Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж



бет42/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Құқықтың пайда болуы мен дамуы.

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік дау процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, адамның тәжірибесіөсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін арттырды. Сөйтіп, қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар объективтік заңдардың – қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағыкүрестің басталуыәсерінен туындайтынқайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.

Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі объективтік заңдылықтардың бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқарудыжәне әлеуметтік нормалардың қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаға айналды. Сонымен қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құықытың жаңа түрлері пайда болды; заң, заңға тәуелді кесімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.

Құқық 2 жолмен дамыды: 1-ден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моральдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. 2-ден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп басқарды.

Мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялық мазмұнына қысқаша тоқталамыз.


  1. Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.

  2. Табиғи теория – бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды.

  3. Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.

  4. Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түс-ді.

  5. Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және т.б.

Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі «әдет» заңына бағынып келген.

1465 жылы тарихта тұңғыш дербес қазақ хандығының негізі қаланып, Жәнібектің ұлы Қасым ханның тұсында көркейіп, қуатты мемлекетке айналды. Қасым хан қазақтың құқықтық әдеттерін жүйелеп «Қасым салған қасқа жолды» тұжырымдап берді.

Қоғамның даму барысы қазақ заңдарының одан әрі жетілуіне әкеп соқты. Осындай міндетті Есім хан (1598-1645) бұрынғы қазақ заңдарына, әдеттеріне жаңадан дем беріп, әсіресе әскери заңдардың беделін күшейтті. Есім хан өзінің заңдар жинағында ежелгі құқықтық әдеттерді қаз-қалпында сақтағаны үшін халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді.

Өз заманында Тәуке хан (1680-1718) дәуір ыңғайына сай бейімдеп қазақ заңдарын жинап, топтастырып, мемлекеттік дәрежеге көтерді. Тарихта бұл заңдар «Тәуке ханның Жеті жарғысы» деген атпен белгілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет