Қайталау және бекiту сұрақтары:
1. Тiлдесудiң адам өмiрiндегi маңызы қандай?
2. Тiлдесудiң мәнi неде?
3. Тiлдесу процесiнiң қай бағыттарын бiлесiз?
4. Тiлдесу және жалпы iс-әрекет арақатынастары қандай?
5. Сөйлесу қызметiн атқаруға ықпал жасаушы факторлар қандай?
№10Лекция
Тақырыбы: Эмоциялар мен сезімдер
Жоспары:
1.Эмоция туралы жалпы ұғым
2. Эмоцияның негізгі қызметтерi мен қасиеттері
3.Эмоцияның негiзгi түрлерi және формалары
4. Сезімдердің психологиялық сипаттамасы
5. Жоғары сезiмдер
Қысқаша теориялық мәлімет:
1.
Эмоция адамның психикалық өмiрiнде ең алғаш пайда болды және бала эмоцияның
арқасында психикалық өмiрге бейiмделедi. Демек, баланы әлеуметтiк айналамен эмоция ғана бiрiктiредi.
Адамдардың рухани өмiрiндегi ұят, қуаныш, үрейлену, таң қалу т.б. түрлi уайымдар бiр-бiрiн
өзара орын ауыстырумен толықсуын эмоция деп атаймыз.
Эмоция - бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне
пайдалы әртүрлi құбылыстар мен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi. Эмоция
адамдарға қоршаған әлемдi тануға бағыт-бағдар бередi: пайдалы-зияндылығы, негiздi-негiзсiздiлiгi т.б.
Эмоцияналдық бағыт-бағдармен рационалды бағытының ерекешелiгiн қарастыратын болсақ, мынадай
өзгешелiктердi байқауға болады: арнайы оқытуды талап етпейтiн (яғни, туа бiткен), ақпаратты алу
жағдайының шектелу мүмкiндiктерi нашар түсiнбеушiлiктер және қысқа мерзiмдi (жиi тылсым)
ырықсыз бағыт-бағдарлар. Кез келген адамда пайда болатын эмоция оның негiзгi iшкi өмiрлiк сигналы
болып табылады және келесi ойымен әрекетiн басқарып бағдарлайды. Мұның анық себептерi мен негiзiн
жөндi ақылмен түсiнбеуi мүмкiн. Бiрақ олардың дәлдiгiне сенiмдi болуы шарт. Тұлға деңгейiнiң iшкi
сенiмдiлiгi әрқашанда жоғары эмоционалды түрде қалады.
Эмоционалдық құбылыс құрылымында үш компоненттi көрсетуге болады: пәнi, эмоционалды
уайым және қажеттiлiк (мотив-түрткiлер).
Эмоция пәнiне адамның өмiрiнде эмоционалдық уайымдардың тууына байланысты кез-келген
адамға мәндi құбылыстардың көрiнiсi. Олар мынадай болуы мүмкiн: емтиханда алған баға, жұмысқа
кешiгу, табиғат құбылысы, бiреулердiң қылығы және ой-пiкiрлер т.б. Мұндай мағыналы уақиғалар мен
жағдаяттар эмоциогендiк деп аталады. Бұл эмоциогендiк жағдайлар кездейсоқ ойламаған (стихиялық)
немесе бiреудiң көздеген ойынан тууы мүмкiн. Уайымдар эмоция пәнiнiң мазмұнын анықтайды.
Эмоционалды уайымдар эмоционалдық құбылыстардың негiзгi компонентiн құрайды, яғни
адамдардағы эмоциогендiк жағдаяттарда кездесетiн қақтығыстар: түсiнбеушiлiк, шошу, таң қалу т.б.
субьективтi реакциялар туғызады. Эмоционалдық уайымдар адамдарда әрқашан ырықсыз және
ырықты саналы түрде туып отырады. Эмоционалды уайым түрлi деңгейде саналы және адамның iшкi
рухани әлемiн (зейiнiн, ойлауын, есiн, қабылдауын), физиологиялық процестерiн (жүрек қан—
тамырларын, тыныс алу, ас қорыту т.б.) өзгертедi.
Қажеттiлiк эмоционалды құбылыстың үшiншi компонентiн құрайды. Қажеттiлiк адамның iшкi
психологиялық негiзi (көрсеткiштерi) болып бағаланады. Болып жатқан немесе өтiп кеткен
жағдаяттардың мәнi қәзiргi жағдайда өзектi қажеттiлiгiмен белгiлi бiр мөлшерде байланысы,
қажеттiлiктерге кедергi немесе қанағаттандыруға жағдай жасау. Мағыналық әрқашанда
қажеттiлiктермен белгiленедi. Мағыналық жағдайлардың болмауында эмоция көрiнбейдi. Мысалы, аш
адамда эмоциялық уайымдармен байланысты көп жағдаяттар туындайды. Бiрақта сол жағдаяттар тек
тамақ қажеттiлiгiн қанағаттандырғаннан кейiн адамға мағынасы мәнсiз болуы мүмкiн.
Қорыта айтқанда, эмоционалды уайымды адамға мағыналы қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн
және адамның өмiрлiк түрлi жағдаяттарының түрткiлерiне субьективтi реакция болып қарастырылады.
Тұрақсыз әлеуметтiк, экономикалық, саяси, экологиялық жағдай өскелең ұрпақтың және тұлға
дамуындағы әртүрлi ауытқулардың өсуiне бейiмделтедi.
Бiрiншiден, зорлық-зомбылық, ұрыс-тартыс,
қажеттiлiктерiн қанағаттандырмаған жағдайда, криминалды оқиғалар жиi ұшырасқанда адамдарда
эмоционалды шиеленiсу болады. Екiншiден, әлеуметтiк ортадағы жағымсыз, қолайсыз оқиғаларды
көрсету психикалық денсаулыққа, психикалық көңiл-күйге, яғни осы өмiрге деген қорқыныш,
сенiмсiздiк пайда болады. Мысалы, қоғамда қауiптiжағдай кездескен жағдайда, мен өзiмдi осы
жағдаймен күресудiң әдiс-тәсiлдерiн, ыңғайын iздестiруiм керек.
2.
Эмоциялар адамның әлеуметтiк болмысын қамтамасыз ететiн маңызды психологиялық құрал
болып табылады. Сондықтан да олар адамда оның iшкi (жан) дүниесiнiң қажеттi жағы ретiнде пайда
болады және онда өмiр сүредi. Эмоциялар мынадай функцияларды атқарады: бағалаушы, сигналдық,
оятушы және коммуникативтi, сонымен қатар физиологиялық және танымдық процестерге әсер ету
функциясын атқарады.
Эмоциялар адамға оның қажеттiлiгiнiң күйi туралы сигнал берiп тұрады. Бiр нәрсеге деген
мәжбүрлiк өзектiлiгiнен, сәйкесiнше эмоциялық күйзелiстер (ашығу, қызығу) туады. Олар қажеттiлiктер
деп аталады. Қажеттiлiктiң күйiне байланысты күшеюi, азаюы, мүлдем жоғалып кетуi, белгiсi бойынша
қарама-қарсыға ауысуы мұмкiн. Қажеттiлiктiң өмiр сүруiнiң эмоциялық негiзi мен субъективтi
формасын құрайды.
Эмоциялар оятушы фукцияларды да атқарады, яғни белсендiлiктiң қайнар көзi болып табылады.
Эмоциялардың оятушы мүмкiндiктерi тiкелей олардың күшi мен белгiсiне байланысты. Мысалы, бұл
жерде қатты және жай ауруды, үрейдi, ұятты және кез-келген басқа эмоцияларды салыстыруға болады.
Белсендiлiктiң бағыты эмоцияның белгiсiмен анықталады. Жағымды эмоциялар эмоциялық жағдайға
бағытталған әрекеттердi оятады.
Әсiресе қуаныш эмоциясы осы жөнiнде ғалым Р.Х.Шакуров өте жақсы айтып кеткен. Бiздiң
бойымызда қуанышымыз өмiрге деген қызығушылығымызды шақырады және сол арқылы дем бередi.
Қоғамға пайдалы шындық бiздiң бойымызға қуаныш әкеледi.
Жағымды эмоциялар адам өмiр жолын таңдау барысында өмiрлiк бағдар бередi.
Жағымсыз эмоциялар керiсiнше ояту функцияларын орындайды.
Эмоциялар адамның физиологиялық функцияларына өте қатты әсер етедi, себебi эмоция олармен
қосылып ортақ психофизиологиялық жүйенi құрайды. Сондықтан да эмоциялар әрқашанда ағзаның
азды-көптi өзгерiстерiмен бiрге жүредi. Физиологиялық фукнцияларды эмоция арқылы реттеу
мүмкiндiктерi өте көп. Олар әртүрлi бағытта ондаған, жүздеген есе өзгеруi мүмкiн: күшеюi, әлсiреуi,
тiптен толық өшiп қалуға дейiн, жақсаруы, паталогияға дейiн нашарлауы, жылдамдауы, баяулауы және
т.б. Көптеген аурулар және уақытынан бұрын қартаю немесе жасару эмоциялық негiзде пайда болады.
Эмоциялар адамның санасы мен танымдық процестерiне де дәл осылай әсер етедi. Эмоциялардың
әсерiмен олардың мүмкiндiктерi мен фукнциялық сипаттамалары қатты өзгерiске үшырай алады
(жақсарады немесе нашарлайды). Мысалы, адам қатты стрестiң әсерiнен ойлауы, есте сақтауы, зейiнiн
тұрақтандыруы, нашарлауы, өзi әрекеттерiн саналы бақылауының төмендеуi мүмкiн. Эмоциялық
механизмдердiң негiзiнде творчествалық ойлау мен қиял жұмыс iстейдi. Эмоциялық күйде болмаған
оқиғалар бейтарапқа қарағанда жақсырақ есте сақталады.
Эмоцияның бұл функциялық ерекшелiктерiнiң практикалық мәнi маңызды.
Эмоциялар iшкi психикалық процестер болып табылады. Бiрақта олар сырттай жақсы көрiнедi:
мимикадан, көзқарасынан, әрекеттерден, қимылдан, елестен, интонациядан және сөйлеудiң басқа да
ерекшелiктерiнен. Бұл басқа адамдардың эмоциялық күйiн түсiнуге және олармен нәтижелi қарым-
қатынас жасауға мүмкiндiк бередi.
Достарыңызбен бөлісу: |