Өзіндік сұрақтары: 1.Ұзынқанаттылар отрядының ерекшеліктері?
2.Көкқарғатәрізділер отрядының ерекшеліктері?
№23,24 лекция
Торғайтәрізділер отряды – Раsseriformes Жоспар:
1.Пешшілер тұқымдасы
2. Тиранндар тұқымдасы
3. Питталар тұқымдасы
4. Қарлығаштар тұқымдасы
5. Сарғалдақ торғайлар (мысықторғайлар) тұқымдасы
6. Қарғатектестер тұқымдасы
7. Шошалалы құстар тұқымдасы
8. Жұмақ құстар тұқымдасы
Лекция мақсаты: Торғайтәрізділер отряды жөнінде толық мәлімет беру.
Лекция мазмұны: Отряд қазіргі тіршілік ететін құстардың жартысынан көбін(63%) біріктіреді. Ол 4 отрядтармағына, 52-72 тұқымдасқа жататын 5100-дей түрді біріктіреді. Әсіресе тропикалық ормандарда торғайтәрізділердің түрлік құрамы өте алуан түрлі. Жоғарғы эоценнен белгілі. Антарктика мен кейбір мұхит аралдарынан басқа барлық жер шарына тараған. Торғайтәрізді құстардың басым көшпілігі ағаш және бұталы өсімдіктермен байланысты. Жерде тіршілік ететін түрлер көп емес. Салмағы 3 г-н (шырыншы -Сіппіris) 1,6 кг-ға дейін (құзғын - Соrvus corax)жетеді. Қауырсындануы тығыз немесе бос. Қалыпты қауырсынның мамық бөлімі жақсы дамыған. Оның жанама өзегі кішкентай немесе жойылған. Мамық сирек, тек аптерияларда ғана орналасқан. Реңі алуан түрлі. Тұмсығының пішіні мен көлемі әр түрлі: насекомқоректі түрлерінде ол жіңішке және. ұзын, тік, дәнқоректілерде қысқа және жуан. Қанаттары ұзын әрі үшкір (қарлығаштектестер - Ніrundinidае) немесе қысқа әрі доғал. Сирағы қауырсынданған, бірақ жіліншігі-жалаңаш. Жіліншігі және төрт саусағы ұзындау, өткір имек тырнақты. Үш саусағы алға, біреуі артқа қараған. Құйрығының ұзындығы мен пішіні әртүрлі. Құймышақ безі қауырсынданбаған. Ми өте жақсы дамыған. Дыбыс бұлшық еттерінің саны 1 жұптан 6-7 жұпқа жетеді. Тілі жақсы жетілген.Жемсауы жоқ. Етті қарынның бұлшық еті күшті. Қорегі алуантүрлі: кейбір түрлері қоректалғамайтындар, басқалары өсімдіктектес азықпен қоректенеді (бірақ балапандарын насекомдармен асырайды), көптеген түрлері - насекомқоректілер. Аталықтары аналықтарынан ірілеу. Әдетте моногамдар, десе де нағыз полигамиялық та кездеседі (манакиндер -Рірridae). Жұмыртқаны шайқауға және балапандарын қоректендіруге ересек құстардың екеуі де қатысады. Ұясын ағашқа, бұтаға, жарықшақтарға немесе індерге салады. Жұмыртқа саны 1-ден 16-ға дейін жетеді.Балапандары қызылшақа және көзі ашылмаған немесе шамалы мамық басқан.
Мүйізтұмсықты торғайлар отрядтармағына (Еurylaimi) Африка мен Оңтүстік-шығыс Азияда тараған 14 түрді біріктіретін бір ғана осы аттас тұқымдас жатады. Отрядтармағы отрядтың қарапайым тобы ретінде қарастырылады, ол көкқарғатәрізділер мен басқа торғайтәрізділердің аралық жағдайында орын алады. Қауырсындануы жұмсақ, әдетте ашық түсті. Езуі үлкен. Тұмсығы ауыр, жалпақ және үлкен, әдетте ұшы имек. Аяқтары қысқа 3 және 4-ші саусақтардың негізгі буындары бір-бірімен жартылай бірігіп кеткен. Жіліншігінің артқы жағы көпбұрышты қалқаншалармен жабылған. Көмекейінде әлсіз дамыған бір жұп дыбыс бұлшық еті болады немесе мүлдем жоқ. Қалың ормандарда мекендейді, жерде сирек қоректенеді. Қорегі - насекомдар, сирек жемістер. Ұясын өсімдік талшықтарынан бүйірден аузы ашылған қапшық түрінде салады. Ұяда 2-ден. 6-ға дейін жұмыртқа болады. Жасыл мүйізтұмсық торгай (Саlyptomenaviridis) тұмсығының түбі қатты маңдай қауырсындармен жабылған, олар кішкентай айдар түзейді құйрығы шорт кесілген. Қарасары мүйізтұмсық торғай (Еиrуlаітusochromalus) орман алаңдарына жақын жерлерді мекендейді. Шыңғырғыш (айғайлағыш) торғайлар немесе тиранндар отрядтармағы (Туranni seu Clamatores). Ескі және Жаңа дүниенің тропикаларында тараған 14 тұқымдасқа жататын 1100-дей түрді біріктіреді. Аздаған түрлер Солтүстік Американың қоңыржай ендіктеріне енеді. Салмағы 4 г-н 800 г-ға жетеді. Көмекейінде 1-2 жұп дыбыс сіңірлері болады. Ашық үнді дыбыс шығара алады, бірақ нағыз күрделі үн оларда жоқ, кейбіреулері дыбыс қайталауға қабілетті. Жіліншіктің артқы жағы көлденең тақтайшалармен жабылған. Насекомдармен немесе өсімдіктектес азықтармен қоректенеді. Кейбір түрлерінде жыныстық диморфизм анық байқалады.
Пешшілер тұқымдасы (Ғиrnariidае) Орталық және Оңтүстік Американың барлық ландшафтты аймақтарында мекендейтін 251 түрді біріктіреді. Пішіндері әртүрлі, бірақ барлығының қауырсындануы қоңырқай, қанаттары дөңгеленген, құйрығы қысқа, кейбіреулерінде ұзын. Тұмсығы қысқа, кейбір түрлерінде ұзын әрі иілген. Бұлардың барлығы насекомқоректілер, бірақ кейбір түрлері өсімдіктектес азықтармен де қоректенеді. Ұясын салу сипаты жағынан да өте әртүрлі. Мысалы, жирен пешші торғай (Ғиrnariusrufus) биіктігі 25 см, ені 20 см-ге жуық, ал ұзындығы 40 см-ге жететін ұя жасайды (201 сур.). Бүйіріндегі оралмалы тесігі ұя камерасына апарады, онда 2-6 жұмыртқа салады. Өкіддері: қоңырала пешші (Ғ. leucopus) және т.б.
Тиранндар тұқымдасы (Туrannidае) Солтүстік және Оңтүстік Американың түрлі орындарында мекендейтін 365 түрді біріктіреді. Пайда болу орталығы Оңүстік Америка болуы мүмкін, онда тиранндардың түрлік құрамы алуантүрлі. Салмағы 5 г-н 80 г-ға жетеді. Тұмсығы тік, ұшы аздап иілген. Жіліншігі ұзарған. 3 және 4-ші саусақтардың негізгі буындары бірігіп кеткен. Қанаттары қысқа әрі жалпақ немесе ұзарған әрі үшкір. Құйрығы алуантүрлі, шорт кесілген қысқа, өте ұзын, айыр (айыр-құйрық тиранн - Мuscivoratyrannus). Басым көпшілігі насекомқоректілер, аздаған түрлері өсімдіктектес азықты көп пайдаланады. Ұясы алуантүрлі: ашық немесе бүйір тесігі бар жабық. Екеуі бірге немесе тек аналығы шайқайды, соңғы жағдайды аталығы ұялау учаскесін қорғайды және аналығын қоректендіреді. Тропикалық түрлердің ұясында 2 жұмыртқа, қоңыржай ендіктердегі де 3-5 жұмыртқа болады. Мысалы, шыбыншы - тоди (Тосdirostrumсіпеrеит) бүйір аузы бар әмиян сияқты ұя салады. Королъ ти-ранны (Опусһоrhyphuscoronatus) салбырап тұратын ұя жасайды, оған 2 жұмыртқа салады. Ол Оңтүстік Американың солтүстік жағалауларынан оңтүстікте солтүстік Бразилия мен Боливияға дейін тараған.
Питталар тұқымдасы (Рittidае) Африканың, Оңтүстік-шығыс Азия мен Солтүстік Австралияның қалың бұталы жерлері мен тропикалық ормандарында тараған 25 түрді біріктіреді. Қауырсындануы тығыз. Тұмсығы ұзын. Көмекейінде әлсіз дамыған бір жұп дыбыс сіңірі болады. Қанаттары ұзын емес. Нашар ұшады және ұшуды ұнатпайды. Бұтаққа сирек қонады. Жерде қалың жықпылдар арасында жүреді, секіріп қозғалады. Жіліншігі біршама ұзын және саусақтары қысқалау. Құйрығы өте кішкентай . Майда топырақта тіршілік ететін жануарлармен қоректенеді. Моногамдар. Ұясы бүйір тесігі бар үлкен шартәрізді, әдетте оны бұта түбіне немесе жерге салады. Ұяда 2-5 жұмыртқа болады. Шыңғырғыш (айғайлағыш) питта (Рitta nipalensis) Австралияда мекендейді, моллюскаларды тасқа ұрып жарып, қоректенеді. Ангола питтасы (Р. апgolensis) Африкада ұялайды, ал көкқанат питта (Р. brachyura) Оңтүстік-шығыс Азияда мекендейді.
Шала үншіл торғайлар отрядтармағы (Меnurae) тек Австралияның кейбір аудандарында ғана кездесетін 2 тұқымдасқа жататын 4 түрді біріктіреді. Көмекейінде 2-3 жұп дыбыс сіңірі болады. Тілі жебетәрізді. Жіліншігінде мүйізді қалқаншалары қиғаш орналасқан. Тырнақтары шамалы ғана иілген. Нашар ұшады, жақсы жүредi әрi жүгiредi.
Лира-құстар тұқымдасы (Меnuridае)
Оңтүстік-шығыс Австралияның ылғалды қалың ормандарында тіршілік ететін 2 түрді біріктіреді. Салмағы 500-800 г. Тұмсығы ұзын, сәл иілген. Жіліншігі ұзын және саусақтары мықты. Жақсы жүгіреді, ұшуды аса ұнатпайды. Төменгі көмекейде 3 жұп дыбыс сіңірі болады. Құстардың және басқа дыбыстарды жақсы қайталайды. Мамық жоқ. Лира-құстың(Мепиra novaehollandае) аналығының құйрығы ұзарған, бірақ бағыттаушы қауырсындардың құрлысы әдеттегідей. Аталықтарында ол өте ұзарған (60 см) және өзгерген: шеткі бағыттаушы қауырсындар иілген және желпуші жалпақ, ортаңғыларында ұзын,мұртшалары сирек, бір-бірімен ілінбейтін желпуші (пәрі) болады. Жайылған құйрық біршама лираға ұқсас . Құрлық және топырақты тіршілік ететін омыртқасыздармен қоректенеді, өсімдіктектес қоректі аз пайдаланады. Құрлық құсы болғандықтан ол биік ағаштардың бұтақтарында түнейді. Полигамдар. Шағылысқан соң аналығы үлкен шар сияқты бүйірінде тесігі бар ұя салады. Ұяда 1 жұмыртқа болады, оны тек аналығы шайқайды.
Үншіл (әнші) торғайлар отрядтармағы (Раsseres,seu Оscines) 52 тұқымдасқа жататын 4 000-ға жуық түрді біріктіреді. Астыңғы көмекейде 5-7 жұп дыбыс сіңірі болады. Қалыпты қауырсынның жанама өзегі кішкентай не жойылған. Мамық жабыны сирек және аптерияларда өседі. Кейбіреулерінде мамық болмайды. Бір бөлігінде жыныстық диморфизм анық байқалады.