Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары


Отбасы - бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі



бет70/160
Дата24.02.2022
өлшемі291,15 Kb.
#133049
түріЛекция
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   160
Байланысты:
Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция[1] (автовосстановление)

1.Отбасы - бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі.
Отбасы тәрбиесі - көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапынан жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істердің ауқымын құрайды. Отбасы-лық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының терендігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан - тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезендерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы - бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай.
Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның нәтижесіне бола отбасы тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелік шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениетті елдер ұстанған бұлжымас ереже.
Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас, халықтық және ұлттық үрдістерді естен шығару, инабаттылық принциптерінен тайқу, шектен тыс арсыздық пен іштей тәртіптің болмауы, ерлі-зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар - бәрі де отбасыдағы бала тәрбиесіне болатын теріс ықпалдар көзі.Әрбір әке мен кез келген ана өз перзентіне болашақта қай сапа-қасиеттерді баулу керектігін жете білгені жөн. Отбасылық тәрбиешінің саналылық сипаты мен тәрбиелілік міндеттерді парасатты шешу жолдары осымен айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет