Лекция тезистері 3 кредит


Өркениетті қоғам дамыған сайын жанұядағы бала саны азайып келеді



бет55/65
Дата07.02.2022
өлшемі311,82 Kb.
#96344
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   65
Байланысты:
Педагогика және тәрбие жұм әд лекция

2. Өркениетті қоғам дамыған сайын жанұядағы бала саны азайып келеді. Аз балалы жанұяда, негізінен бір баласы бар жанұяда, ішкі жанұялық тәрбиенің ең басты жағдайы жоқ, ол -балалар қарым-қатынасы. Бір баланың тәрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата-ананың, әжесі мен атасының артық көңіл бөлуі оны белсенділігінен айырып, оның эгоистік жақтарының басым болуып қалыптастырады.
Толық емес жанұяларда, ата-анасының біреуі жоқ болған жанұяларда тәрбиелік мәселелерді шешуде кейбір адамгершілік-психологиялық ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Мұндай жанұялардың көбінде ана мен бала ғана болады.
Жанұя тәрбиесінің проблемасы – ананың жанұя тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр етеді.
Микроклиматы жағымсыз, жанұя өмірі ұрыс-керіске, ата-ананың бір-біріне, балаларына деген шағымдарына, айқай-шуға, қорлық сөздер мен іс-әрекеттерге толы жанұяларда өте маңызды тәрбие проблемалары туындайды.
Ата-ана құқығынан айрылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтік және педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық құқықтарынан айырғанда балалардьвд мақсат-мүддесін басшылыққа алады. Алайда бұл ретте олардың өмірі өз мәнін барынша жоғалтады, өйткені өмір сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді.
Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, жекеменшіктің пайда болуына, жеке адамның баю мүмкіндігінін тууына байланысты материалдық жағынан ауқатты жанұялар пайда бола бастады. Мұндай жанұяларда тәрбие белгілі бір проблемаға кездеседі. Көбінесе бұндай жанұядағы бала балалық ұжымдардан алшақ болады, оның ерекшелік сезімі қалыптасып, қоршаған адамдарға деген жөнсіз наразылық эгоизмі тууы мүмкін.
Жанұяның жоғары материалдық ауқаттылығы (материалдық жағдайының төмен болуы да) жанұя жұмысын ұйымдастыруда қолаңсыз жағдайлар туғызады. Мектеп жанұя әдістемелерін нақтылап, оның кемшіліктерін түзете отырып, бұл проблемаларды жеңуге тырысу керек.
Осылайша, демократиялық қоғамда ата-ананың бала тәрбиесіндегі қызметі толығымен қалпына келетінін есте ұстауымыз керек. Алайда, қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар бала тәрбиесінде қиыншылықтар туғызып отыр. Ата-ана жанұя тәрбиесінің маңыздылығы баланың құндылық бағыттарын, оның моралдық қасиеттерін калыптастырулары қажет.
Жанұя тәрбиесінің құқықтық негізі. Жанұя тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет-әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқығы туралы конвенция» маңызды негізгі құжат болып табылады. «Балаға, дене жағынан және ақыл-ойының жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиісті құқықтық қорғау керек», – деп жазылган Конвенцияда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет