Радиоқабылдағыштың қалыпты жұмысы үшін жиілік түрлендіргіш шығысында, негізгі канал бойынша қабылданатын сигнал кернеуінің есебіне аралық жиілік кернеуі пайда болу қажет. Қабылдағыштың кірісіне жанама каналдар бойынша (айналы және аралық жиілікте) келетін кернеу тербелістері, әлсіздетілу керек, себебі олар бөгет болып саналады.
Айналы канал бойынша бөгет преселектордың таңдаушылық жүйесімен әлсізденеді, оның құрамына кіріс тізбегі және РЖК жатады. Преселектордың жиіліктік сипаттамасы штрихті сызықпен көрсетілген.
Аралық жиіліктегі бөгет антенна немесе кіріс тізбегіне қосылатын, режекторлы фильтрлермен әлсізденеді.
Қабылдаудың көптеген жанама каналдарының ішінен реалды бөгеттер ғана тікелей өту каналын және бірінші айналы каналды тудырады.
Жанама каналдардың пайда болуын азайту үшін түрлендіруші аспаптың жұмысын шектеу керек. Дегенмен бұл кезде жиілік түрлендіргіштің күшейту коэффициенті түрлендіру құламасының нәтижесінде азаяды.
Аралық жиілік күшейткіштің таңдаушылық тізбектері аралық жиілікте бөгеттерді әлсіздетпейді, яғни жанама каналдар бойынша таңдаушылықты іске асырмайды. Бұл каналдар бойынша таңдаушылық преселектормен қамтамасыз етіледі, яғни РЖК-дің кіріс тізбектерімен.