Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж


Нарықтық қатынас туралы негізгі ұғымдар



бет61/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Нарықтық қатынас туралы негізгі ұғымдар.

Қоғамның XX ғасырдағы дамуы экономикалық өмірді ұйымдастырудың екі жолы бар екенін көрсетті. Оның біріншісі – нарықтық экономика, екіншісі – жоспарлы-әкімшілдік экономика.

Нарықтық экономикада бұл қатынастарды нарық реттейді (өнімді шығару, тұтыну, бөлу оған сұраныс). Нарық – тауарды бөлу саласы күнделікті өмірде сауда жүретін орындарды да нарық дейді. Алайда нарықты басқаша түсінуіміз керек. Нарық - өнім шығарушылар мен өнімді тұтынушылардың, сұраным мен ұсыныстың арасындағы қатынас, олардың өзара тығыз байланысы.

Нарық адамдарды тиімді еңбек етуге, ынталылыққа бағыттайды. Нарықтық экономика ғылыми-техникалық прогресті, өнім өндірушілердің өзара бәсекелесуін және тұтынушылар үшін бәсеке күресін де жетелейді.

Нарықтық қатынас көп қырлы экономикалық қатынастарды ғана емес, сонымен қатар қоғамның саяси-әлеуметтік, рухани өмірін де қамтиды. Нарық – экономикалық өмірді демократияландырудың негізі.

Тұжырымдап айтқанда, нарықтық қатынастың экономикалық негізі – меншікті мемлекеттен ажыратып, көп түрлі меншікті қалыптастыру. Сонымен қатар тауар өндірушілердің дербестігі, өнімді тұтынушылардың белсенділігі, сұраным мен ұсыныстың арта түсуі. Бұл процестердің бәрі аймақтың, елдің немесе әлем көлемінде іске асырылады. Бұған дәлел нарықтық қатынаста өмір сүруші дамыған елдердің экономикалық және саяси өмірі. Олай болса, нарықтық қатынас – ғаламдық проблема. Қазір әлем елдері арасында осы саладағы жарыс қарқын алды.

Жоспарлы әкімшілдік экономикада өнімді өндіру мен бөлу орталық басқару басқару органдарының билігінде болып келеді. Тауарды өндірушілер мемлекеттік жоспарды міндетті түрде орындайды. Қайсыбір уақыттарда ол өнімді тұтынушылар қажет етпейді. Нарықтық экономикада ұсынысты мемлекет реттемейді (өнім шығарушылар қанша шығарамын десе де ерікті), сұранымды да ешкім реттемейді (сатып алушылар өзіне не керек, қанша керектігін дербес шешеді). Ендігі мәселе – баға. Бағаны да сырттан ешкім реттемейді. Оны ұсынысқа және сұранымға сәйкес өнімді шығарушының өзі шешеді. Сонымен, ұсыныс пен сұраным теңдестіріледі. Осы белгілерге қарай халық шаруашылығын нарық реттейді.

Нарықтық қатынастың өзіне тән объективтік экономикалық екі заңы бар: баға заңы, ұсыныс және сұраным заңы. Біріншісі – орта бағаны қалыптастырады, екіншісі – нарықта пайда болатын ақша мен тауардың қатынасын анықтайды.

Нарықтық экономика қоғамның дамуымен бірге дамиды. Өркениеттің дамуымен бірге нарықтық өркениет те қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет