Көрнекiлiк принципi
Оқыту жүйесiнде Я. А. Коменский көрнекiлiк принципiн оқу материалын меңгеру құралы ретiнде қарастырып, дидактиканың алтын ережесi деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы негiзiнен көрнекiлiк арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзiн немесе бейнесiн, көлемiн тiкелей көрiп, байқап таниды. Бұл принциптi соңғы ғылыми жетiстiктер де дəлелдедi. Мысалы, көру органдары миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдарымен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткiзедi екен. Көз арқылы алған мəлiметтердi адам жеңiл, тез, берiк есте сақтайды.
Көрнекiлiк принципiн жүзеге асырып, оқушылардың бiлiм көлемiн тереңдету,
қызығушылығын арттырып жəне есте сақтау қабiлетiн шыңдау үшiн мұғалiм өз ойын оқушыларға нақтылы жеткiзуi үшiн қолданатын ережелердi атап өтейiк.
- ''Алтын ереже'': көруге болатынды - көрсету, есiте алатынды - естiрту, сезiне алатынның бəрiн - оқушылардың сезiм мүшелерiне сездiрту, түйсiк туғызу.
- Оқушылар заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерiн, көлемiн, түр-түстерiн сөзбен емес көру арқылы əрi жеңiл, əрi тез есте сақтайтынын қамтамасыз ету.
- Қолданылатын көрнекi құралдардың өмiрмен байланысын қамтамасыз ету.
- Оқушылар тiкелей түйсiну, көру, есту мүшелерi арқылы əртүрлi заттардың формасын, түсiн, көлемiн, бейнесiн көрiп, дыбысын естуi негiзiнде оларда ой пайда болады.
- Көрнекiлiк - көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту құралы ретiнде пайдаланылады.
- Оқушылар заттарды қолымен ұстап, көлемiн, түр-түсiн байқап, көзiмен көруге жəне əр түрлi дыбысын естуге жағдай туғызу.
- Көрнекiлiк заттар мен құбылыстардың өзiн тiкелей көрсетуге мүмкiндiк болмаған жағдайда да қолданылады.
- Көрнекiлiктер оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, iзденiс дағдыларын қалыптастырады.
- Көрнекiлiк бақылай бiлуге, салыстыру, қатар қоя бiлуге, абстракты ұғымдарды дамытып, жетiлдiруге жол ашады. - Көрнекiлiктi оқытудың белгiлi мақсатына сай қолдану.
- Көрнекiлiк құралдарын қолдану барысында алғаш оны бүтiндей, кейiн бас жəне қосалқы бөлшектерiн, соңында тағы бүтiндей көрсету керек.
- Көрнекiлiктi оқушылармен бiрiгiп жасау.
-Көрнекi құралдарын оқу пəндерiнде нақтылы өз орнында оқушылардың жас, таным ерекшелiктерiн ескере отыра пайдалану.
- Көрнекiлiктердi қолдануда сан емес сапасына көңiл аудару.
Достарыңызбен бөлісу: |