Лекциялар жиынтығЫ Құрастырушы: арнайы пән оқытушысы Барманбетова А. Н. Алматы 2010 лекция 1


ЖИІЛІК ТҮРЛЕНДІРГІШТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІ



бет25/32
Дата13.12.2021
өлшемі406,75 Kb.
#100273
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
Байланысты:
РПУ конспект КАЗ
Білімалушыларға арналған ішкі тәртіп ережелері, РПУ конспект КАЗ
ЖИІЛІК ТҮРЛЕНДІРГІШТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІ

1. Жиілік түрлендіргіштің кернеу бойынша тарату (күшейту) коэффициенті дегеніміз – түрлендіргіш шығысындағы аралық жиілік кернеу Uпр амплитудасының оның кірістегі қабылданушы сигналының кернеу амплитудасына қатынасы:



2. Қуат бойынша тарату коэффициенті – ол түрлендіргіштің қасиеттеріне тәуелді:



Мұндағы – шығыстағы түрленген сигналдың қуаты; – кірістегі сигнал қуаты.

3. Түрлендіргіштің жұмыс жиілік диапазоны – бұл гетеродин жиілігінің өзгерісі тұрақты аралық жиілікті қамтамасыз ететін жиіліктер интервалы.

4. Гетеродин жиілігінің тұрақтылығы – бұл тұрақсыз факторлардың (температура, ылғалдылық, қоректену көзі кернеуінің өзгерісі және т.б.) әсерінен гетеродин жиілігінің салыстырмалы өзгерісі. Гетеродин жиілігінің өз бетінше өзгеруі аралық жиіліктің өзгеруіне әкеліп соқтырады, яғни АЖК-ның күшейту коэффициентінің азаюын және сигнал бұрмалануын тудырады. Оның себебі, таңдаушылық жүйені тұрақты жиілік бойынша баптау кезінде, аралық жиіліктің өзгеруі АЖК күшейту коэффициентінің өзгерісін тудырады. Гетеродин жиіліктерінің тұрақтылығы едәір жоғары болу керек.

Жиілік түрлендіргіштерді келесі белгілер бойынша жіктейді:


  • Гетеродин кернеуін алу әдісі – жеке және біріккен гетеродиндермен (біріккен гетеродинді жиілік түрлендіргіштерде түрлендірушы аспап араластырғыш және гетеродин қызметін атқарады);

  • Сигнал кернеуін және гетеродин кернеуін тарату әдісі (әдетте сигнал кернеуі база тізбегіне, ал гетеродин кернеуі эмиттер тізбегіне беріледі);

  • Жиілік түрлендіргіште қолданылатын өткізгіштік сипаттамасы – резистивті және реактивті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет