Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж



бет65/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Меншік және жекешелендіру.

Меншік. Бүкіл экономикалық жүйенің және экономиканың механизмдерінің қызмет ету заңдылықтарын түсінуде меншік қатынастары ерекше маңызға ие. Нарықтық және нарықтық емес экономикалық жүйелердегі меншіктік қатынастардың бір-бірінен түбегейлі айырмашылығы бар. Орталықтаңдырылған, нарықтық емес экономика мемлекеттік немесе қоғамдық меншікке негізделеді, ал нарықтық бәсекеге құрылған экономикаға ең алдымен жеке меншікке негізделеді.

Жеке меншік дегеніміз-бұл тек мүлік (киім, үй, автомобиль) қана емес, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар. Жеке меншік мүліктің (өндіріс құралдары, тұтыну заттары, ақша) белгілі бір субьектіге тәнділігін көрсетеді. Демек ол сол мүліктің қожасы, иесі немесе толық билік жүргізушісі болып табылады. Басқаларға қарағанда жеке меншік иелері өзінің иелігіне, пайдалануына және құзырына өмірлік игіліктерді, мүлікті барынша көп қамытып қалуға тырысады.

Жекеменшік-жеке адамдар мен фирмалардың жерді, капиталды және басқа активтер-ді алу, билеу, пайдалану, сату және мұраға қалдыру құқығы. Өндіріс факторларына (құрал, еңбек заты, ақпараттық және интеллектуалдық ресурстар, жер және басқалар) жеке меншік жөніндегі қатынастар әрқашанда өндірісті ұйымдастыруда айтарлықтай рөл атқарған. Меншіктік экономикалық қатынастар өндіріс факторларын пайдалану жөніндегі өндіріске қатысушылар арасындағы қатынастармен сипатталады. Демек, меншіктік экономикалық қатынастар тек меншік кіріс қайнары ретінде қызмет ететін жағдайда ғана пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет