Сайрауықтәрізділер тұқымдасы (Тиrdidае) космополитті тараған 303 түрді біріктіреді. Қатал Арктика, Антарктида мен Австралияның бір бөлігіндегі аудандарда кездеспейді. Пайда болған орталығы Ескі дүние болуы мүмкін. Морфологиялық жағынан сандуғаштар мен шыбыншыларға жақын. Салмағы 10 г-н 200 г-ға жетеді. Қауырсындануы тығыз немесе бос. Тұмсығы күшті оның қыры сәл дөңес, жіңішке. Танаулары ашық. Қанаттары кішірек, ұшы үшкірлеу. Жіліншігі ұзарған, артқы саусағы ортаңғысынан қысқа. Құйрығы тік, сирек айыр немесе сатылы. Әр түрлі ландшафттарда мекендейді. Күндіз, сирек те болса ымыртта белсенді. Алуан түрлі жануартектес және өсімдіктектес азықпен қоректенеді. Тостағанша тәрізді ұяға лай, немесе ағаш үгіндісіне сілекей жағып араластырып бекітеді. Ұяны ағаш бұтағының айырына немесе жерге салады. Ұяда 3-6 жұмыртқа болады, оларды аналығы шайқайды. Балапандарын екеуі бірге қоректендіреді. Қазақстанда 39 түрі кездеседі . Ағаш пен бұталарға әуезшіл сайрауық (Тиrdus philomelos), шетен сайрауығы (Т. рilaris), қылғытпа сайрауық (Т. viscivorus) ұялайды. Қара сайрауық (Т. тeruba) ұясын жерге немесе түбірге орналастырады. Көкқұс (Муophonus caeruleus) өсімдіктер сирек өскен тау шатқалдарында, бірақ су маңында кездеседі. Алабажақ сайрауық (Мопticola saxatilis), көк сайрауық (М. solitarius) бұта өскен тас қорымдарын ұнатады. Шөл шақшақайы (Оепanthe deserti), кәдімгі шақшақай (О. оепanthe), биші шақшақай (О.isabellina) ашық тасты немесе құмды жерлерде кездеседі. Қара шақшақ(Saxicolа сарrаіа), үлкен шақиақ (S. іnsignis) ашық сайларда, кейде тауларда ұялайды. Кәдімгі отқұйрық (Рһаепicurus phaenicurus), бозбас отқұйрық (Р. саеrubeocephala) аралас және жалпақ жапырақты ормандарда орналасады. Шығыс бұлбұлы (Luscinis luscinia), алабұлбұл (L.svecica), қызылтамақ бұлбұл (L. саllіоре) өздерінің ұяларын бұталар шіліктерінде жерге жақын немесе тамырлар ара-сына салады және т.т. Көкқұс Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Сандуғаштар тұқымдасы (Sylviidае) тек Ескі дүниеде тараған 320 түрді қамтиды. Жаңа дүниеде тек бір түр - тал сандуғашы (Рһуlloscopus borealis) кездеседі, ол Аляскада мекендейді. Пайда болған орталығы Ескі дүние болуы мүмкін. Кейбір систематиктер сандуғаштарды сайрауықтар мен шыбыншыларға қосып, бір тұқымдас шыбыншылар тұқымдасы (Миscicapidае) -ретінде қарастырады. Салмағы 6 г-н 40 г-ға жетеді. Қауырсындануы жұмсақ. Тұмсықтары пішіні мен ұзындығы бойынша ажыратылады. Олар жіңішке, бізтәрізді, біршама төмен иілген. Үстіңгі тұмсықтың қырымен тарақша өтеді. Танаулары ашық. Қанаттары қысқа, дөңгеленген. Саусақтары ұзын, жіңішке, өткір тырнақты. Құйрығы тік, дөңгеленген, сатылы немесе аздап айыр. Бір түрлерінің аталықтары аналықтарынан ірі, кейде аталықтары аналықтарына қарағанда ашық реңді болады. Алуантүрлі омыртқасыздармен қоректенеді, сирек те болса майда жидектерді жейді. Көптеген түрлері - жақсы шырқайды, аздаған түрлерінде аналықтары да ән салады. Ұясын, ашық тостағанша тәрізді немесе бүйірінде тесігі бар жабық шартәрізді, көпшілік жағдайда ұқыпты әрі тамаша тоқиды. Ұясы қалың шөптермен жасырынады, бұта арасына, жерге немесе ағашқа салады. Ұяда 4-8 жұмыртқа болады. Оларды шайқау және балапандарын өрбіту екі құстың міндеті. Қазақстанда 41 түрі кездеседі. Олар шартәрізді ұяларын жерге немесе жерден аса биік емес ағашқа орналастыратын жасыл сандуғаш (Рһуlloscopus trochiloides), арай сандуғаш (Рһ. іпоrnatus), саяшыл сандуғаш (Рһ. соllybita), көктем санду-ғаш (Рһ.trochilus). Сұр сандуғаш (Sylvia communis), бақ сандуғашы (S.borin), боз сандуғаш (S. сиrrиса), қаршығарең сандуғаш (S.nisoria) терең тостағаншатәрізді ұя салады. Жасыл құйқылжың (Нірроlais icterina), шөл құйқылжыңы (Н.lanquida), міңгірлек (Н. саlligata) үсті астына қараған конустәрізді ұя салады, бұлардың тұмсықтары үлкендеу әрі жалпақтау. Саз айқабағы (Асrосерһаlus palustris), бақ айқабагы (А.dumetorum), қызғылтсары (үнді) айқабақтардың (А. аgricola) езуінде жақсы дамыған қатты қылшықтары болады, құйрығы сатылы. Терең тостағаншатәрізді ұяларын қалың жартылай су өсімдіктерінің арасына салады. Өзен шырылдағы (Losustella fluviatilis), кәдімгі шырылдақ (L. пеvіа), бұлбұлун шырылдақ (L.luscinioidas) езуінде баржоғы екіден жіңішке қылшығы болады, суқоймаларынының жағалауларындағы бұталы шіліктерде ұялайды.
Достарыңызбен бөлісу: |