №1 Лекция. Пәнге кіріспе



бет18/20
Дата17.02.2022
өлшемі211,06 Kb.
#132254
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
тарих

Бақылау сұрақтары:
1. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы
2. Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы және оның нәтижелері. 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Астана қаласында өткен ЕҚЫҰ Саммиті - жаһандық оқиға
3. Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуының перспективалары.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.
2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б.. – Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.
3. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl Orda, 2015. – 328 стр.
4. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.
5. Артыкбаев Ж.О.; Раздыков С.З. История Казахастана: Учебник. – Астана: Фолиант, 2007. – 344 с.

14 Лекция. Н.Ә. Назарбаев – тарихтағы тұлға


1. Бірінші Президенттің бастамалары мемлекеттің жаңғыру жолында
2. Қазақстан Президенті Нұрсултан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы - қазақстандықтар үшін маңызы
3. Егеменді елдің қалыптасуының кезеңдері «Тәуелсіздік белестері» атты еңбегінде.

1. ХХ ғасырдың 90 жылдары КСРО-ның ыдырауы, орталықтың тиімсіз басқару уақыты ғана емес, бұл азық-түлік пен киім-кешектің қалың жұртшылыққа тапшы кезеңін де айқындады. КСРО кеңістігінде ұлтаралық жанжалдардың орын алған кезеңі болғандығы да мәлім. Адамдардың бойын қорғансыздық, дәрменсіздік сезімі жайлағандығы да шындық. Кезінде Қазақстанға күштеп қоныс аударылған немесе жұмыс іздеп келіп, орнығып қалған этникалық топ өкілдері өз Отандарына мың-мыңдап орала бастады. Осындай саяси белгісіздіктің, экономикалық күйреудің, қаржылық былықтың ауыр жағдайында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдің жарқын болашағына жол сілтеді. Елдің ертеңгі күніне деген сенімділігін оятты. Алаш ардақтыларының бірі Міржақып Дулатұлы «Жұрт болудағы мақсат – осы күнгі тірі жүрген адам баласына ғана емес, кейінгі нәсіл-нәсіп, үрім-бұтақтың кем-қор болмауы үшін керек зат. ...Біздің жұрт осыны ойлау керек» дегендей, Нұрсұлтан Әбішұлы ескі жүйенің күйреу жағдайында жаңа социумды – зайырлы, демократиялық Қазақстанды құру секілді аса күрделі, бүгінгі ғана емес, кейінгі ұрпақтың қамы жолындағы жауапкершілігі мол жұмыстарды жүйелі бастап, батыл да табанды әрекеттерімен абыроймен жалғастырып келеді.


Саяси жүйенің құрылысы мүлдем жаңа мәнді иеленді: алдымен бір, содан соң екі Палаталы парламент, бірегей Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылып; экономиканың қайта жаңғыру саясаты, ұлттық валюта – теңгені енгізу жаңа сипатқа ие болды. Қысқа мерзімде жекешелендіру жүргізілді. Тұралап жатқан кәсіпорындар аяғынан тұрғызылды. Әрине, қазіргі күні кезінде пайдалана алмай, жіберіп алған сәттер туралы да айтуымызға болады. Бірақ, сол жылдары мемлекет өмірін сақтап қалу, жаңа Қазақстанды құру, экономиканы күйретпей, дағдарыстан амалдап алып шығу, халықтың ашығуына, қоғамдық жанжалдардың орнығуына жол бермеу секілді өзекті әрі кезек күттірмейтін мәселелер алдымызда тұрды. Сол кезге Ата Заңымыздың қабылдануы сәйкес келді. Ел Президенті тарихқа «Бейбітшілік миссиясы» ретінде енген, Семей ядролық полигонын жабу секілді ғаламдық маңызға ие шараларды қабылдады, Қазақстанның кең-байтақ даласының мемлекеттік шекарасы межеленді. Осыған байланысты Қазақстан ядролық қауіпті толық жоюға бағытталған саясатын жалғастыра отырып, ЕҚЫҰ өкілдігіндегі басты басымдықтардың бірі халықаралық қауіпсіздік пен ядросыз әлем үшін ғаламдық қозғалысты құру проблемасын қояды. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, шекараны межелеу аса күрделі әрі өзекті мәселе болып табылады. Тіпті, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания секілді көптеген дамыған мемлекеттердің өзінде шекаралық талас, пікірлер ондаған, бәлкім жүздеген жылдарға созылуда.
Нұрсұлтан Әбішұлы, халықаралық ұйымдарды, ұлы державалардың басшыларымен достық байланыстарын, өзінің жоғары беделін пайдаланып, қысқа мерзім ішінде елімізге Кеңес империясынан мұра болып қалған көптеген өткір де өзекті мәселелердің шешімін таба білді. Қысқа уақыт ішінде Еуразия кіндігінде барлық қазақстандықтардың мақтанышы болған әрі кейінгі ұрпаққа тарихи мұра болар – Астана бой көтерді.
Тарих ғылымына «Қазақстан жолы» жаңа термині енгізілді. Бұл жолдың оңай әрі қателіксіз болмағандығы тұрғысында Президенттің өзі бірнеше мәрте айтқан болатын. Ең бастысы, Қазақстан бүгінгі таңда, өзінің болашаққа деген ұмтылысымен ерекшеленіп отыр.
Әлемдік өркениет тарихында көптеген халықтар және біршама мемлекеттер өздерін сақтап қалса, ал олардың ғасыр қойнауына кеткендері де жоқ емес. Бостандық пен тәуелсіздікті қадірлей білген ел көшбасшылары, саяси элитасы, халқы барлары ғана сақталып қалды. Ауыр жүк және жауапкершілік мемлекеттің негізін қалаған әкелердің, көшбасшылардың иығына артылатындығы анық.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін салушы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екендігін бүгінгі күні әлемдік көшбасшылар мойындап отыр. Осындай пікірмен еліміздің қоғамтанушы ғалымдары және қарапайым қазақстандықтар да келіседі.
1990 жылдардағы және одан кейінгі Елбасы қызметі нәтижесін - тәуелсіз Қазақстанның халықаралық ұстанымын нығайту, ядролық қару-жарақтан бастарту және қауіпсіздік кепілдігіне қол жеткізу, мемлекеттік шекараны бекіту, әлемнің жетекші елдерімен тең қатынасты дамыту, жемісті халықаралық ұсыныстарды жүзеге асырумен мәнді болды.
1991-2000 жылдардағы Қазақстан тарихы - 1990 жылдардағы «өтпелі» дағдарыс уақытынан тұрақты дамудың он жылдығына өту болып табылады. Осы кезеңде қолға алынған шешуші саяси әрекеттер 1990 жылдардың соңында әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыруға, елді реформалауды жалғастыруға және экономикалық дағдарысты жеңуге алғышарттар жасауға мүмкіндік берді.
Бұл уақыт – Президент басшылығымен еліміздің ТМД елдері арасында бірінші болып ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегия негізінде дамуға бет алуы. Осы кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қиыншылықтарға қарамастан тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға – мемлекеттік құрылымдарды Астанаға табысты көшіре білді. Жаңа астананың жан-жақты, қарқынды дамуы басталды.
2001 жылдан бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы тұрақты дамуға бет алды. Бұл кезеңде тәуелсіз Қазақстан толыққанды даму жолына түсті. Қиыншылығы мол 1990 жылдардағы ел басшылығы мен халықтың барлық күш – жігері өзінің жемісі мен оң нәтижелерін бере бастады. 2000 жылдарға тән белгілер экономикалық өсім, қорлардың жинақталуы, тиімді инвестициялық ахуал, халық санының өсуі, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, ғаламдық проблемаларға қарсы тұра білу болды. Осының барлығы Қазақстанның соңғы жылдардағы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысқа төтеп беруіне мүмкіндік берді.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» деген тақырыппен бағдарламалық мақаласы жарық көрді. . Бұған себеп, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталған еді. Шын мәнінде, бізге тарихымызда бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдаудың маңызы зор екені белгілі. Оның үстіне, олар бізді қазақстандық арманымыз – осы ғасырдың ортасына қарай әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына қосылу арманымызға жетелейтіні анық.
Қазіргі таңда қоғам арасында Елбасының «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы - Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталғандығын атап өтті.. Соның ішінде бес институттық рефор­маның ең негізгісі – бірлігі жарасқан ұлтымыздың негізі мен бірегейлігін қалыптастыру. «Ұлттың бірлігін нығайтудағы қандай іс-әрекеттерді және қандай жоспарларымыз бар екенін атап өтті. Қазақстан биылғы жылы өз тәуелсіздігінің жиырма жеті жылдығына аяқ басты. Осы жылдар ішінде жүзден астам ұлттар мен ұлыстар мекендеген кең-байтақ Қазақстан өзінің ғасырлар бойы жинақтап келе жатқан құндылықтарын басым еткізіп, өтпелі кезеңді бастан кеше отырып, экономикасы нығайған мемлекетті нық аяқтан тұрғызды». Қазіргі таңда әлемде көптеген қауіп-қатерлердің орын алып отыр. Соның ішінде экономикалық дағдарыстар мен әскери қақтығыстар орын алып отырғандығына да назар аудартты. Осы тұрғыдан келгенде Елбасы ең басты құндылық ретінде елдің бірлігі екендігін де ескерте кетіпті.
Біздің татулығымыз деп рефор­малардың ішінде бірегейлік және бірлік деген бағыт. Осы бағытты қалып­­­тастыру үшін екі негізгі тетік қалып­тасқан.
«Біріншіден, Қазақстан халқы Ассамб­леясы институты. Жүзден астам этнос­­­тық топтар тұратын Қазақстан жері олар­дың нақты Отаны. Бұл жерде «Бір ел – бір тағдыр» деген ұстанымымыз бен бірлігімізді сақтап келе жатқан елміз. Бүгінгі таңда соны мақтан етеміз.
Екіншіден, бұл жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясы. Елбасы осы идеяны 2012 жылы бірінші рет айтқан еді». Соның ішінде, негізгі елдің құндылықтарын дәріптеп, болашақтан «Мәңгілік Ел» ұрпағын қазірден бастап тәрбиелеу үшін қандай жоспарларды жүзеге асыруымыз керектігі де нақты көрсетіліпті. Әсіресе, үштілдік білім жүйесіне ауысу жайы да назардан тыс қалмаған. Осы орайда сарапшы әлеуметтік, тіпті, мемлекеттік қызмет саласының ішінде де ешқандай нәсілдік, этностық қатыстығына қарамастан елімізде Конституциямен бекітіл­ген қазақстандықтардың барлығы­­­ның да мүмкіншіліктері бар деген қағидаты сақталған.
Елбасы өз мақа­ласында елімізде жүріп жатқан қарқынды модернизациялау процесінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген ең дамыған елдердің отыздығының қатарына кірумен ұштасып жатқандығына және ол былтырдан бері іс жүзінде жүзеге асып жатқандығына ден қойды. «2015 жыл бүкіл елімізге Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы бары­сында «Үлкен ел –Үлкен отбасы» бағдар­ламасы басталып кетті. Сонымен қатар, жаңа әлеуметтік жобалар да іске асырылып жатыр. Жалпы, елдегі тұтастықты және бірлік­ті нығайту – басты мақсат. Негізі бірегей­лік азаматтық негізінде қалыптасуы және нығаюы керек деген Елбасының тапсыр­ма­сы осы құжаттар арқылы іске асы­ры­луда», деді. Соны­мен қатар, бірегейлікті және бірлікті нығай­ту мен дамыту тұжырымдамасы,
Қазақ­стан халқы Ассамблеясының даму тұ­­жырым­дамасы осы өткен жылдың соңғы күн­дері бекі­тіліп, үстіміздегі жылдың қаң­тары­нан бастап жүзеге асырылуда екені де аталды.
Атап айтқанда, Жо­ғарғы заң шығару органы тарапынан қабылданған 59 заң экономиканың жаңа көрсеткіштермен дамуына негіз қалап отыр. Әсіресе, Елбасы мақаласында шағын және орта бизнеске, жалпы кәсіпкерлікке ерекше ден қойылғандығы ерекше атап өтті. Елімізде жүргізіліп отырған реформалар халықаралық қоғамдастық тарапынан бағаланып, елімізде іскерлік белсенділікті арттыру бағытында жеке бастамаларға қолдау білдіріліп, инвестициялық тартымды елге айналдыру бағытында бірқатар іс-шаралар қолға алынуда.
3. «Тәуелсіздік белестері» - Қазақстан халқына, қoғамымыздың бoлашағы мeн мeмлeкeтіміздің мұраты хақындағы өзімнің пайымдауымды жoлдауы. Бoлашаққа қoл жeткізіп, өз мұратымызды іскe асыруға жәрдeмдeсe алады-ау дeгeн сeнім ұялататын стратeгия ұсынды. (Жібек Жолы,2012). Егеменді елдің қалыптасуының кезеңдері, механизм қағидағасы мен қозғаушы күштердің дамуы, модернизацияның 3 толқыны, 30 елдің қатарына ену мақсатында бағытталған жаңару мәселесі қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет