Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж



бет74/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Бәсеке және монополия. Нарықтың өмір сүруінің басты шарттарының бірі тауар өндірушілердің арасындағы бәсеке болып табылады. Бәсеке болмаған жерде нарық та болмайды.

Бәсеке дегеніміз-нарыққа қатысушылардың арасындағы өндіріс жағдайларын жақсарту және өнімді өткізу үшін талас. Бәсеке экономиканың пәрменді тұтқасы болып табылады.Ол тауар өндірушілерді үнемі өндірістің тиімді әдістерін, үнемді технологияны, арзан шикізат пен материалдарды іздеуге мәжбүр етеді. Тұтынушы үшін күрес бәсекеге түскен фирмаларды өндіретін тауарлар мен көрсететін қызметтің сапасын үнемі арттыруға итермелейді.

Бәсеке бар нарық негізгі үш белгісімен ерекшеленеді:

1) онда сатушылар мен сатып алушылар көп болады, бірақ олардың ешқайсысы өз бағасын орнықтыра алмайды;

2)сатылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер біртекті болады және бірін-бірі жеңіл алмастырады;

3)нарыққа кіру де және одан шығу да қиындық келтірмейді.

Монополия бәсекеге қарама-қарсы категория болып табылады. Монополия жағдайында сатушы тек біреу болады. Монополия жағдайында тауар өндіруші ұсынылатынтауардың көлеміне толығымен өзі бақылау жүргізеді. Сондықтан ол неғұрлым көп түсім түсіру үшін сұранысқа сәйкес мүмкін болған кез-келген бағаны қоя алады. Монополия-нарықта билік жүргізетін жағдайға ие болған, сондықтан бағаға бақылау жасай алатын және оны айқындайтын кәсіпорын немесе кәсіпорындар тобы. Монополияның болуын немесе болмауын нарықтық механизмдердің бұзылуынан немесе бұзылмауынан, монополистік тәртіптердің болуынан немесе болмауынан білуге болады. Ірі бизнестің әрқашанда жасырын монополизм әлеуеті болады.Кез келген қуатты корпорация нарыққабилік орнату үшін өзінің мүмкіндіктерін пайдаланып қалуға икемділік танытады. Қазіргі кезде нағыз монополиялар іс жүзінде жоқ. Алайда, табиғи монополиялар деп аталатын жергілікті телефон компаниялары, электр қуатымен, сумен, газбен жабдықтайтын кәсіпорындар бар. Әдетте мұндай табиғи монополиялар мемлекеттің меншігінде болады немесе оның бақылауымен әрекет етеді. Табиғи монополиялардың болуы өндірістің ауқымымен байланысты-өндірісті ірілендіру нәтижесінде ресурстарды үнемдеу үдерісінде қол жететін ерекше тиімділікпен шартандырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет