Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж


Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң



бет64/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң – ҚР Конституциясы 62 бабының 3 тармағында белгіленген тәртіппен қабылданатын заң.

Заң актісі – Конституциялық заң, ҚР Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы, Кодекс, Заң, ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығы, ҚР Парламентінің қаулысы, Сенат пен Мәжілістің қаулылары.

Кодекс – біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң.

ҚР-ң «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңы 1998 жылы 24 нарызда қабылданған. Заң актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен табыс ету, қабылдау, күшін енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, оларды жариялау ерекшеліктері олардың деңгейіне сәйкес, нормативтік құқықтық актілер қабылдайтын мемлекеттік оргадардың қызметін реттейтін заң актілерімен, осы органдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын актілермен, соның ішінде олар туралы ережелермен және олардың регламентерімен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.

Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып табылады.

Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:


  1. Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;

  2. ҚР Президентінің Конституциялық Заң күші бар Жарлықтары, ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлықтары; ҚР Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;

  3. ҚР Парламенті иен оның палаталарының нормативтік қаулылары;

  4. ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;

  5. ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;

  6. ҚР министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары;

  7. Мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары;

  8. Мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады:

  1. регламент – қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;

  2. ереже – қандай да бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

  3. қағида – қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

  4. нұсқаулық – заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт.

Нормативтік құқықтық актілердің реквизиттері болуы тиіс:

  1. ҚР мемлекеттік елтаңбасы;

  2. актінің нысанына нұсқау; нормативтік құқықтық актінің атауы;

  3. осы нормативтік құқықтық акт реттейтін ісіт білдіретін тақырып;

  4. нормативтік құқықтық актінің қабылданған жері мен күні;

  5. нормативтік құқықтық актінің тіркеу нөмірі;

  6. тиісті нормативтік құқықтық актіге қол қоюға уәкілдік берілген адамның қолы;

  7. нормативтік құқықтық актінің ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнін осылай тіркелуге тиісті нормативтік құқықтық актілерде көрсету;

  8. елтаңбалы мөр.

Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда жарияланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет