Транзисторлы радиоқабылдағыштарда кіріс сигналының амплитудасы 7...10мВ-тан аспайды.
Транзисторлы радиоқабылдағыштарда гетеродин кернеуінің амплитудасы 100...150мВ құрайды.
Жиілік түрлендіргішке түрлендіргіш аспап, гетеродин және байланыс тізбектері бар таңдаушылық тізбек кіру керек.
1-сурет. Жиілік түрлендіргіштің структуралық схемасы.
ЖИІЛІК ТҮРЛЕНДІРГІШТІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПІ
Жиілік түрлендіру – түрлендіргіште өзара әсерлесетін екі жоғары жиілікті кернеулердің көбею нәтижесі. Түрлендіргіш аспапқа екі кернеу беріледі: сигнал кернеуі ucжәне гетеродин кернеуі uг. Түрлендіргіш аспапта екі кернеудің көбеюі жүреді. Жиілік түрлендіргіштің шығысында аралық жиілік кернеуі бөлінеді . Түрлендіргіш аспапты көбінесе араластырушы деп атайды, ал таңдаушылық тізбекпен бірге – араластырғыш деп атайды.
Таңдаушылық тізбектері ретінде жиілік түрлендіргіштерде екі контурлы жолақты фильтрлер жиі қолданылады. Аралық жиілік күшейткішімен бірге олар көршілес канал бойынша барлық радиоқабылдағыштың негізгі таңдаушылығын іске асырады.
Транзисторлы жиілік түрлендіргіштерде сигнал күшейту де іске асырылады, ал диодты жиілік түрлендіргіштерде – түрлендіру күшейтусіз іске асырылады.
2-сурет. Жиілік түрлендіргіштің ток спектрі
Достарыңызбен бөлісу: |