Практикалық қызмет – нақты принциптерді және шаруашылық тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың ғылыми дәлелденуімен түсіндіреді.
Жалпы экономикалық теория ерекше мән беретіні – адам, оның қажеттілігі мен мүддесі, қоғамдық, табиғаттық, материалдық объектілері мен субъектілері және басқа ресурстарға қатынасы болып табылады.
Дидактика.
Дидактика – (грек тілінен аударғанда дидактикос зерттеу бойынша didasko - зерттеуші) – балаларды және үлкендерді оқытудың міндеттері мен мазмұныны ашатын, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру процесін суреттейтін, оқытуды ұйымдастыру ұстанымдарын, әдістерін және формаларын сипаттайтын, оқыту мен білім беру мәселелерін жасайтын педагогиканың құрамдас бөлігін құрайды.
Оқыту процесі қоғам дауының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлармен, адамдардың әрекеттерімен тіршілік қажеттіліктерімен, қазіргі таңдағы ғылыми техникалық прогрестің жетістіктерімен және күн сайын артып отырған оқушы тұлғасына қойылатын талаптар мен детерминделеді.
Дидактика ғылым ретінде пән өрісінде әрекет ететін заңдылықтарды зерттейді, оқыту процесінің барысын және нәтижесіне жағдай жасайтын тәуелділіктерді сараптайды, жоспарланған мақсат-міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формалары мен құралдарын анықтайды. Олардың негізінде ол екі басты қызмет атқарады:
Теориялық (диагностикалық және прогностикалық)
Практикалық (нормативтік құрал ретінде)
Дидактиканың алдында шешімі ең алдымен, онымен тығыз байланысты басқа ғылымдардың (философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, этнология, педагогикалық психология, адам физиологиясы, нақты әдістеме т.б.) жетістіктерін біршама тиімді пайдалануды қажет ететін жаңа мәселелер туындап отырады. Кез-келген ғылыми білім саласының дамуы, бір жағынан құбылыстың мәніне жақын белгіні бір тобын білдіреді, екінші жағынан сол ғылымның пәнін жасайтын ұғымның дамуымен байланысты.
Дидактика философиялық жалпы ғылыми және жеке ғылыми ұғымдарды пайдаланады:
философиялық категория: «мән мен құбылыс, байланыс» «жалпы және жалқы», «болмыс, сана, тәжірибе» және т.б.
педагогиканың жалпы ұғымдары: «педагогика, тәрбие, пел-лық іс-әрекет, пед-лық ақиқат» және т.б.
дидактиканың жеке ұғымдары: «жүйе, оқыту мен оқу, оқу пәні, оқу материалы, оқу жағдайы» т.б.
пәнаралық ғылымдардың ұғымдары «психологиялық, кибернетика т.б.»
жалпы ғылыми ұғымдар: «жүйе, құрылым, қызмет, тиімділік және т.б.»
Педагогика терминімен қатар, ұзақ уақыт бойы сол мағынадағы «дидактика» терминінің қолданылуы тарихи қалыптасқан жағдай. Бұл ұғым ең бірінші рет неміс педагогы В.Реткиннің шығармасында оқыту өнері мағынасында қолданылған. Соған ұқсас, «бәрін, барлығын да оқытудың әмбебап өнері» мағынасында чех педагогі Я.А.Коменскийдің 1657 жылы Амстердамда шығарылған негізгі еңбегі «ұлы дидактикасында» дидактиканы түсіндіреді. Педагогика ғылымында оқытудың тәрбиелік және адам дауының негізін ашатын және сипаттайтын теориялар жеткілікті. Бірақ та солардың ішінде педагогикалық әсердің және олардың нәтижесінің қабылдануы мен ұғынуының психологиялық заңдылықтарын бейнелейтіндердің ғана әдіснамалық және теориялық маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |