Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж


Экономикалық теорияның пайда болуы және дамуы



бет57/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Экономикалық теорияның пайда болуы және дамуы.

Бізді қоршаған ортаға үңіле қарайтын болсақ, ол тым күрделі және онда болып жататын әртүрлі өзгерістер бір-бірімен өзара тығыз байланысқан. Осы құбылыстарды жан-жақты зерртеу ісімен көптеген ғылымдар айналысады, солардың ішінде экономика ғылымының орны ерекше.

Қазіргі заманда «экономика» сөзінің түсінігі көп мағынаны білдіріеді:

1-ден «экономика» сөзімен игіліктер мен қыхметтер көрсететін өндірістік және өндірістік емес салалардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі, онсыз адамзат өмір сүре алмайды.

2-ден «экономика» сөзін ғылымдар тоғысындағы экономикалық қатынастарын қызметтік немесе салалық астарын қарастыру деп білеміз.

3-ден «экономика» сөзі экономикалық ғылым жалпы экономикалық теория ретінде қарастырылады.

4-ден «экономика» сөзімен оқыту пәні ретінде түсіндіріледі.

Экономикалық ғылым – ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғашқы рет «экономия» термині біздің дәуірге дейін III ғасыр ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт және Аристотель еңбектерінде пайда болды.

«Ойкономия» (экономия) сөзі ретінде – (үй, шаруашылық) Аристотель құл иеленушілік шаруашылықты жүргізуді ұйымдастыру туралы ұсыныстар жиынтығын түсінген.

Экономикалық ғылым 3 ғасыр бойы саяси экономия ретінде дамыды. Экономикалық теория анықтамасында топтық көзқарастың басымдылығын дәлелдей отырып, К.Маркс оны кеңінен қолдануды ұсынды. Осы үғымды алғашқы рет француз жазушысы әрі королінің сарай қызметкері Антуан Манкретьян өзінің экономикалық ілімінің айналымына енгізіп, ол «Саяси экономия трактаты» атты кітабын 1615 жылы жазған болатын.

Қазіргі кезде экономикалық теория мазмұны бұрынғы саяси экономия шеңберіне қарағанда ауқымды және ол теориялық экономика, әртүрлі экономикалық бағыттар мен экономикалық ойлар жетістігі жиынтығында қаралады.

Кез-келген ғылым сияқты жалпы экономикалық теория бірқатар қызметтер атқарады. Жалпы теориялық экономиканың ғылым жүйесіндегі ролін ескере отырып, оның негізгі қызметтерін көрсетуге болады: танып білу, методологиялық, сыншыл және практикалық.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет