Ұлттық қауіпсіздік органдары. Қауіпсіздік органдары жеке адамды, қоғам мен мемлекетті ішкі және сыртқы қауіп-қатерден заңға сәйкес қорғауды жүзеге асыратын арнаулы органдар. Бұл органдардың қызметін ҚР Президентінің 1995 ж. 12 желтоқсандағы “ҚР-ң ұлттық қауіпсіздік органдары туралы” заң күші бар жарлығы реттейді.
Әділет органдары. ҚР-ң әділет органдары, өз құзыреті шегінде, мемлекеттің қызметінің атқарылуын құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады. Бұлардың қызметін ҚР-ң 2002 ж. 18 наурыздағы “Әділет органдары туралы” заңы реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |