Лекция тезистері №1 Лекция. Пәнге кіріспе



бет17/20
Дата17.02.2022
өлшемі211,06 Kb.
#132254
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
тарих

Бақылау сұрақтары:
1. 1997 жыл - Ұлттық бірлік және жаппай саяси жазалау құрбандарын еске алу жылы
2. Елбасының «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулерге бағытталған бағдарламасының жаңа тарихи сананы негіздеудегі маңызы. 
3. Байырғы Қазақ қоғамындағы батырлар мен билер институтын және қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениетін зерттеудегі үдерістер
Әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.
2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б.. – Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.
3. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl Orda, 2015. – 328 стр.
4. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.
5. Артыкбаев Ж.О.; Раздыков С.З. История Казахастана: Учебник. – Астана: Фолиант, 2007. – 344 с.

13 Лекция. Қазақстан – замануи әлем мойындаған ел


1. Әлемдік қоғамдастықтың егеменді Қазақстанды тануы, БҰҰ-ға қабылдануы
2. Қазақстан Республикасының бітімгершілік миссиясы
3. Әлем мен ЕурАзЭҚ елдерінің жаһандық энергетикалық және қауіпсіз экологиялық дамуы мәселелерін шешу

1. Қазақстанның дербес сыртқы саясатын жүргізу алғышарттары егемендіктің қалыптасуымен қатар жүрді. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесі елді алғаш рет халықаралық құқықтың субьектісі деп анықтаған «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» қабылдады. Бұл тарихи құжатта: «Қазақ КСР-нің халықаралық қатынастардың дербес субьектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге, дипломатиялық және консулдық өкілдіктер алмасуға, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар», – деп жарияланды. Қысқа тарихи кезеңде, 1990 жылдардың басында Қазақстан сыртқы саясатта айшықты жетістіктерге жетті. Қазақстанның егемендігін әлемнің барлық елдері және халықаралық ұйымдар мойындады, көпвекторлы сыртқы саясат қалыптасты, әлемдік қауымдастықтағы беделі артты, екіжақты байланыстар дами бастады.


Қазақстан Республикасының Президентінің бастамасымен ұсынылған ынтымақтастық жобалары үлкен резонанс тудырды, елдің халықаралық аренада қолайлы имидж қалыптастыруына жағдай жасалды. Қазақстанды әлемнің 120 елі таныды. Алматы және Астанада 70-тен астам елшілік пен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері тіркелді. Әлемнің 150-ден астам елінде Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері ашылды және 70 халықаралық ұйымның мүшесі атанды. Мемлекет басшылығы сыртқы саясат арқылы жетекші елдердің қолдауына сүйеніп, саяси-экономикалық, ивестициялық байланыстарын кеңейтуге жағдайлар жасады. Қауіпсіздік мәселесі маңызды орын алды. Президенттің өзін тәуелсіз елдің саяси көшбасшысы ретінде көрсеткен алғашқы мәселесі ядролық мұра туралы болды. Бұл ретте 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлық шығарылды, ал 1994 жылы 5 желтоқсанда Будапештте ЕҚЫК-ның кеңесінде Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың депозитарийлері – Ресей, АҚШ, Ұлыбритания тарапынан Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігі туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстан Президентінің «Қазақстан – 2030» Жолдауында атап көрсеткендей, «қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басымдық біздің сыртқы саяси қызметке және Қазақстанның оның көршілермен, әлемнің жетекші елдерімен өзара тиімді берік қатынас орнатуына» бағытталды.
Қазақстан 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ мүшесі болды, ал сол жылдың 15 маусымында Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты Өкілдігі құрылды. Қазақстан БҰҰ мүшесі болған 168-ші мемлекет. Қазіргі таңда ұйымның құрамынада 193 мемлекеттің бар екені белгілі. БҰҰ-мен және оның жүйесіндегі ұйымдармен ынтымақтастық жүргізу біздің мемлекетіміздің сыртқы саясатының басым бағыттарының біріне айналды.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамаларында (1995, 2000, 2005 жж. қабылданған) еліміздің сыртқы басымдықтары айқындалды. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында үш мәселеге ерекше назар аударды: біріншіден, басқа елдермен, соның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Европа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету; екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс орнатып қана қоймай, сонымен қатар олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу; үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.Міне, осы бағытта 90-жылдардан бері еліміздің сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды.
Қазақстан бірқатар жағдайларға байланысты әлемдік қауымдастықтың қызығушылығын тудырады: біріншіден, құрылықтағы геосаяси орналасу ерекшелігі; екіншіден, ұлттық бірігу, толерантты этносаралық диалогтың үлгісі жүзеге асқан ел; үшіншіден, бай минералды ресурстарға ие мемлекет, мұнай, газ, көмір қоры бойынша әлемдегі көшбасшы елдің бірі, ірі астық экспорттаушы.
2. Еліміз соңғы жылдары БҰҰ аясында бітімгершілік миссияларына қатысып келеді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі баяндамасында Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміздің бейбітшілікті қолдау жөніндегі іс-қимылдарды одан әрі дамытуға дайын екендігін танытқан болатын. Бейбітшілікті сақтау жөніндегі ұстанымды алға тарта отырып, Қазақстан бейбіт реттеу және тікелей пікіралмасуды жүзеге асыру жөніндегі аймақтық және халықаралық жобаларға ерекше үлес қосады.
Қазақстан сыртқы саяси басымдықтары жүйесінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы бастаманы іске асыру айрықша орын алады. Кеңесті шақыру жөніндегі идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 1992 жылғы қазанда өткен БҰҰ Бас ассамблеясының 47-сессиясында ұсынған болатын. Қазақстан басшысы бастаманың негізгі мәні әлемнің өзге өңірлеріне қарағанда әлі тиісті тетігі қалыптасып болмаған Азияқұрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ықпалды әрі әмбебап құрылымын қайта құруға деген ұмтылыс екенін атап көрсетті. Бастапқы кезеңнің өзінде АӨСШК идеясы құрлықтағы саяси ахуалға ықпал ете алатын халықаралық ұйымдар мен бірқатар Азиялық мемлекеттер тарапынан қолдау тапты. Бастаманы іске асыру барысында 1993-1994 жылдары Азия елдері сыртқы істер министрліктері сарапшыларының үш кездесуі өткізілді. Осы кездесулер қорытындыларында Кеңес құжаттарын әзірлеумен айналысатын Арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
Тәуекелдердің жа­һандық сипаты мен ХХІ ғасыр­дың қауіп-қатерлері әлемдік қауым­дастықты үнқатысу арқылы оларға қарсы тұратын жауап іздеуге мәжбүрлейді. Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан Қазақстан мұн­дай үнқатысулардың өзекті­лі­гі­не барынша мұқтаж. Біз нағыз қауіпсіздік тек барынша кеңей­тіл­ген бірлескен іс-қимыл арқылы ғана табылатынына сенімдіміз. Осы бағытты берік ұстанған Қазақстан өз тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бас­тап аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға жүйелі түрде күш-жігер жұмсап келеді. Біздің ел ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, Орталық Азияны жаппай қырып-жоятын қарудан азат аймақ деп жариялау бастамасын көтерді. Қазақстанның осы үлгісі бүгінгі күні жойқын қарудың таралу ауқы­мы кеңейіп, оның халықаралық террористік ұйымдардың қолына түсу қаупі туып тұрған шақта аса өзек­ті болып табылады.
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық ТМД кеңістігіндегі ең дамыған аймақтық бірлестіктердің бірі. Аталған аймақтық бірлестік жұмысына қатысу Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарының бірі болып табылады. 2003 жылғы желтоқсанда ЕурАзЭҚ БҰҰ Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды, бұл осы интеграциялық бірлестікті дүниежүзілік қоғамдастық танып отыр дегенді білдіреді. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің өзара ықпалдастығы тауарлар аталымының басым көпшілігі бойынша ортақ кеден тарифтері енгізілген, тарифтік емес реттеу бойынша келісілген шаралар жүзеге асырылып жатқан, үшінші елдерге қатысты ортақ сауда режимдері қалыптастырыла бастаған кезеңге жетіп отырғанын атап өткен жөн. Біртұтас кеден аумағын құру басталды. Гуманитарлық салада біздің елдеріміз азаматтарының білім, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету салаларындағы қажеттіктерін неғұрлым толығырақ қанағаттандыруға мүмкіндік беретін бірқатар нақтылы бірлескен қадамдар жасалды. ЕурАзЭҚ құру туралы шартқа қол қойылған сәттен бері ЕурАзЭҚ құру туралы шарттың нормалары мен қағидаларын нақты толықтыру, Қоғамдастықтың басқару органдарын құру және олардың қызметін реттейтін құжаттарды әзірлеу, жаңа халықаралық ұйымның лауазымды тұлғаларының құқықтық мәртебесін, артықшылықтары мен иммунитеттерін бекіту, олардың өз міндеттерін тиімді жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша халықаралық-құқықтық жұмыстың едәуір көлемі атқарылды. 2003 жылғы 27 сәуірде Душанбе қаласында болған ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесі барысында (мемлекет басшылары деңгейінде) ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы іс ахуалы және интеграциялық ынтымақтастықты жеделдету жөніндегі ұсыныстар туралы» баяндамасы қаралды, ол Қоғамдастықтың таяу болашақтағы негізгі мақсаттары мен міндеттерін белгілейді. Осы баяндама негізінде Тараптар ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер басшыларының 2004 жылғы 9 ақпандағы №152 шешімімен бекітілген «2003-2006 және одан кейінгі жылдарға арналған ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттарын» және «2003-2006 және одан кейінгі жылдарға арналған ЕурАзЭҚ дамуының басым бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шараларын» әзірледі. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер осылайша Қоғамдастық шеңберіндегі интеграциялық процестерді одан әрі тереңдету мақсатында бұдан былайғы қадамдап жүретін іс-қимылдарын айқындады. 
Жаңа онжылдықтың басы ЕурАзЭҚ пен ТМД жəне басқа да интеграциялық бірлестіктер сияқты экономикалық жəне саяси кеңістіктердің жаңа үйлесімді құрылымдарының қалыптасуына бастау берген оқиғамен байланыстырылып отыр. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Белоруссия, Қазақстан жəне Ресей арасында құрылған Кедендік одақ өзінің іс жүзінде жұмысын атқару кезеңіне қадам басты. Жаңа Одақ Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың 1994 жылдың наурыз айында М.В. Ломоносов атындағы Мəскеу Мемлекеттік университеті қабырғасында айтқан тиісті институттық құрылымы бар Еуразиялық кеңістік құру туралы бастамасының жүзеге асуының нəтижесі деп айтуға толық негіз бар. Бұл бастама, Елбасының басқа да идеялары тəріздес, əлемдік тəжірибені зерттеу, тиісті жағдайды мұқият сараптау жəне экономикалық мақсаттар негізінде өмірге келді. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметтерін либерализациялау сыртқы рынокка шығушы кəсіпорындардың, ұйымдардың жəне мекемелердің, сондай-ақ жекелеген кəсіпкерлердің шеңберін кеңейте түсті. Осыған байланысты халықаралық тауарлар, жұмыстар, қызметтер, ақпараттар, санаткерлік қызмет нəтижелерін алмасу салаларында мемлекеттік реттеудің ролі де елеулі өсе түсуде. Сонымен қатар, «Қазақстанның БСҰ-ға кіруі жолындағы келіссөз үдерісі тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Республиканың сыртқы сауда режимін реттейтін заңдарының едəуір бөлігі қазірдің өзінде БСҰ нормаларына сəйкес келтірілді немесе парламентте талқылануы үстінде. Еліміздің осы халықаралық ұйымға енуі Қазақстанның дүниежүзілік рыноктағы бəсекеге қабілеттілігін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін», деп Қазақстан Республикасының Президенті ел халқына жолдауында атап өткен болатын.
Алдымен Кедендік одақ, содан кейін Бірыңғай экономикалық кеңістік құру - ауқымды əрі күрделі үдеріс. Ол үкіметтер арасындағы ықпалдастық пен үйлестіруді күшейтуді, əсіресе мүше мемлекеттердің кедендік, салық, көлік жəне басқа да құрылымдарының ықпалдастығын қажет етеді. Кедендік одақты жəне жалпы экономикалық кеңістікті қалыптастыру – бұл үкіметтердің, əсіресе кедендік, салықтық, көліктік жəне оған қатысушылардың басқа да мекемелерінің өзара əрекеттесуі мен үйлесімділігін нығайтуын талап ететін, қиын, көп жоспарлы үдеріс болып табылады. Сол себепті де Кедендік одақтың комиссиясы құрылды жəне оның шешімі барлық қатысушыларға міндетті болып табылады. Кеден одағы жұмыс күшінің еркін айналымын, технология алмасуды, сауда жасауды жеңілдетеді.
2003 жылғы 19 қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина басшылары Біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы Келісімге келіп, оның Тұжырымдамасына қол қойды. Ол Достастық кеңістігінде экономикалық интеграцияның жаңа оңтайлы жолдары мен тәсілдерін қарастырудың нәтижесінде жүзеге асырылды. Осылайша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері Жалпы ішкі өнімінің 90% үлесіне ие экономикалық дамыған 4 ТМД мемлекеті интеграцияның жаңа сапалы әрі жоғары деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады. Қол қойылған құжаттар тек экономикалық сипатқа ие. Олар инфрақұрылымдық жүктемені төмендетуге бағытталған. Ал бұл өз кезегінде ортақ кеңістікте тауар өндірушілердің өзара қарым-қатынасын жеңілдетіп, бәсекелестік қабілетін көтереді. Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру туралы келісімде және Тұжырымдамасына енген интеграциялық үлгі әлемдік экономиканың қазіргі заманғы талабына жауап беріп, әлемдік шаруашылықтың ғаламдану үрдісіне енеді.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) 1992 жылғы 15 мамырда қол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт негізінде құрылған халықаралық қауіпсіздік саласындағы халықаралық өңірлік ұйым болып табылады. ҰҚШҰ-ға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан, Армения елдері мүше. Ұйымның мақсаты бейбітшілікті нығайту, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау, ұжымдық негізде ҰҚШҰ мүше елдерінің тәуелсіздігі, территориялық тұтастық пен егемендігін қорғау болып табылады. Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесі - ҰҚШҰ-ның жоғарғы органы. Кеңес Ұйым қызметінің принципті мәселелерін қарап, оның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған шешім шығарады, сондай-ақ бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін ұйымға мүше елдердің бірлескен іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы əртүрлі халықаралық құрылымдармен берік əрі тығыз байланысты дамыту жəне тереңдету Қазақстанның көпвекторлық сыртқы саясатына сəйкес келеді. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауында халықаралық ұйымдармен өзара тиімді серіктестікті дамыту жолындағы мемлекет алдында тұрған едəуір перспективті жəне ұзақ мерзімді міндеттер белгіленген болатын.
Қазақстанның əскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің қорғаныстық бағыттылығын айқындайтын жəне кез келген мемлекетаралық қайшылықтар мен қақтығысуларды шешудің əскери емес шараларына мемлекетіміздің принципті бейімділігін растайтын жаңа Əскери доктринасында халықаралық құқық нормалары негізінде əскери қақтығысуларды болдырмау, республиканың халықаралық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайту ісінде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы, Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Солтүстік Атлантика шарты ұйымы (Іс-қимыл серіктестігінің жеке жоспары жəне “Бейбітшілік жолындағы серіктестік” бағдарламасы аясында), Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ұйым форматтарында мемлекеттермен ынтымақтастық жасайды деп атап көрсетілген болатын. Солтүстік Атлантикалық Одақпен (НАТО) сындарлы ықпалдастықты дамыту Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының стратегиялық бағыттарының біріне жатады. Қазақстан өзінің қорғаныс қабілеттілігін арттыру жəне аймақтық қауіпсіздікті нығайту мақсатында НАТО-мен тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Қазақстан жəне НАТО арасындағы ынтымақтастықтың дамуын аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды құраушы ретінде қарастырамыз, сонымен қатар еліміздің бұл ұйыммен орнатылған серіктестігінің даму деңгейі қауіпсіздіктің əскери жəне əскери емес аспектілерін жетілдіру мəселесіне қатысты біздің талпынысымызды көрсетеді. НАТО-мен саяси диалогті дамыту өте маңызды болып табылады, өйткені бұл Орталық Азия талаптары мен оның ерекшеліктерін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Қазақстан өзінің Ресей, ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға берген əскери-саяси міндеттемелеріне байланысты НАТО-мен тығыз ықпалдастығын прагматикалық жəне теңдестірілген тұрғыда дамытып, өзара тиімді серіктестікті орнату мақсатын көздейді.
Қазақстан НАТО-ның ірі əскери, техникалық жəне экономикалық əлеуетін пайдалану арқылы өзінің ұлттық қауіпсіздігін нығайта отырып, ұйыммен орнатылған серіктестікті қауіпсіздіктің халықаралық жүйесіне интеграцияланудың мүмкіндігі ретінде қарастырады. Республиканың қазіргі таңдағы басымдықтарына сəйкес келетін əскери-қорғаныс, қарулы күштерді қайта жарақтандыру, лаңкестік қауіптеріне қарсы тұру, шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ғылым мен экология салаларындағы НАТО-мен өзара тиімді жəне тең құқықты серіктестікті орнату Қазақстан саясатының басты мақсаты болып табылады. Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық Одақ НАТО-ның əскери-саяси жүйедегі кең ауқымды бірлескен əрекетін қамтитын «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы аясындағы серіктестер болып табылады. 
3. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық –2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кедендік Одаққа қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған ЕурАзЭҚ құру туралы шартқа сәйкес құрылды. ЕурАзЭҚ бастауы 1994 жылы Чолпан ата қаласында (Қырғызстан) Орталық Азия Одағы шеңберінде өткен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекет басшыларының кездесуінде Біртұтас Экономикалық кеңістікті құру туралы қабылданған шешіммен байланысты.
ТМД шеңберінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қалыптасуы Достастық елдерінің ықпалдастықтың жаңа деңгейіне ұмтылатындығын көрсетті. Сондай-ақ, ТМД-ның ішкі мәселелері де ықпалдастықтың жаңа деңгейін қажет етті.
Бұл ұйымға Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Молдова республикалары мүше, ал Украина бақылаушы мемлекет болып табылады. ЕурАзЭҚ құру негізіне «Кедендік Одақты және Біртұтас Экономикалық кеңістікті тиімді қалыптастыру» мақсатында қалыптастырылған сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымы алынды. Мемлекетаралық Кеңес, Интеграциялық Комитет, Парламентаралық Ассамблея және Қоғамдастықтың Соты ЕурАзЭҚ-тың басқару органдары болып белгіленді.2000 жылдары экономикалық интеграция мәселесі бойынша динамикалық түрде болды.
2003 ж. мамыр айында БҰҰ ЕурАзЭҚ-ты халықаралық ұйым ретіндемойындады. ЕурАзЭҚ-тың 2003 ж. 27 сәуірде Душанбе қаласында өткен Мемлекетаралық Кеңесінде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы іс ахуалы және интеграциялық ынтымақтастықты жеделдету жөніндегі ұсыныстар туралы» баяндамасы тыңдалды.
Тәуелсіз Қазақстан кеңестік жүйеден кейінгі кеңістікте орналасқан елдермен ТМД, ЕурАзЭҚ ұйымдары шеңберінде экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды қалыптастырды. Бүгінгі күні бұл ұйымдар шеңберіндегі қарым-қатынастың басым бағыттарының бірі көші-қон мәселесін шешу болып отыр. Ал аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруда ҰҚШҰ-ның маңызы зор.
2003 ж. қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттерінің Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) құру туралы келісімге қол қойды. ТМД құрамына кіретін төрт мемлекет ықпалдастықтың жаңа деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады. БЭК қызметіне экономикалық сипат тән. 2004 жылы 20 мамырда БЭК құру туралы заң күшіне енді. 2004 жылы 24 мамырда Ялтада БЭК-тың дамуының басым бағыттарын анықтаған мүше мемлекет басшыларының кездесуі өтті.
ЕурАзЭҚ шеңберінде тәуелсіз Қазақстан экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланысын күшейтті. 2009 ж. маусымда Қазақстан, Ресей және Беларусь үкіметінің басшылары ДСҰ-ға бірыңғай кеден кеңістігі ретінде, яғни Кеден комиссиясы атынан кіру келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылдады. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастапҚазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы Кеден Одағы өз қызметін бастады. 2011 жылдың 1 шілдесінен Ресей, Қазақстан және Беларусьтің ішкі шекараларынан кедендік бақылау алынып, кедендік бақылау мен тіркеудің барлық түрі кедендік белдеудің сыртына шығарылды. Осылайша, Кеден одағы әлемдік өлшемдерге сай: ортақ кедендік территория, ортақ кедендік тариф және Кеден кодексімен іске кірісіп, онда посткеңестік аумақтағы тұңғыш ұлттықтан жоғары орган – Кеден одағы комиссиясы (КТС) жұмысын бастады.2009-2014 жылдары Қазақстанның Кедендік одақ елдерімен сауда айналымы 24 млрд. долларды құрады.
2012 жылдың 1 қаңтарынан Біртұтас экономикалық кеңістік жұмыс істей бастады. БЭК-ті құру – бұл ең алдымен, еркін бәсекелестіктің дамуына мүмкіндік және ортақ кеңістікте инновациялық белсенділіктің күшеюіне жағдай тудыру. Мұндай бәсекелестік тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасын жақсартудың маңызды ынталандырушысы болып табылады. БЭК-ті қалыптастыруда нормалар мен ережелерді бір ізге түсіру мен үйлестіру кәсіпорындарда бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға және оларды дамудың ин­нова­ция­лық жолына салуға қолайлы жағдай жасайды.
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО)–Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылатын одақ. Мүше елдердің парламенттері бектісе, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Еуразиялық экономикалық одақ саяси блок емес, тек экономикалық одақ ретінде құрылды.
2016 жылы 31 - 1 сәуір аралығында Вашингтон қаласында өткен IV Ядролық қауіпсіздік саммитінде Елбасы Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жария етілді.ҚР Тұрақты Өкілдігінің Бас хатшысына үндеуі нәтижесінде Манифест БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды.Саммитте сөз сөйлеген Елбасы Қазақстан ядролық нысандар мен материалдар қауіпсіздігінің деңгейі өте жоғары мемлекеттердің алғашқы жиырмалығының қатарына кіретінін айта келіп, Қазақстанның бүгінгі күні уран қоры және оның кенін өндіру жөнінен әлемдік көшбасшы болып, осы өнімді негізгі экспорттаушылардың бірі екенін атап өтті.Елбасының «мемлекеттердің азаматтық ядролық технологияларға қол жетімділігі тең болуын қолдайды» деуі адамзат санасындағы атомның күші мен құдіреті әуелде сол адамзатты қырып-жоюға бағытталған деген әуелгі сананы өзгерту керектігін меңзегендігі деп ұғынғанмыз абзал.Қазақстан Президенті адамзат баласының баршасына «ХХІ ҒАСЫР: СОҒЫССЫЗ ӘЛЕМ» атты кең ауқымды Бағдарлама қажет деген ой тастады. Сол ойын нақтылы етіп тұжырымдай отырып, Елбасы бұл Бағдарламада негізгі үш басты қағидатты, «қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі», «жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар – ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылуы ықтимал басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді» және де «мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін негіз бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін теңдей жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына негізделген бейбіт үн қатысулар мен конструктивті келіссөздер болуы керек» дегенді алға тартты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет