ДӘРІС №8 Тақырып: Қазіргі заманның әлемдік экологиялық мәселелері, олардың пайда болу себептері және зардаптары. Жоспар: 1. Қатты қалдықтарды тиімді пайдалану және жою.
2. Қазақстанның өзекті экологиялық мәселелері және тұрақты даму.
3. Қазақстанның радиоактивті қалдықтары.
4.Ерекше қорғалатын табиғи территориялар.
Дәріс мақсаты: Студенттерді тұрақты даму тарихымен, мақсаты, міндеттері, мәселелерімен таныстыру. Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық қарым-қатынастарымен таныстыру.
Тұрақты даму, мақсаты, міндеттері, мөселелері Тұрақты даму дегеніміз - келесі ұрпақтардың өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру мүмкіндіктеріне зиян тигізбей, бүгінгі күн қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоғам мен табиғаттың үйлесіп даму үрдісі. Тұрақты даму табиғи қорлардың байлығы мен біртұтастығы толық сақталатындай етіп тиімді пайдалануға бағытталған. Ол адам дамуы мәселелеріне денсаулық, тамақтану, жұмысбастылық пен тағы да басқа мәселелердің бірқатарын ескере отырып кешенді түрде қарау қажет деген ұғымды білдіреді.
Тұрақты дамуды қамтамасыз етудің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызамыз:
• Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру ;
• Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиімді жүйесін құру;
• Табиғи қорларды теңестірілген пайдалану негіздерін қалау.
Экологиялық мәселелерге байланысты осы міндеттерді іске асыру, тұрақты даму мәселесін шешу жолдары болып табылады.
Жер бетіндегі тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.Тұрақты даму мәселесін шешу үшін, ең қарапайым тәсілі әр адамның экологиялық сауатсыздығын жоюдан бастау керек. Адамның ең негізгі мақсаты - биосфераны қорғау және сақтап қалу.
Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі - биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр.
1987 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «Қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Осында алғаш рет «Тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.
1992 жылдың маусым айында Рио- де- Женейро қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰҚ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атгы конференциясы «Тұрақты даму» конференциясын және «XXI ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады- Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Солардың ішінде негізгі мәселелсріне тоқтала кетсек:
• Кедейлікпен күрес. Еңбек ақыны қамтамасыз етуі, кедейлердің өзін- өзі қамтсыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту. Еңбекке жарамды халықтың санын арттыру. Табиғат ресурстарын сақтау және тұрақты даму. Білім беру жүйесін жетілдіру. Отбасын жоспарлау.
• Тұтынудың құрылымын өзгерту: Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.
• Халық және тұрақтылық: 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны 5,5 миллиард астам болды. Ғалымдардың болжауынша 2020 жылы 8 млрд.-қа жетеді.
• Адам денсаулығын сақтау мен жақсарту: Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады.
• Түрақты тұрғын жерлер (Урбанизация)
• Атмосфераны қорғау: Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі- энергияны өндіру мен тұтыну.
• Ормандарды жоюмен күрес: Топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуан түрлілігін сақтауда маңызды роль атқарады. Үкіметтерге ормандардың тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру қажет.
• Шөлдену мен құрғақшылықпен күрес;
• Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану;
• Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану;
• Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру
• Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою
• Радиоактивті қалдықтарды жою
• Балалар мен жастардың тұрақты дамудағы ролі
•Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру:
Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазакстан Рсспубликасының экологиялық саясаты белгіленді». Республика президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді.
1992-1998 жылдары аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып, ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты. Аралды сақтап қалуға арнал;ан интеграциялық процестердің ұйытқысы болды.
Билогиялық алуантүрлілікті сақтау концепциясына сәйкес биологиялық алуан түрлшікті қорғаудыңҰлттық баяндамасы қабылданады.
Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен байланысты мәселелерге мыналар жатады:
• Қаржы ресурстары және оларды пайдалану механизмі;
•Экологиялық қауәпсіз технологияларды қолдану;
Тұрақты дамудыңғылыми және ақпараттыққамтамасыз ету. Бұл мәселелердің біздің Республикамыздыңтұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызы ерекше. Бұл мәселелерді шешудің міндеттері «Қазакстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік» концепциясында қарасатырылған
Қазіргі кезде Қазақстан территориясының көптеген бөліктері күшті антропогенді әсерге ұшыраған. Арал маңы аймағы экологиялық қатер аймағы болып табылады. Мұнда шаруашылық қызметінің нәтижесінде қоршаған орта қайтымсыз өзгерістерге ұшыраған, Аралдың экожүйесі бұзылып, халықтың денсаулығының төмендеуі мен өлімнің артуы байқалып отыр.
Қазақстан Республикасының «экологиялық қауіпсіздігінің стратегиялық мақсаты мен міндеттеріне» экологиялық білім және тәрбие беру жүйесін жасауды дамыту жатады.
Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайы ғаламдық шеңберде проблема тудыратын мәселеге айналып отыр. Кеңес дәуірінде ірі өндіріс орындарының күрт дамуына байланысты табиғат мәселлелерін ескермей, тек қана мол өнім алуға көңіл бөліп, ал табиғаттың ерекшелігін ескермей, көптеген зиян әкелгенін енді ғана біліп отырмыз.
Жалпы ірі өндіріс орындарын дамыту 3 факторға байланысты:
1.Шикізаткөзі
2.Адам күші
3.Суресурстары
Осы үш фактордың арақатынасын сақтамай ірі өнеркәсіп орындарын дамыту мүмкін емес. Біздің ірі өндіріс орындарының барлығында жоғарыда аталған экологиялық шарттар ескерілмеген. Ірі өндіріс орындарынан шығатын улы газдар, ауыр металдар, өндіріс орындарынан шыққан лас су көздері, өндіріс орындарының айналасындағы халықтың денсаулығына, топырақтың, ауаның құрамының өзгеруіне үлкен әсер етуде. Қазақстандағы қазіргі қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. Қазақстандағы 182 миллион гектар жайылымның 110 миллионы (60%) әр түрлі деңгейде зиян шегіп отыр. Миллиондаған гектар орманды алқаптар жойылып кетті. Ауыл экологиясының нашарлауы негізінен шаруашылық көзінің қалыптасқан жүйесінің бұзылуына байланысты болып отыр. Мәселені шешуде Елбасының ауыл мәселесін күн тәртібіне қоюы халықтың қызу қолдауын тапты. Еліміздегі экологиялық дағдарысқа химия, мұнай, металлургия, отын өнеркәсібінің жедел және көп мөлшерде дамуы да қатты өсер етуде.
Жыл сайын Қазақстан су қоймаларына химиялық қоспалармен ластанған 6 миллиард м3 ағын су құйылады, 3 млн. тонна зиянды заттар ауа қабатына сінеді, 200 млн. қатты қалдықтар қоқысқа тасталады. Басқа шикізат көздерін игеру ауаны ластаумен қатар жүргізілуде. Республикадағы қазіргі кездегі қалыптасқан экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше өнеркәсіптік аймақтардың экологиялық жағдайына тоқтала кетейік:
Арал теңiзiнiң экологиялық жағдайы
Арал – Қазақстан территориясындағы iрi су айдындарының бiрi болатын. Қазiргi кезде Арал мәселесi, оған жақын жатқан территориялардың шөлге айналуы бiр республика шеңберiнен шығып, бүкiл әлемдi алаңдатып отыр. Ауыл шаруашылығында егiстiктi суаруға жұмсалатын суды үнемдемеудiң салдарынан Арал теңiзiне құятын Сырдария мен Әмудария өзендерiнiң тұщы су қоры сарқылуға жақын. Арал өңiрi экологиялық апат аймағына енгiзiлген. Экологиялық апат жайлаған территорияда 3 млн жуық халық өмiр сүредi. Арал теңiзiнiң мөлшерi 15 м-ге, акваторияның ауданы 40%-ке, судың көлемi – 65%-ке төмендеп кеткен. Топыраққа минералды тыңайтқыштарды жоспарсыз шамадан тыс себу егiстiк жерлердiң улануына әкелдi. Әмудария мен Сырдарияның суында көп мөлшерде улы химикаттар, ауыр металдардың зиянды қоспаларының жоғары концентрациясы табылды. Нәтижесiнде суынан айрылған Аралдың түбi зиянды тұздар жинақталған қауiптi ошаққа айналып отыр. Бұл тұздар шаң түрiнде көтерiлiп алыс қашықтықтарға таралуда. Ауыз сумен қамтамасыз ететiн басқа су қоймаларының жоқтығынан Қарақалпақстанның, Қызыл-Орда, Оңтүстiк Қазақстан облысының халықтарының көп бөлiгi осы уланған суларды пайдалануда. Бұл суда жетiспейдi, оны пайдаланудың өзi Арал өңiрiнде мөлшерден 5-6 есе аз. Пестицидтермен уланған суды iшкен халық ауруға шалдығуда.
1960 жылдардың басында Арал теңiзi Республиканың шөлдi аймағындағы iрi iшкi су айдыны болатын. Оның орташа тереңдiгi шамамен 50 м, су бетiнiң ауданы - 66 мың км2, ұзындығы – 428 км, енi – 284 км болатын. Жалпы судың көлемi 1066 км3 едi.
Мыңдаған жылдар бойы Арал Орта Азияны суық солтүстiк желiнен сақтап отырды. Себебi, жел теңiзден көтерiлген бумен соқтығысып, ауа массасы үлкен биiктiкке “атмосфералық лифт” арқылы шығарылып тасталатын. Соңынан Памир тауларына жаңбыр болып түсетiн.
27 жылдың iшiнде теңiз 640 км3 суынан айрылды. Қазiр онда жартысынанда аз (450 км3) су қалған. Судың тұздылығы 1 литрге шаққанда 11-12 г едi, қазiр – 26-28 г. Теңіздің жалаңаштанған түбiнiң көлемi, соңғы кезде 3 млн га жеттi, әрi жылдан жылға кеңеюде.
Аралды сақтау үшiн Бүкiлодақтық комиссия құрылды. Ол Арал суының таяздануын тоқтататын бiрнеше шаралардың жүйесiн қарастыруда. Космостық мониторинг лабораторияларының зерттеулерiне жүгiнсек, жел Арал өңiрiнде 72 млн т тұзды сеуiп тастаған. Ол тұздар ұшып Сырдария мен Әмудария басын алатын Тянь-Шань, Памир тауларынада шөгуде. Ал ол сумен қоректенген миллиондаған халық улануда. Аралға қазiргi кезде 30-35 км3 су жеткiзiлiп тұрса, яғни қазiргi ауданынан буланып ұшатын су мөлшерiн толықтырса теңiз тұрақтанады. 2005 жылға дейiн 20-21 км3 су құя аламыз деген болжам бар. Толық қалпына келтiру үшiн 1000 км3 су керек. Соңғы 20 жылда осы аймақтардағы халық өлiмiнiң жалпы мөлшерi екi есе өстi. Балалар өлiмiнiң мөлшерi 1000 балаға шаққанда 44,7-ден (1986 жылы) – 71,5-ке дейiн өсiп отыр. Жекелеген аудандарда бұл шама 80-90 жетiп отыр Қарақалпақстан бұрын одақ көлемiнде балалардың дүниеге келуiнен 1-шi орынды ұзақ уақыт бойы иеленсе, ал қазiр өлiм мөлшерi бойынша үлкен көрсеткiшке ие болды. Регионда бала табу қабiлетiндегi әйелдердiң 80%-тi анемиямен ауырады. 1-2 айлық балалардың 90%-де (ауруханаға түскен) ағзадағы тұз мөлшерi артып кеткендiгi анықталып отыр. Соңғы 15 жылдың көлемiнде Қызыл-Орда облысында су арқылы тараған 36 iрi эпидемиялық аурудың ошағы табылды.