Лекциялар жинағы дәріс №1 Тақырып: Кіріспе. Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану – тұрақты дамудың бір аспектісі Жоспары


Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық қарым-қатынас



бет33/52
Дата19.02.2023
өлшемі237 Kb.
#169310
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52
Байланысты:
ЭжӨҚ, Лекция жинағы, 2023ж.

Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық қарым-қатынас.
Әлемдік экологиялық проблемалардың негізі - процестер мен құбылыстардың халықаралық деңгейге шығуында жатыр, бұнда адамзат цивилизациясының тіршілігінің негізгі әрекетін қозғап өтіп, өзінің шешімін шешуге бүкіләлемдік қауымдастық қатысуын қажет етеді. Кейбір табиғи ресурстардың халықаралық ерекше статуста екенін әлемдік мұхит ресурстары, ауа атмосферасы, антарктида, ғарыш. Бұл жерде барлық күшті біріктіре отырып, оларды ұтымды, тиімді, жоспарлы, табиғаттың тепе- теңдігіне экологиялық зиян әкелмейтіндей, қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру жолдары мен әдістерін шешуге жұмылдыру керегіне баса көңіл аударуға проблемасы қойылып отыр.
Адамзат баласының экологиялық проблемаларды шешуге күш салу қажетгілігін XX ғасыр басында В.Н.Вернадский айтқан болатын. Әлемдік даму моделінің нәтижесі дәлелдегендей, мемлекеттер, ұлттар экологиялық проблемаларды шешуге міндетті түрде өте жауапкершілікпен келу керектігі, яғни халықаралық қарым - қатынастың бірнеше негізгі бағыттарын бөлігі көрсетуге болады:
1. Шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында адамзат баласының қолы тимеген және экологиялық тепе - теңдікті ұстап тұруға себебін тигізетін табиғи жүйелерді сақтау;
2. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде табиғи ортаның ассимиляциялық потенциалын қорғау;
3. Халықаралық экологиялық жауапкершіліктің тиімді жүйелерін жасау (соның ішінде, әскери қимылдар кезінде қоршаған ортаны бүлдіру үшін жауапкершіл ік).
Қоршаған орта проблемасы, оның қазіргі кең таралуы Стокгольм конференциясынан (1972 ж.) бастау алады. БҰҰ шешіміне сәйкес жеке ұйым құрылған болатын, оған табиғат қорғау саласындағы хапықаралық ынтымақтастықты әлемдік масштабта ұйымдастыру міндеті жүктелген еді. Бұл оған қоршаган органы қорғау сапасындағы БҰҰ бағдарламасында ЮНЕП деп атапады. Осы орган тұрақты негізде жұмыс жасап жатыр, оның штаб пәтері Найроби (Кения) орналасқан. Айнала қоршаған ортаны қорғау көп қырлы, кешенді проблема екені белгілі, бұған байланысты ЮНЕП қызметіне қосымша оның кейбір жеке аспектлерімен келесі мамандырылған ұйымдар, БҰҰ басшылығымен жұмыс істейді: ЮНЕСКО - “Адам және биосфера”бағдарламасы бойынша жұұмысты орындайды, адам мен айнала орта байланысы және оның әлеуметтік - экономикалық факторларының дамуында зерттеулер жүргізеді; ЮНЕСКО БҰҰ мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен бітімгершілік келісім - шарттарын жүргізуге ықпал жасайтын арнайы мамандырылған мекеме. Оның негізі 1946 жылы құрылған. Штаб - пәтері Францияның астанасы Париж қаласында орналасқан.
ФАО - ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және өндіруді жақсарту міндетін атқарады, агросфераға инвестиция тартуға, топырақ құнарлығын арттыру мен жер ресурстарын ұтымды пайдалану,қорғау, жаңа және өзгеше энергия көздерін өндіруді, игеруді ықпалын тигізуге көмектеседі. ФАО негізі 1945 жылы құрылған. Бұл мекеменің штаб - пәтері италияның астанасы Рим қаласында орналасқан.
ВОЗ (Әлемдік деңсаулық сақтау ұйымы) - әлем халықтарының деңсаулығын қадағалайды, экологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсаты жүктелген, оған тұщы сумен қамтамасыз жасау, тамақ және қалдықтарды жою міндеттері қамтылған. ВОЗ мекемесі 1946 жылы құрылды. Әртүрлі қауіпті ауру түрлеріне қарсы емдеу шараларын іздестіреді, халықаралық деңгейдегі санитарлық ережелерді жасайды, сондай - ақ емдеу дәрілерінің сапалық жағын тексереді. Дамушы елдердегі халық деңсаулығын жақсартуға көмектеседі. Штаб - пәтері Женева қаласында орналасқан.
ЮНИДО - халықаралық жаңа экономикалық тәртіпті бекіту және өнеркәсіптің дамуына оң ықпал жасау мен қолдау жүктелген;
МАГАТЭ - радиациядан қорғану, қауіпсіздік шараларын жасау міндеті бекітілген, бұған радиоактивтік материалдарды айнала ортаға экологиялық зиянын тигізбей тасымалдау мен қалдықтарды жою міндеті тапсырылған. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану ісінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында пайда болған агентгік. Қазіргі кезде бұл агенттік барлық елдердегі атом электр станцияларының қауіпсіздігін қадағалайды. Бұл агенттік 1957 жылы БҰҰ шешімімен құрылған, штаб - пәтері Вена қаласында орналасқан.
ВМО (Әлемдік метеорологиялық мекеме) - бұл мекеме негізі 1873 жылы құрылған, бірақ 1947 жылдан бастап БҰҰ құрамына енді. ВМО басшылығымен әлемдік ауа райын бақылау қызметі жұмыс істейді, оның негізгі міндеті планетадағы табиғат күштері мен құбылыстары жайлы жалпы мәліметтер мен бақылау жасау. Бұл ұйым метеорологиялық бақылау мен зерттеу бағытында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай - ақ ұлттық метерологиялық қызметгің жұмысын үйлестіру. Штаб - пәтері Женева қаласында орналасқан.
МСОП (Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудағы халықаралық одақ) - бұл одақ ЮНЕСКО және ФАО жанындағы халықаралық кеңес пен ұсыныс беруші мекеме. МСОП әлемдік табиғат қорғау стратегиясын жасады және барлық елдерге оны орындау жөнінде ұсыныс береді. МСОП 1948 жылы құрылған. Ұйымның орналасқан қаласы Глан (Швецария).
Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың халыкаралық ынтымақтастығы қызметі халықаралық экологиялық құқығымен реттеледі. Оның негізінде барлық елдер келісіп, қабылдаған принциптер мен нормалар жатыр. Осы принциптердің қалыпасуына маңызды үлес қосқан БҰҰқоршаған ортаны қорғау проблемасы жөніндегі Стокгольм конференциясы (1972ж.), Әлемдік табиғат партиясы мақұлдаған (1982ж.) және Халықаралық БҰҰ конференциясы айнала қоршаған орта және дамыту Рио- де- Жанейро (1992ж.). Халықаралық ынтымақтастықтың негізгі экологиялық принциптерінің даму тарихын үш кезеңге бөліп көрсетуге болады:
1.Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ Стокгольм конференциясы (1972 ж.) мемлекеттер және халықаралық қоғамдастыктың экологиялық саясатындағы маңызды кезеңі басталуын белгілеп берді. Конференцияның қорытындысы бойынша Декларация қабылданды, бұнда әлемдік қауымдастықтың айнала қоршаған ортаны қорғаудың стратегиялық міндеті, жұмыс жасау бағыты анықталды. Стокгольм конференциясы 5 маусымды Халықаралық қоршаған орта қорғау күні деп белгіледі. Конференцияда БҰҰ қоршаған орта жөніндегі тұрақты жұмыс органы құрылды, оның штаб - пәтері Найроби қаласы (Кения) таңдап алынды. Қабылданған бағдарламада негізінен үш бағыт, табиғатты қорғау жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлауда:
-айнала ортаны бағалау - әлемдік бақылау жүйесі;
-айнала ортаны басқару;
-көмекші шаралар, қоршаған орта сферасында білім беру және мамандар даядлау;
Аталған ұйым басқа халықаралық ұйымдардың қоршаған орта компоненттері - жер, су, атмосфера, өсімдік және жануарлар әлемін қорғау, сақтау, қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырып үйлестіреді.
Әлемдік табиғат партиясы БҰҰ Бас Ассамблеясы 28 қазан 1982 жылы қабылдаған. Стокгольм конференциясы сияқты, Әлемдік табиғат хартиясы Халықаралық қауымдастықтың экологиялық қызметінің басты бағыттарынанықтады, бұл мемлекеттердің экологиялық саясаттарын әрі қарай қалыптасуына өзіндік үлесін қосты. Ғалымдар мен мамандардың зерттеулері бойынша әлемдік табиғат хартиясы қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың халықаралық құқықтық принциптерін дамыту жолында ілгерілеушілікке ұол жеткізеді. Хартияда келесі негізгі принциптер жарияланады:
-адам баласы, табиғаттың құрамдас бөлігі екенін саналы түрде үғынады. Сондықтан, табиғатқа құрметпен қарап, оның негізгі принциптерін бұзбауға тиіс;
-жер бетіндегі өмір тіршілігінің генетикалық негізі қауіпке тірелмеу керек. Әрбір түрдің көбейіп таралуына жабайы немесе үй жануары болсын, оған жағдай туғызылуы, яғни қажетті тіршілік ортасы сақталсын;
-жер бетіндегі барлық региондар, құрлық, теңіз болсын қорғау заңдылықтарына бағынышты болғаны жөн, бөлек қорғалумен қамтамасыз етілуі қажет, ерекше аймақтар - барлық экожүйе түрлері және сирек, жойылып бара жатқан флора, фауна тіршілік ортасы;
-табиғи ресурстарды қолдауда ысырап етуге жол бермеу, олар пайдаланылуы тиіс орынды, табиғат хартиясы принципі талап етуі бойынша;
- биологиялық ресурстар өздерінің қалпына келу мүмкіндігі мөлшерінде ғана пайдаланылғаны жөн, бірнеше рет қайталанып қолданылатын ресурстар суды қосқанда айналымға жіберген дұрыс.
Хартия мәлімдегендей, табиғи ресурстарды аяусыз және ұтымсыз пайдалану нәтижесі, сондай - ақ мемлекеттер мен халықтар арасында тұрақты экология - экономикалық тәртіпті орнату қабілетінің жоқтығы цивилизация негізін жояды.
БҰҰ қоршаған орта және оны дамыту конференциясы (Рио - де- Жанейро 3-4 маусым 1992ж.) Рио - де - Жанейро қаласында 114 мемлекет басшылары 1600 мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері бас қосты. Бұл XX ғасыр тарихындағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі тарихи конференция болды.
Конференция 5 негізгі құжатты мақұлдады:
-деклаларация қоршаған орта және оның дамуы;
-XXI ғасыр күн төртібінде;
-мәлімдеме барлық орман түрлерін сақтау және тұрақты дамуды басқару принциптері;
-конвенция климаттық өзгеру проблемасы жөніндегі;
-конвенция биологиялық түрлер туралы.
БҰҰ конвенциясын маңызды қолжеткен келесі факторлардықол жеткен келесі факторларды мойындауды мақұлдады:
- қоршаған орта экономикалық даму проблемасыбір- біріменбөлек қарастырылмайды;
-жер экожүйесінің тұтастығын, тепе теңдігін қалпына келтіру, қорғау, сақтау міндетіне байланысты барлық мемлекеттер серіктестік құрып қызмет жасауы тиіс;
- әлем, айнала орманды қорғау және дамуы өзара байланысты және бөлінбейді;
Мемлекеттердің әлемдік қауымдастығының экологиялық стратегиялық негізін жасауға тұрақты даму концепциясы ұсынды.
Конференцияда келесі мәселелер атап көрсетілді: тұрақты даму, оның мәнісі, экономикалық даму мен экологиялық проблемаларды бір мезгілде шешу.
Осы конференцияға қатысқан өздері міндеттеме алған мемлекет тұрақты даму жолына түсуі тиіс. Адамдардың тіршілік ортасы барлық биосфсра, біркелкі және тұтас жүйені құрайды, сондықтан да тұрақты экология экономикалық қатынас тек барлық мемлекеттердің келісілген біріккен күші негізінде мүмкін бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет