Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз - мемелекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артылықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы 1998 жылы 2 шілдеде қабылданды. Аталған Заңның мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бомтандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыдайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшін барлық лауазымды адамдар, Парламенттің, мәслихаттың депутаттары, судьялар, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген өзге де адамдар және соларға теңестңрңлген адамдар жауапты болады.
Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты анықтауды, жолын кесуді, алдын алуды және олардың жасалуына айыпты адамдарды жауапқа тартуды өз құзыреті шегінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы полициясы мен әскери полиция жүзеге асырады. Осы аталған органдар жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстары анықталған барлық жағдайлар туралы өздерінің өкілеттігінен туындайтын шараларды қолдануға және ұлттық қауіпсіздік органдарына немесе басқа да уәкілетті органға дереу хабарлауға міндетті. ҚР Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік орган құруға, оның мәртебесі мен өкілеттігін айқындауға құқылы. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарланған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және жемқолыққа қарсы күресті жүргізуші органдардың немесе соттың сұратуы бойынша заңда белгіленген тәртіппен ғана табыс етіледі. Бұл ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуші оргадар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін адамдардың жеке басының қауіпсізідігін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың қандай да болсын құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онды қылмыстық жазаланатын әрекеттің белгілері болмаса, қызметінен төмендетуге, қызметінен босатуға немесе мемлекеттік міндеттерді атқарудан өзге де түрде босатуға не заңда белгіленген тәртіппен өзге де тәртіптік жаза қолдануға әкеп соғады. Алғашқы құқық бұзушылық үшін тәртіптік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде аталған құқық бұзушылықтардың кез-келгенін қайталап жасау заңда белгіленген тәртіппен қызметінен босатуға немесе мемлекеттік міндеттерді атқарудан өзгедей түрде босатуға әкеп соғады.
Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдар сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесінде негізсіз байыған жағдайлардың бәрінде заңсыз алынған мүлік мемлекет кірісіне жатқызылуға, ал заңсыз көрсетілген қызмет құны мемлекет кірісіне өндіріліп алынуға тиіс. Заңсыз алынған мүлікті өз еркімен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз көрсетілген қызмет құнын төлеуден бас тартылған жағдайда прокурордың, салық қызметінің не оған заңмен уәкілеттік берген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың талабы бойынша соттың шешімімен мемлекеттің кірісіне өндіріп алу жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |