Педагогика тәрбиелеу ғылымы.
Педагогика өзінің атауын гректің – баланы жетектеуші сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қаралды. Тәрбие – қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. әрбір келешек ұрпақтың қоғадағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Адамзат есейген сайын, мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі. Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдық бөлінісінде қоғамның «тәрбиенің» қызметін жүзеге асырумен байланысты кәсіби іс-әрекет бөлініп шықты.Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін – делдал – ұстаз, мұғалім қажет. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді. Ғалымдарды олардың нысанасы мен пәні бойынша ажыратуға болады. Нысана – ақиқатының нақтылы сол ғылым зерттеуге алатын саласы. Пән – бұл нақтылы ақиқаттың мәнін құрайтын негізі. Пед-ка қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Педагогикалық іс-әрекет объективтік шындықтың барлық жақтары, педагогиканың нысанасы болады, ал педагогика пәні – индивидтің өткен ұрпақтарының әлеуметтік тәжірибені меңгеруі оқу және оқудан тыс уақыты бірлігіндегі біртұтас педагогикалық процесс болып табылады.
Тұлғаға білім беру үшін оқыту қажет, ол оқыту ұстаздар мен оқушылардың өзара әрекет процеіс, білім беру мен оқу орындарында оқылатын ғылымдар негіздер мазмұнын меңгеру барысындағы оқудың бірлігі. Сабақ берудің рөлі оқылатын материалдарды ғылыми білім мазмұнында, іс-әрекеттер тәсілдерін айқындай көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |