Оқыту процесiнiң жалпы заңдылықтары:
1. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен əдiс-тəсiлдерi қоғам талабына,
мүмкiндiктерiне, педагогика ғылымының даму деңгейiне тəуелдi.
2. Бiлiм беру, тəрбиелеу жəне дамыту өзара байланысты.
3. Оқушының таным белсендiлiгi артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды.
4. Оқытудың тиiмдiлiгi керi байланысқа, қайталауға, түзету iс-əрекеттерiне тəуелдi.
5. Əрбiр тұлғаның жас жəне дара ерекшелiктерiне байланысты таным əрекетiн
ұйымдастыру.
6. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен əдiс-тəсiлдерiнiң өзгерiп, жаңарып, толықтырылуы.
Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары жатады.
Оқытудың негiзгi заңдары:
- Қоғамдық қатынастар, əлеуметтiк құрылыс пен əлеуметтiк тапсырыс тəрбие мен оқыту жүйесiн қалыптастыруға ықпал етуi туралы заң.
- Бiлiм алу, iс-əрекет жолдарын меңгеру жəне тұлғалық дамудың өзара байланысы туралы заң.
- Педагогикалық процестiң бөлiктерiнiң бiрлiгi жəне бiртұтастығы туралы заң.
- Оқытуда теория мен тəжiрибе бiрлiгi жəне өзара байланысы туралы заң.
- Оқу iс-əрекетiнiң жеке жəне ұжымдық түрлерiнiң бiрлiгi жəне өзара байланысы туралы заң.
Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негiзгi бөлiктерi болып келедi. Кейбiр зерттеушiлер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ, сондықтан ол ғылым емес деген пiкiрдi бiлдiредi. Жоғарыда аталған педагогикалық заңдылықтар мен заңдар терiс пiкiрлердi жоққа шығарады.
2 Оқыту принциптерi мен ережелерi
Оқыту принциптерi туралы түсiнiк
Принцип (латын сөзi) - басшылыққа алатын идея, негiзгi талап, қағида. Дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерiн, əдiстерiн оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесi.
Оқыту принциптерi дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын жəне заңдылықтарын пайдалану əдiстерiн сипаттайды. Дидактика тарихында зерттеушiлер оқыту принциптерiн, негiзгi қағидаларды белгiлеуге көп күш салды.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-əлеуметтiк жағдайларға байланысты.
Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгерiп отырғандықтан, кейбiр принциптер ескiрiп (табиғатқа сəйкестiк, партиялылық), кейбiреулерi жаңадан пайда болады (кiрiктiру, iзгiлендiру).
Кейбiр авторлар оқыту принциптерiнiң санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керiсiнше, кеңейтудi ұсынып келедi. Заманауи принциптер оқу процесiнiң барлық құрамдас бөлiктерiне (логикасына, мақсатына, мiндеттерiне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлерi мен əдiстерiн таңдауға, ынталандыруға, нəтижелердi жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын ұсынады.
Оқыту процесiнде кез келген мұғалiм дидактиканың принциптерiн басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал-тəсiлдерiн жəне ұйымдастыру формаларын таңдап, шəкiрттерiн жоғары нəтижелерге жеткiзуi шарт.
Мұғалiм дидактикалық принциптердi дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиiмдi жəне нəтижелi болары даусыз.
Дидактикалық принциптердiң қызметi: олардың негiзiнде оқушыларда оқытудың мақсатына сəйкес берiлетiн бiлiм мазмұнын жүйелi, саналылықпен белсендi түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптерi оқыту процесiнiң негiзгi буыны ретiнде бiрiмен-бiрi логикалық өзара байланыста болады. Сонымен, ең негiзгi, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесi:
- ғылымилық,
- саналылық пен белсендiлiк,
- көрнекiлiк,
- жүйелiлiк пен бiрiздiлiк,
- берiктiлiк,
- тиiмдiлiк,
- теория мен тəжiрибенiң байланыстылығы.
Осы принциптердi талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына тоқталайық.
Педагогикалық ереже - жалпы принциптерге негiзделген белгiлi жағдайдағы белгiлi мақсаттағы педагогтық қызметтiң бейнеленуi. Ережелер оқыту принциптерiн қолданудың тəжiрибелiк жақтарын көрсетедi, теориядан тəжiрибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен салыстырғанда ережелер мұғалiмге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты шараларды пайдалану қажеттiлiгiн ұсынады.
Әрбiр мұғалiм дидактикалық ережелердi типтiк, стандарттық жағдайларда тиiмдi пайдаланса, күрделi педагогтық жағдайларда дидактикалық принциптерге сүйенiп шығармашылық танытса қойылған мақсатына жетерi сөзсiз.
Ережелер принциптерге сүйенедi, принциптер ережелер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтық тəжiрибе-нiң қорытындысы ретiнде дидактика принциптерiн қолдану құралы болады.
Сонымен, педагогтар оқытудың принциптерiне сай қалыптасқан белгiлi ережелерге сүйенiп мақсат-мiндеттерiн iске асырады.
Ендi принциптер мен ережелердiң мəнiн ашу жолдарын қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |