Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде.
Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіріледі, педагогикалық шындық тәжірибесін зерртейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды.
Педагогикалық ой алғашында жалпы философия лық білімдер жүйесінде, діни ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамиды. Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп шығуы белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми дифференциялануға, педагогика ғылымдары жүйесінің түзелуіне алып келді. Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психикасының дауының заңдарын, ал педагогика – тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді. Ойлаудың іс-әрекетті мақсаттылықпен өзгерту, психологиялық білімдерсіз мүмкін емес. Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқығанын және тәрбиелілігін бағалауға мүмкін болмайды. Сондықтан педагогикада психологиялық білімдер ғана емес, сонымен бірге педагогикалық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |