Лекциялар жинағы (Жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының студенттеріне арналған) шымкент 2016



бет37/49
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#84735
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49
Байланысты:
лекция орнитология

Самырқұстар тұқымдасы (Вотbycillidае) Европа, Азия және Солтүстік Американың аралас және қылқанды ормандарында, орманды тундрада мекендейтін 3 түрді біріктіреді. Салмағы 60-70 г. Қауырсындары қалың әрі жұмсақ. Төбесінде үлкен айдары болады. Тұмсығы түбінде жалпақ және қыры дөңес. Үстіңгі тұмсықтың ұшында кішкентай тісше болады. Танаулары қауырсынмен жабылған.Аяқтары қысқа әрі жуан. Тырнақтары жуан, иілген. Қанаттары үшкір. Құйрығы тік, қысқа. Тостағанша тәрізді ұясын бұтақтың айырына салады. Ұяда 3-7 жұмыртқа болады. Оларды аналығы шайқайды, аталығы оны қоректендіреді. Балапандарын бірге өрбітеді. Ұялау кезінде қорегінде насекомдар басым, басқа кезде жидектер мен тұқымдарды жейді. Қазақстанда бір түр - кәдімгі самырққұс (Вотbycilla garrulus) мекендейді.
Тағанақтар тұқымдасы (Laniidае) Европа, Азия, Солтүстік Америка мен Африкада тараған 67 түрді біріктіреді. Пайда болған орталығы Палеарктика не Африка болуы мүмкін, онда бұл құстар өте көп кездеседі. Салмағы 25-120 г. Қауырсындануы қалың әрі бос. Үлкен басы екі бүйірінен қысыңқы және тұмсығы ілгектәрізді иілген. Үстіңгі тұмсығының ұшы тісшелі. Танаулары ашық. Езуінде қылтықтары жақсы дамыған. Саусақтары қысқа, тырнақтары қысқа, иілген. Қанаттары қысқа, құйрығы ұзын, екеуіде дөңгеленген, кейде сатылы. Аталығы аналығынан ірі, Тағанақтар қалың бұталарда, орман алаңдарында, жазық пен таудағы өзендер жайылмаларында мекендейді. Қалың ормандарда кездеспейді. Ірі насекомдармен (инелік, қоңыз, көбелек және т.б.) қоректенеді, майда кесірттерді, қаптесерлер мен майда құстарды ұстайды. Ірі жемтіктерін қатты бұтаққа тұмсығымен шаншып, іліп қояды. Тостағаншатәрізді ұясын бұталар мен ағаштарға салады. Ұяда 4-6 жұмыртқа болады, оны екі ересек құс бірге шайқайды. Қазақстандa 7 түрі кездеседі: кіші тағанақ (Lanius тіпоr), сібір тағанағы (S. сristatus), кезқұйрық тағанақ (L. sсһасһ), үлкен не сұр тағанақ (L. ехсиbitor) және басқалары.
Қараторғайлар тұқымдасы (Sturnidае) шығыс жарты шардың ашық ландшафттары мен орман алаңдарында мекендейтін 110 түрді біріктіреді. әсіресе Африкада түрлік құрамы алуантүрлі. Пайда болған орталығы Африка болуы мүмкін. Қараторғайтектестердің сарғалдак торғайлар немесе тоқымашы торғайлармен алыс байланысы болуы ғажап емес. Салмағы 50-150 г. Қауырсындануы қалың, қатты. Кейбір түрлерінің басында ұзын қауырсын-дардан тұратын айдары болады. Тұмсығы үшкірлеу, астына қарай шамалы иілген. Танауы ашық. Қанаттары ұзын, үшкір немесе дөңгеленген. Ұшуы тез. Құйрығы қысқа. Саусақтары өткір тырнақпен аяқталады. Жақсы жүреді әрі жүгіреді. Әртүрлі омыртқасыздармен, жидек, тұқым, жеміс және т.б. қоректенеді. Зиянды насекомдарды жойып пайда келтіреді. Аталықтары аналықтарынан ірі. Аталықтары жақсы шырқайды, кейбіреулерінің аналық-тары да ән салады. Көптеген түрлер шоғыр құрып ұялайды. Әдетте қарапайым ұясын көзден таса жерге салады, кейбір түрлері жарлардан ін қазады. Аздаған түрлері шартәрізді бүйірінде тесігі бар ұя жасайды. 4-6 жұмыртқаны екеуі кезектесіп шайқайды. Африкада сырғалы қараторғай (Сreatорһоra сіпеrеа) тіршілік етеді, оның басының алдыңғы жағы, маңдайы мен төбесі қауырсынданбаған, ал аталықтарының төбесінде етті өсінділер "сырғалары" болады. Бұл құстар көкқасқа шегірткелерді (саранча) көп мөлшерде жояды. Буйвол, не енеке қараторғайы (Вирhagus аfricanus) Африканың сүтқоректілерінің соңынан еріп, олардың жүнінің арасынан түрлі насекомдарды шоқып жейді. Қазақстанда 3 түрі ұялайды. Олар - кәдімгі қараторғай (Sturnus vulgaris), алақараторғай не күлгін қараторғай (Раstor roseus) және саржағал қараторғай не майна (Асridotheres tristis).
Балсорғыш торғайлар тұқымдасы (Меliphagidае) Австралия зоогеографиялық аймағында көптеп кездесетін және Оңтүстік Африкада қантшыл құстар туысының (Рromerops - 2 түрі бар) ағашта тіршілік ететін 162 түрді біріктіреді. Тұқымдастың бөлініп шыққан орталығы Австралия болуы мүмкін. Қауырсындануы жатыңқы, ашық түсті. Көптеген түрлерінің тұмсығы ұзын, жіңішке, біршама төмен қарай иілген, кескіш шеті аздап кедірлі-бұдырлы, кейбір түрлерінде тұмсығы қысқа әрі жалпақ. Тілі ұзын, жалпақ, нектар сорған кезде түтікше тәрізді орала алады. Аз қашықтыққа ғана тез ұшады. Жақсы шырқайды. Қорегі нектар мен насекомдар, майда жемістерді де жей береді. Тозаңдандырғыш роль атқарады. Тостағанша тәрізді ұясын ағашқа салады. Ұяда 1-2, сирек 3-4 жұмыртқа болады. Әдетте екеуі бірге шайқайды және балапандарын қоректендіреді, сирек болса да бұл жұмыстарды аналығы ғана атқарады. Өкілдері: кардинал балсорғышы (Муzomela cardinalis), шыңғырғыш монах (Рhilemon соrniculatus), үншіл балсорғыш (Меliphaga virescens). Соңғысы ешқандай ағаш өспейтін құм төбелердің арасында тіршілік етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет