Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы



бет75/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

ҚР «Білім туралы» Заңы 1999 жылы 7 маусымда қабылданған. Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы аядағы мемлекеттік саясаттың негізгі прициптерін белгілейді және Қазақстан Республикасы азаматтырының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы Заңда: академия, білім беру ұйымдарын аккредитациялау, аспирантура, институт, доцент, профессор, білім беру гранты т.б. негізгі ұғымдар пайдаланылады. Мұндағы академия – жоғары кәсіптік білім мен жоғары оқу орыннан кейін кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, өндірістік ғылыми және ғылыми педагогикалық қызметті белгілі бір саласы үшін жоғары кәсіптік білімі бар мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін жүзеге асыратын; ғылымның немесес мәдениеттің көбінесе бір саласында ғылыми зерттеулерді орындайтын жоғары оқу орны. Білім беру ұйымдарын аккредитациялау – кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік жоғары білім берудің білім бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың мәртебесін білім бағдарламаларының тізбесін белгілей отырып, олардың үлгісі мен түріне қарай мемелекеттің тануы. Білім беру гранты – білім алушыларға кәсіптік білімге төлеу үшін тегін берілетін нысаналы ақша сомасы.

Білім беру ұйымдарын (ББҰ) ҚР заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар (құралтайшылар)құрады. ББҰ-ң қызметі ҚР-ң Үкіметі бекітетін тиісті үлгідегі ББҰ қызметінің үлгілік ержелерімен және солардың негізінде әзірленген жарғылармен реттеледі. ББҰ-ң білім беру қызметін жүргізу құқығы лицензия алған кезден бастап туындайды және ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен ол қайтарып алынған немесе жарамсыз деп танылған сәттен бастап тоқтатылады. ББҰ-ң мәртебесін оның құралтайшылары айқындайды және осы Заңның талаптары, білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары, тиісті үлгідегі ББҰ қызметінің үлгі ережелері ескеріле отырып, оның жарғыларында көрсетіледі. ББҰ-ң жарғысында атауы, орналасқан жері, құрылтайшылары, ББҰ-ң міндеті мен қызметі, білім беру процесінің мақсаты, іске асырылатын білім беру бағдарламасының тізбесі, ББҰ қызметкерлерінің штатын толықтыру тәртібі, еңбекке ақы төлеу шарттары, олардың құқықтары мен міндеттері т.б. белгіленуге тиіс.

Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері.

Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері білім беру ұйымдарының жарғыларымен, ішкі тәртіп ережелерімен және қызметтік нұсқаулықтармен айқындалады. Педагогтік қызмет атқаратын адамдар педагог қызметкерлер болып есептеледі. Білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің:

1) кәсіптік қызмет үшін  қажеттi жағдайлармен қамтамасыз етiлуге; 


      2) бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi стандарты сақталған жағдайда педагогтiк қызметтi ұйымдастырудың тәсiлдерi мен нысандарын еркiн таңдауға; 
      3) ғылыми зерттеулер тақырыбын және олардың нәтижелерiн педагогикалық практикада пайдалану нысандарын еркiн таңдауға; 
      4) оқу орнын басқару органдарының жұмысына қатысуға; 
      5) жұмыстан қол үзе отырып, құрылтайшының қаражаты есебiнен бес жылда бiр рет ұзаєтығы төрт айдан аспайтын уақытта өздерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруға; 
      6) санатын көтеру, қызметiнде өсу мақсатында мерзiмiнен бұрын аттестатталуға; 
      7) жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру мекемелерiнiң педагог қызметкерлерi мен оларға теңдестiрiлгендер үшiн ұзақтығы күнтiзбелiк 56 күнге; әдiстемелiк қызмет орындарының қызметкерлерi, мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың педагог қызметкерлерi үшiн - күнтiзбелiк 42 күнге ақы төленетiн демалыс алуға
      8) жеке педагогикалық қызметке; 
      9) өзiнiң кәсiптiк абыройы мен қадiр-қасиетiн қорғауға; 
      10) бiлiм беру ұйымдары мен олардың қызметкерлерiнiң бiлiм беру және экономикалық қызметiнiң көзi болып табылатын материалдық активтер (ғылыми, әдiстемелiк еңбектер, патенттер, бағдарламалық қамтамасыз ету, бiлiм беру және ақпарат технологиялары және басқалар) нысанындағы интеллектуалдық меншiгiн меншiктiң басқа түрлерiмен бiрдей қорғауға
      11) бiлiм беру ұйымы әкiмшілiгiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiне шағым жасауға; 
      12) педагогикалық қызметтегi табыстары үшiн материалдық және моральдық жағынан көтермеленуге, ордендермен және медальдармен, құрметтi атақтармен, белгiлермен және грамоталармен марапатталуға құқығы бар. 
      Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары педагог қызметкерлерiнiң: 
      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын үй алуға; 
      2) ауылдық (селолық) жерлерде тұрып жұмыс iстейтiндер - жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлейтiн мөлшерде коммуналдық қызмет көрсету мен отын шығындары бойынша жеңiлдiктер (ақшалай өтемдер) алуға; 
      3) жеке меншігінде малы барлардың жемшөппен, малын жаюға және шөп шабуға арналған жер учаскелерімен ауыл шаруашылық ұйымдарының қызметкерлерімен бірдей қамтамасыз етілуге құқығы бар. 
      4-1. Селолық жерде жұмыс iстейтiн бiлiм берудiң педагогикалық қызметкерлерiне жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша, қызметтердiң осы түрлерiмен қала жағдайында айналысатын педагогикалық қызметкерлердiң ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес процентке жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгiленуi мүмкiн.
      5. Педагог қызметкерлердi олардың негiзгi қызметiне тән емес қызметтердi атқаруға қызметкерлердiң өз келiсiмiнсiз тартуға жол берiлмейдi. 
      6. Мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарының эксперимент режимiнде жұмыс iстейтiн педагог қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қосымша ақы төленедi. 
      7. Педагог қызметкерлер: 
      1) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң тиiстi мемлекеттiк жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес бiлiм, шеберлiк және дағды алуын қамтамасыз етуге;
      2) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жеке және шығармашылық қабiлеттерiн ашып, оны дамытуына жәрдемдесуге;
      3) өз бiлiктiлiгiн арттыруға;
      3-1) кемiнде бес жылда бiр рет аттестаттаудан өтуге;
      4) педагогтiк әдеп нормаларын сақтауға;
      5) бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң қадiр-қасиетiн құрметтеуге;
      6) салауатты өмiр салтын жүргізiп, оны бiлiм алушылар, тәрбиеленушiлер арасында насихаттауға мiндеттi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет