Топырақтың тыңайтқыш қалдықтары және пестицидтермен ластануы Қазiргi кезде ауыл шаруашылығына пайдалану үшiн әлемдiк өндiрiсте жыл сайын 330-350 млн тонна минералды тыңайтқыштар өндiрiледi. Ауыл шаруашылық дақылдарынан сапалы өнiм алу үшiн негiзiнен азот, фосфор және калий тыңайтқыштары қолданылады. Минералды тыңайтқыштарды сiңiру эффектiлiгi белгiлi бiр дәрежеде қоректiк элементтер мен өсiмдiктердiң биологиялық ерекшелiктерiнiң қатынасымен анықталады.
Нитрат түрiндегi азот тыңайтқыштары өсiмдiктерге азоттың тез әсер ететiн көзi болып табылады. Осыған байланысты, оларды бiркелкi пайдаланбау нитраттардың азық-түлiк өнiмдерiнде артық мөлшерде жиналып, сапасын төмендетедi.Нитраттарды мөлшерсiз пайдалану өсiмдiктердiң бүкiл вегетациялық дәуiрiндегi азотқа қажеттiлiгiне қарай өте дәлдiкпен есептелiп жүргiзiлуi керек.
Азотты тыңайтқыштарға аммиак селитрасы-NH4NO3; аммоний сульфаты- (NH4)2SO4; мочевина немесе карбамид- CO(NH2)2; кальций цианамидi- Ca(CN)2; сұйық аммиак (NH3) жатады. Азотты тыңайтқыштардың топырақта еруiне жауын-шашын мөлшерi мен қажеттi мөлшерде суару әсер етедi. Ылғалдылық артып кеткен жағдайда нитраттар тамырдың таралу аймағынан шығып кетедi, ол оның өсiмдiктергi мөлшерiн төмендетедi.
Топырақта немесе өсiмдiкте нитраттардың жиналуы топырақ-климат жағдайларынан басқа олардың пайдаланылған мөлшерiне байланысты. Нитраттармен жер бетiндегi және жер астындағы сулардың ластануы топырақтың бетiн тазартылмаған тұрмыстық және өндiрiстiк сарқынды сулармен жуып өткенде, сонымен қатар азот тыңайтқыштарын жоспарсыз, артық мөлшерде пайдаланудан болады. Тәжiрибелер көрсеткендей, азот тыңайтқыштарын интенсивтi пайдалану азық-түлiк өнiмдерiнiң сапасы мен қоршаған ортаға керi әсер етедi, әсіресе бiрқатар экологиялық факторлар жетіспесе (жарықтың жетiспеуi, су тепе-теңдiгiнiң бұзылуы, қорек мөлшерiнiң ретсiздiгi, т.б.). Нәтижесiнде ол жануарлар мен адам ағзасына зиянды, артық мөлшерде жиналады. Нитраттар барлық азық-түлiк өнiмдерi үшiн өте қажет, алайда артық мөлшерi адам мен жануарлар үшiн қауiптi. Себебi, олар уландыру арқылы ағзадағы зат алмасуды бұзады, иммунды жүйенiң қызметiн төмендетедi, т.б. Әсiресе олар жас емiзулi балалар үшiн өте қауiптi, олардың ағзасына түскен жағдайда гемоглобиннiң 20-25%-i метагемоглобинге алмасып адам тұншыға бастайды. Адамдардың улануы- көкөнiстер мен бақша дақылдарында нитраттардың көп жиналуынан болады.
Жарық көп түскен жағдайда нитраттар аминқышқылдарына активтi ауысады. Сондықтан қыс айларында теплицада өсiрiлген көкөнiстерде нитраттар көп болады. Топырақта ылғал жетiспесе де өсiмдiктерде нитраттардың мөлшерi артады.
Қоршаған ортада нитраттардың артық мөлшерде болуынан су ластанады. Әсiресе судағы нитратты азот қауiптi. Оның белгiленген шектеушi концентрациясы - 11,3 мг/л. Су көздерiне азот ауыл шаруашылық алқаптарынан шайынды су арқылы түседi. Су көздерiн нитраттармен ластанудан қорғаудың жолы- тыңайтқышты өз мерзiмiнде, арнаулы әдiсiмен, өсiмдiктiң оны сiңiру динамикасын ескерiп пайдалану және оларды себудiң жетiлген әдiстерiн меңгеру.
Өсiмдiктерге фосфор тыңайтқыштары да қажет. Фосфордың азоттан айырмашылығы жылжымалылығы төмен, сондықтан топырақта сол күйiнде, көп мөлшерде қалып қояды. Фосфор тыңайтқыштарын үзбей пайдалану, топырақта фосфат қалдықтарының көп жиналуына, яғни өсiмдiкке себiлген фосфаттардың 22,6%-тi ғана сiңетiндей жағдайда жиналуына әкеледi.Фосфор тыңайтқыштары-фосфорит Ca5(PO4)3F; суперфосфат- Ca(H2PO4)2 H2O; қоссуперфосфат- Ca(H2PO4)2. Ауыз судағы фосфордың мөлшерi 10 мг/л аспауы қажет.
Фосфор тыңайтқыштарын топыраққа артық себу, топырақтағы өсiмдiктерге қажеттi микроэлементтердiң мөлшерiн азайтады және оның құрамындағы фтор мен кадмиймен ластануына әкеледi. Фосфор өте улы. Ол көп мөлшерде қоссуперфосфатта болады. Кадмий жануарлар мен адам денсаулығы үшiн өте зиянды. Кадмий өсiмдiктерге сiңiрiледi, азық-түлiк өнiмдерiнде жиналады.
Пестицид дегенiмiз- латын тiлiнен аударғанда “pestis”- зиянкес, “caedo”- өлтiремiн, жоямын деген сөзiнен шыққан. Бұл топтағы улы химикаттар- арамшөптермен (гербицидтер), зиянкес жәндiктермен (инсектицидтер), микроорганизмдермен (бактерицидтер) күресу үшiн қолданылады. Пестицидтердi көп жылдар бойы авиациямен себу нәтижесiнде (ауыл шаруашылығына және орман алқаптарына) қоршаған ортаның кең көлемде ластануы байқалды. Пестицидтердiң молекуласы табиғи процестердің миграциясымен қатар жүредi. Олар атмосферада желмен бiрге үлкен қашықтықтарға таралады. Бұл заттар егiстiк алқаптарынан судың ағынымен көлдер мен өзендерге түседі, содан соң әлемдiк мұхиттарға құяды. Бiрақ ең бастысы олар экологиялық тағамдардың құрамына енедi. Ол ең алдымен топырақтан және судан өсiмдiкке енедi, сосын жануарлар мен құстарға, ал ең соңында тағамдармен және сумен адам ағзасына келiп түседі. Олар әр көшу сатысында көптеген зиян келтiредi.
Уақыт өте келе ауыл шаруашылығына зиян келтiретiн жәндiктер бұл заттардың химиялық қасиетiне бейiмделедi, соның нәтижесiнде пестицидтердiң әрекетшiлдiгi төмендеп кетедi. Пестицидтердiң тұрақтылық және токсиндiк қасиеттерi тiрi табиғатқа және адам өмiрiне өте қауiптi. Олардың қоршаған орта факторларына, яғни күн сәулесiне, оттегiне және т.б. факторларға тұрақты болуы қауiп төндiредi.
Бiздiң елiмiзде пестицидтердiң қолданылуы негiзгi мәселелердiң бiрi болып отыр. Мысалы, Молдова елiнде құдық суларының жартысына жуығы iшуге жарамсыз. Қара топырақтар пестицидтерге толы. Бұл жағдай табиғатқа көп зиян келтiруде. Мұның себебi, Молдова елiнiң көп аудандарында улы химикаттар қойылатын қоймалар жоқ. Соның салдарынан бұл улы заттар желмен, жаңбыр суымен ауыз суларға зиян келтiредi.
Жылдан жылға пестицидтердiң пайдалану түрлерi өзгеруде. Олар түйiршiктi, ұнтақ тәрiздес болып шығарылуда. Оларды аздап мөлшермен себу керек. Пестицидтердiң активтiлiгiн көтеру және әсер ету концентрациясын төмендету үшiн көптеген әрекеттер жасалынуда. Бұл жағдайда олар жануарлар мен адам өмiрiне қауiпсiз. Егер пестицидтердiң бiрiншi пайдаланылғандары қоршаған ортаны қатты ластайтын болса, ал екiншi рет пайдаланылған пестицидтер бiрiншiсiне қарағанда өте қауiптi болып келедi. Қазiргi кезде шығарылған препараттардың iшiнде күштi және ұзақ уақыт әсер ететiн түрлерi де бар. Олардың көпшiлiгi микроорганизмдердiң, күн сәулесiнiң, су және ауаның әсерiнен қарапайым, зиянсыз заттарға тез, бiркелкi орналасады. Қауiптi зиянкестердiң жаңа түрлерi және фитопатогендiк микробтардың пестицидтерге тұрақтылығын туғызады.
Қазiргi уақытта зиянкестердiң шамамен 130 түрлерi ауыл шаруашылығына көптеп зиян келтiруде. Олар хлорорганикалық және фосфорорганикалық препараттарға өте тұрақты. Бұл заттардың топырақта және су қоймаларында жиналуын болдырмау микробиологияның күштi дамуына байланысты. Пестицидтердiң бiр топырақта ұзақ қолданылуы микрофлораның жиналуына әкеледi, ал улы химикаттардың ауысып тұруынан бұл процесс қиындайды. Сол себептi бiр жағынан бұл препараттардың тез ауысып тұруы тұрақты паразиттерге керi әсер етсе, 2-шi жағынан топыраққа микрофлораның жиналуына қарсы әсер етедi. Қазiргi кезде зиянкестердi жоюдың арнайы түрлерi бар. Олар тұрақсыз болып келген, зиянкестердi тез жояды, бiрақ зияны жоқ. Қазiр ауыл шаруашылығында пестицидтердiң әсер ету спектрлерi төмен түрлерi пайдаланылады. Олар қоршаған ортаға зиян келтiрмейдi. Оларды өсiмдiктерде қолданудың арнайы жүйесi болу керек. Пестицидтердiң ауыл шаруашылығында қолданылуы қатаң экологиялық ережеге сәйкес болуы керек. Соңғы 10 жылдың iшiнде ауыл шаруашылығында пестицидтердiң 58 жаңа препараттары енгiзiлдi. Олардың 26 отандық өндiрiстен шыққан. Бұл құралдарды ұнтақ күйiнде шаңдатып сепкенге қарағанда, сұйық күйiнде себелеуден ауа ластанбайды. Қоршаған ортаның ластанбауына бұл препараттардың түйiршiктi түрiнiң маңызы өте зор.
Өсiмдiктердi қорғаудың биологиялық әдiсi- шаруашылықтағы қажет емес ағзалардың санын басқа ағзалар түрiмен жою, олар жыртқыш жануарлар, аз көлемдегi өсiмдiктердiң арнайы түрлерi немесе паразиттер. Бiздiң жерiмiзде ауыл шаруашылығына зиян келтiретiн зиянкестердiң бiрнеше ондаған мың түрлерi бар. Оның ең негiзгiлерi- энтомофагтар. Бұл зиянкестерге жәндiктердi, құстарды жатқызуға болады.
Биологиялық әдiс табиғат фаунасына еш зиян келтiрмейдi. Бұл әдiстi ауыл шаруашылығында кең қолданады. Зиянкестермен күресу үшiн трихограмма қолданылады. Трихограмманы капуста, мақта, бұршақ тұқымдастарды өсiргенде, олардың зиянкестерiн жою үшiн қолданылады.
Ауыл шаруашылығында қазiргi кезде биопрепараттар жасалынуда. Бұл препараттарды саңырауқұлақтарды, вирустарды қолданудан алды. Олардың мынандай түрлерi бар: энтобактерин, боверин, дендробациллин, фитобактериомицин, т.б.