Құқық бұзушылық және жауапкершілік.
Құқық бұзушылық – құқыққа қарсы, қоғамға қайшы тұлғаға зиянды, қауіпті, кінәлі, жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздік.
Құқық бұзудың өзіне тән ерекшеліктері:
Құқықты бұзушылықтың мазмұны төрт бөлімнен тұрады:
құқықты бұзудың объектісі – құқық арқылы реттелетін, қорғалатын қоғамдық қатынастардың түрлері;
құқық бұзудың субъектісі – жеке немесе заңды тұлғалар;
объективтік жағы – теріс қылық және оның зияны;
субъективтік жағы – теріс қылық жасаған субъектінің кінәсінің (қасақана және абайсыздықтан) анықталуы.
Құқық бұзушылық теріс қылық және қылмыс болып бөлінеді. Теріс қылық құқықытың саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: әкімшілік теріс қылық, азаматтық теріс қылық, тәртіптілік теріс қылық. Қылмыс - өте зиянды, қауіпті құқық бұзушылық. Сондықтан оған қарсы өте қатаң жауапкершіліктің түрлері қолданылады.
Құқық бұзып, кінәлі болған субъектіге мемлекет өзінің мәжбүолеу шараларын қолданады. Ол бойынша кінәлі субъектінің жеке өз басы мүліктік шектеуге ұшырайды немесе ұйымдық сипаттағы қысым мен шектеуге түседі. Заң бойынша жауаптылықтың екі түрі болады: айып төлеу және құқықты бұзуды түзеу. Айып төлеу әкімшілік немесе тәртіптік теріс қылық жасағанда қолданылады. Құқықты бұзуды түзеу - жауаптылығы бұзылған құқықтық норманы еріксіз қалпына келтіруге мәжбүр ету.
Заң алдындағы жауаптылық тек құқық бұзушылық болған жағдайда ғана туындайды. Жауапқа тартылушы тұлға мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы тек қана құқық бұзушылықтың бар екендігі анықталғанда және ол заңға сәйкес келсе ғана мойын ұсынуға құқылы. Жауапқа тартылушы адам өзін заңсыз түрде жауапқа тартудан қорғауды талап етуге құқылы. Егер лауазымды тұлғалар жауапқа тартудың процессуалдық ережелерін бұзса немесе оған нұқсан келтірсе, олар жауапқа тартылуға тиісті.
Осы қағидаларды әділетті орындау үшін мемлекеттің алдында екі жауапты міндет тұрады. Біріншісі, ешкімді кінәсіз жауапқа тартпау, азаматтардың бостандығына, адамгершілігіне, құқығына жазықсыз зиян келтірмеу. Екіншісі, қылмыскерге өз кінәсіне сай заң бойынша әділ жазасын беру, қажет болса бас бостандығынан айыру.
Достарыңызбен бөлісу: |