әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржы қызметі саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар болып табылады.
ҚР Адвокатурасы.Адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және азаматтардың құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған қызмет болып табылады. Адвокаттардың құқықтық статусы ҚР-ң 1997 ж. 5 желтоқсандағы “Адвокаттық қызмет туралы” Заңымен реттеледі.
Нотариат. ҚР-ғы нотариат – құқықтар мен фактілерді куәландыруға, 1997 ж. 14 шілдеде қабылданған “Нотариат туралы” заңында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариалдық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.