Лекциялар жинағы дәріс №1 Тақырып: Кіріспе. Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану – тұрақты дамудың бір аспектісі Жоспары


Топырақ эрозиясы және одан қорғау



бет29/52
Дата19.02.2023
өлшемі237 Kb.
#169310
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52
Байланысты:
ЭжӨҚ, Лекция жинағы, 2023ж.

Топырақ эрозиясы және одан қорғау


Топырақ - табиғат пен қоғам байлығының материалды негiзi. Ол тiрi ағзалардың тау жыныстарымен әрекеттесуi нәтижесiнде түзiлген. Планетадағы құрылық Жер шарының 29,2% алады. Топырақ құрылықтың беткi қабатындағы тiрi ағзалар мен климаттық факторлардың әсерiмен пайда болған.
Литосфера, гидросфера және атмосфера арасында жүретiн зат және энергия алмасуында, барлық тiрi ағзалардың арасындағы айналымда топырақтың ролi үлкен. Топырақтың “тыныс алуы”, температуралық режимi мен ылғалдылығы атмосфераның төменгi қабатының (тропосфераның) құрамы мен қасиетiне әсер етедi.
Топырақ – тiрi ағзалардың тiршiлiк ортасы бола отырып, биосферадағы маңызды функцияларды орындайды. Топырақ – қатты, сұйық және газ тәрiздi заттардан тұратын күрделi табиғи жүйе. Оның құрамында органикалық және минералды қоспалар болады.
Адамзат үшiн топырақтың маңызды қасиетi болып – оның құнарлылығы мен биологиялық өнiмдiлiгi есептеледi. Бұл қасиетi ауыл-шаруашылығында пайдаланылып, адамға қажеттi қоректiң 98-99% өндiрiледi, оның iшiнде 85-87% белокты өнiмдер. Сонымен қатар, топырақ барлық өсiмдiк тектi азықты пайдаланатын жануарларды қоректендiредi. Планетада өңдеуге жарамды жердiң ауданы 3200 млн га, оның жартысы ауыл шаруашылық жұмыстарына пайдаланылады.
Топырақ сыртқы ортамен үнемi тығыз қарым-қатынаста болады. Күн сәулесiн сiңiредi, құрамындағы әртүрлi микроорганизмдер мен өсiмдiктердiң тiршiлiк етуiне қолайлы орта болып табылады. Топырақтың табиғаттың басқа бөлiктерiнен ерекше ғажап қасиетi бар, ол көптеген микроорганизмдердiң қатысуымен өздiгiнен тазаланып, қалпына келе алады. Сонымен бiрге, органикалық заттардың ыдырауынан қарашiрiк жасалып топырақ тыңаяды, жаңа қабат түзіледі. Топырақтың түзілуі көп уақытқа созылатын күрделi процесс. Топырақтану ғалымдарының есебi бойынша 2,5 см топырақ қабаты түзiлу үшiн 100 жыл, ал қалыпты температурада 90 см қабат жасалу үшiн 15-16 мың жыл қажет. Топырақтың құнарлы қабатының қалпына келуiне ыстық пен аяздың кедергiсi көп. Мысалы, Сiбiрдiң салқын жерлерiнде топырақ қабаты баяу жасалынатындықтан жер қыртысынан бұзылмаған мамонттардың қалдығы табылуда.
Жер бетiндегi халықтың iс-әрекетiнен жер бедерi өзгерiп, ол топырақ сапасына керi әсер етуде. Осыған байланысты топырақ қорғау мәселесi туып отыр. Жер бетiнде құнарлы топырақтың көлемi жылдан-жылға азаюда. Осылайша жердiң барлығы айдалып, жыл сайын жаңа өндiрiстер, жолдар, аэродромдар, су қоймалары т.б. салынып көп көлемдi құнарлы жерлердi иемденуде. Көп жерлерде топырақ улы химикаттармен және өндiрiс қалдықтарымен ластанып жатқанын терiске шығара алмаймыз.
Жер бетiнiң мәңгi мұздықтар, бархан, жартас басқан бөлiгiнен басқасын топырақ жауып жатыр. Барлық құрылықтың ауданы шамамен 14800 млн га. Оның iшiнде 4060 млн га (28%) орман алып жатыр, 2600 млн га (17%) шалғындық пен жайылым, 1,450 млн га (10%) өңделетiн жер, 6,690 млн га (45%) шөл, шөлейт, мұздықтар, өндiрiс орындары, тұрғын үйлер, яғни құнарлы топырақсыз аудандар алып жатыр.
Эрозия” деген термин латынның “erosia” – үгiтiлу, бүлiну деген сөзiнен алынған. Топырақ эрозиясы – топырақ қабатының әртүрлi факторлардың әсерiнен үгiтiлiп бүлiнуi.
Топырақ эрозиясы табиғи және жасанды күштердiң әсерiнен пайда болады. Табиғи эрозия табиғи күштердiң (судың, желдiң) әсерiнен болады. Мұнда топырақтың бүлiну, үгiтiлу жылдамдығы оның пайда болу жылдамдығымен бiрдей жүредi. Бұл қалыпты геологиялық процесс.
Табиғатта табиғи геологиялық эрозиямен қатар жасанды эрозия жүредi. Эрозияның бұл түрi адам әрекетiнiң нәтижесiнде пайда болады, әрi оның үгiтiлу жылдамдығы пайда болу жылдамдығынан 100-1000 есеге дейiн жоғары.
Топырақтың беткi құнарлы қабатын гумус деп атайды. Топырақтың көптеген түрлерiнде оның қалыңдығы шамамен 20-25 см. Гумус қабаты түзiлу үшiн 2-7 мың жыл уақыт қажет. Ал жылдам жүретiн жасанды эрозияның әсерiнен гумус қабаты небары 20-30 жыл iшiнде бүлiнiп бiтедi. Ал кейбiр жағдайларда бiр ғана күштi дауылдың немесе үлкен тасқынның әсерiнен жуылып кетуi мүмкiн. Құнарлы топырақ бүлiнген соң ондай жерлер жарамсыз болып қалады, өсiмдiк өспейдi, егiстiкке жарамайды. Топырақ – дұрыс эксплуатация жасаса өз қасиетiн жоймай дұрыс сақталатын, құнарлылығы арта түсетiн табиғи ресурс.
Жасанды эрозия мынадай себептерден пайда болады: орман алқабын жоспарсыз, бақылаусыз кесуден, жайылымдарда ұзақ уақыт мал табындарын жаюдан, көлбеу жазықтықтарды дұрыс жыртпаудан, жер өңдеу әдiстерiн дұрыс меңгермегендіктен.
Орман топырақты эрозиядан сақтайтын негiзгi қорғаныш. Жоғарғы белдеудегi iрi ағаштар күштi тамыр жүйесi арқылы және төменгi белдеудегi шөптесiн өсiмдiктер мен бұталар өздерiнiң тарамдалған ұсақ тамырлары арқылы топырақты ұстап тұратын тор түзедi. Олар жауын, қар суларын ағып кетуiне кедергi жасап, топыраққа сiңуiне мүмкiндiк жасайды. Осылайша жер асты суларының қоры байытылып, топырақ ылғалдылығы қалыпты мөлшерде сақталады. Кейбiр есептеулерге қарағанда массасы 1 кг болатын 1 м3 құрғақ мүктiң массасы күштi жауындардан соң 5 кг артады. Сонда 10 мың га орманға 500000 м3 су қоры сақталады екен. Орман кесiлген соң топырақ қорғанышынан айырылады, су өзiмен бiрге топырақтың түйiрлерiн, яғни беткi қабатын жуып кетедi. Нәтижесiнде топырақтың ылғалдылығы кемидi, жер асты сулары тартылады. Күн сәулесiнiң әсерiнен топырақтағы судың булану мөлшерi артады. Орманмен салыстырғанда ашық алаңдарда топырақтағы судың булануы 3 есе жылдам жүредi.Күн сәулесiнiң әсерiнен қорғансыз қалған топырақ қатты қызып, микроорганизмдер және гумус қабатын түзуге қатысатын өсiмдiктер мен жә ндiктердiң өмiрiне қауiп төнедi.
Топырақты мекендейтiн ағзалар, мысалы құрттар, насекомдар, балдырлар, саңырауқұлақтар мен бактериялар топырақтың химиялық құрамын түзуде маңызды роль атқарады. Орман ауданының қысқаруы сол жердiң климатына көп өзгерiс енгiзедi.
Топырақ эрозиясын өз кезегiнде желдiң, судың және техниканың әсерiнен болатын эрозиялар деп бөледi. Топырағы бос қалған еңiстеу жерлер, қыратты жерлер жаңбыр-қар суларының әсерінен жиі эрозияға ұшырайды. Беткейлерді тігінен төмен қарай жырту, тыңайтқыш бермей бiр дақылды бiрнеше жыл бойы егу де топырақтың эрозиясын күшейтедi.
Су эрозиясымен күресу үшiн, көлбеулiгi 20-қа жететiн беткейлердi көлденең жырту керек. Ал көлбеулiгi 20-тан асатын жерлердi көлденең жырту көмектеспейдi, ол үшiн қатарларды реттеп түрлi агротехникалық шаралар қолданылады. Сонда көлденең қатарлар суға тосқауыл бола алады.
Жыл сайын жер шары 6-7 млн га құнарлы топырағынан айырылады. Қазақстанның жер көлемi өте үлкен, көп бөлiгiн шөлейттi аймақтар алып жатыр. Ол аймақтарда халық негiзiнен мал шаруашылығымен айналысады, мал табындарының әсерiнен жайылымдардың шөбi жойылып, топырақ жел эрозиясына ұшырайды. Ылғалы аз, өсiмдiк тамыры жерге бекiп үлгермеген жерлердiң топырағы күштi жел ұшырып кетедi. Мұндай жағдайлар Қазақстанның солтүстiгiнде, Украинада, Кавказда, Ресейде Волга өзенiнiң жағалауларында жиi болып тұрады. Көтерiлген топырақ шаң түрiнде мыңдаған км-ге дейiн жетедi. Күштi дауылдар кейде 7-10 см-ге дейiнгi құнарлы топырақ қабатын ұшырып кетедi.
Топырақты ластанудан, тұзданудан және батпақтанудан қорғау

Топырақ құнарлылығын сақтаудың негiзгi шараларының бiрi оны химиялық заттармен уланудан қорғау болып табылады. Халық шаруашылығының барлық салаларының химизациялануы топырақтың химиялық қоспалармен ластану көлемін арттырады. Мысалы, минералды тыңайтқыштарды дұрыс таңдамау топырақтың қышқылдылығының немесе сiлтiлiгiнiң артып кетуiне әкеледi. Әсiресе климаты құрғақ аудандардың топырағы сiлтiленуге бейiм, сондықтан мұндай топырақтарға ортаны қышқылдандыратын суперфосфат, аммоний сульфаты сияқты тыңайтқыштарды пайдаланған жөн. Ал қышқылдылығы басым топырақ үшiн керiсiнше ортаны сiлтiлендiретiн таңайтқыштарды – натрий және калий селитрасын, т.б. пайдаланған орынды.
Топырақтың қасиетiне, құнарлылығына пестицидтердiң де керi әсерi көп (гербицидтер, инсектицидтер). Олар егiстiктердi әртүрлi аурудан, арам шөптерден, зиянкестерден қорғауда маңызды роль атқарса да, топырақтағы микроорганизмдердің, жәндiктердiң өмiрiне айтарлықтай зиянды әсерi болады. Пестицидтердiң қалдықтары мен ыдыраған өнiмдерi су, тағам арқылы адам ағзасына түсiп зиянын тигiзедi.
Топырақты ластаушы заттардың қатарына металлургия зауыттарынан, автомашиналардан бөлiнген зиянды қалдықтар, шахталардан бөлiнген күкiрттi қышқыл сулар, мұнай өндiрiсiнiң қалдық өнiмдерi, құрылыс материалдарын жасайтын өндiрiстердiң шаңдары жатады. Әсiресе металлургия және химия өндiрiстерiнiң айналасындағы топырақ қалдық заттармен интенсивтi ластанады. Топырақта мышьяк, сынап, фтор, қорғасын, мыс, мырыш, кадмий, т.б. элементтер жиналады. Топырақ металл шаңдарымен, мышьяк, суперфосфат немесе күкiрт қышқылымен әрекеттессе өсiмдiктердiң тамыр жүйесiн уландырып өсуiн тоқтатады. Өндiрiс процесiнiң технологиясы қоршаған ортаға зиянды қалдықтар бөлмейтiндей, ортаны ластамайтындай дәрежеде ұйымдастырылуы керек. 1944-1945 жылдардан бастап табиғи объектiлер радиоактивтi заттармен ластана бастады.
Топырақтың тұздануы бiрiншiден, жоспарсыз көп суаруға және жер асты суларының қорына байланысты. Жер бетiне жақын жатқан минералды жер асты сулары топырақ капиллярлары арқылы көтерiлiп буланып, тұзы топырақта қалып қояды. Атап айтсақ, натрий мен магнийдiң карбонаттары мен сульфаттары. Екiншiден, егiстiктi шамадан тыс көп суарғанда жер асты сулары көтерiледi.
Топырақтың батпақтануы да су режимiне байланысты, яғни топырақ ұзақ уақыт ылғалданып жатуынан пайда болады. Мұндай жағдайлар әсiресе су қоймаларына жақын жерлерде байқалады. Ылғалды жерлердегi орман алқабын түгел кесуден де топырақ батпақтанады.
Батпақтанумен күресу үшiн су режимiн реттеп, мелиорация жұмыстарын дұрыс жүргiзу керек. Батпақтанған жерлердi немесе табиғи батпақтарды құрғатқан соң ол жердiң топырағына егiлген дәндi дақылдардан (бидай, жүгерi), көкөнiс өнiмдерiнен көп өнiм алуға болады. Бiрақ құрғату кезiнде жер асты сулары 1,5 метрден төмен түсiп кетпеуi керек, ондай жағдайда шымтезек тез тотығып, жер астынан ылғалдану нашар жүредi, топырақтың құнарлылығы төмендеп кетедi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет