Лекциялар жинағы (Жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының студенттеріне арналған) шымкент 2016



бет30/49
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#84735
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49
Байланысты:
лекция орнитология

Зымырандар тұқымдасы (Аlcedinidae) жер шарына кең тараған 86 түрді біріктіреді. Пайда болған орталығы Ескі дүние болуы мүмкін, бұл жерде түрлер саны өте көп. Ергежейлі зымыранның (Ispidіпа рісtа) дене тұрқы 10 см, ал королъ зымыраны lytосеух rех) - 45 см болады. Үлкен бас және үлкен күшті тұмсық тән. Тұмсығы ұзын, тік немесе аздап иілген, ұшы үшкір. Тілі қысқа, жалпақ. Мойны қысқа. Құйрығы қысқа, шорт кесілген. Құймышақ безі қауырсынды немесе жалаңаш. Қалыпты қауырсынның жанама өзегі жоқ. Мамық птерилияда да, аптерияда да өседі. Ұшуы шапшаң, мәнерлі. Аяғы әлсіз, қысқалау. Әдетте өзен жағалауларына жақын, тек аздаған түрлері судан алыс ормандарда тіршілік етеді. Бірқатар түрлері (мысалы, Сеух rufidorsum) майда балықтармен қоректенеді, оларды суға құлдилап сүңгіп ұстайды. Басқа түрлері насекомдармен, ағаш бақаларымен, жыландармен қоректенеді, басқа құстардың жұмыртқасы мен балапандарын тасиды (ләйлекбасты зымыран -Реlargoris capensis). Жеке жұптармен өздері қазған індерде, сирек ағаш қуысында немесе аққұмырсқа (термит) илеулерінде ұялайды. 2-3 (ірі түрлері) және 5-7 (майда түрлері) жұмыртқа салады. Галатеяның (Тапisiptera galatea) өте ұзын күрт сатылы құйрығы болады. Галатея - нағыз орман құсы. Ағаш аққұмырсқаларының илеулерінде ұялау кезінде терең шұңқыр жасайды, оған жұмыртқа салады. Күлегеш зымыран (Dacelo gigas) қарқылдаған сияқты дыбыс шығарады. Бауырмен жорғалаушылармен, соның ішінде жыландармен қоректенеді.
Қазақстанда бір түрі - кәдімгі зымыран (Аlcedo atthis) ұялайды, ол суқоймаларының тік жарларында қоныстанады. Тауда шамамен 2 шақырым биіктікке дейін кездеседі. Аталығы мен аналығы тұмсығымен ін қазады, босаған топырақты аяғымен шығарады. Ұзын (30 см-ден 1 м-ге дейін) іні ұясы бар камерамен аяқталады. Ұяда 5-7 жұмыртқа болады. Оларды ересек құстар шайқайды. Балапандарын тек аналығы қоректендіреді. Негізгі қорегі - балық. Бұдан басқа насекомдарды және олардың дернәсілдерін, асшаяндарды, құрттарды және басқаларын жейді.
Момоттар тұқымдасы (Мотotidaе) Орталық және Оңтүстік Американың тропикалық және субтропикалық ормандарында мекендейтін 8 түрді біріктіреді. Тұқымдастын пайда болған орталығы Солтүстік Американың оңтүстігі болуы мүмкін. Бұлардың тұмсықтары ұзын, ұшы үшкір және шеті тісшелі. Тілі ұзын, ұшында жалбыршақтары бар. Мамық қауырсын жоқ. Қанаттары аса ұзын емес, құйрығы өте ұзын әрі сатылы. Аяқтары әлсіз, сыртқы саусағы ортаңғысымен ұзына бойы бірігіп кеткен. Қорегі -насекомдар, майда кесірткелер мен жыландар, торғайтәрізді құстардың балапандары. Жемістерді жейді. Інге ұялайды, оны сазды тік жарлардa өздері қазады (зымырындардай). Ұяда 3 жұмыртқа болады, оларды ересек құстар бірге шайқайды. Өкілдері: көкқасты момот (Еитотоta superciliosa), кәдімгі мо-мот (Мотоtus тотоtа) және басқалары
Боздақтар, не аражегіштер тұқымдасы (Меropidае) шығыс жарты шардың тропикалық және субтропикалық жерлерінде тараған 25 түрді біріктіреді. Бірнеше түрлері қоңыржай белдеуде кездеседі. Пайда болған орталығы Африка болуы ықтимал. Тұмсығы ұзын, аздап төмен иілген Аяғы әлсіз, қысқа, мамығы жоқ. Тілі -үшкір, жалпақ. Қалыпты қауырсын қосымша өзекті. Қанаты ұзын әрі үшкірлеу. Құйрығы ұзын, әдетте сатылы немесе шорт кесілген (Decrocercus hirundinaceus). Жерде жүрмейді деуге болады. Демалу үшін бұтаққа қонады. Ұшуы мәнерлі, қалықтап ұша алады. Қорегі - насекомдар, оларды ауада ұшып жүріп немесе жапырақтан аулайды. Топтанып немесе шоғыр құрып ұялайды. Тік жартастарда ұзындығы 1-2 м ін қазады. Ондағы ұялы камераға 2-5 жұмыртқа салады, оларды екеуі бірге шайқайды. Балапандары шала. Қазақстанда 2 түрі - сары боздақ не аражегіш (Меrops apiaster) және жасыл боздақ (М. suреr-сiliosus) ұялайды.
Көкқарғалар тұқымдасы (Сoraciidae) Африка мен Оңтүстік - Шығыс Азияда тараған 16 түрді біріктіреді. Бірнеше түрлері Евразияның қоңыржай ендіктеріне енеді. Пайда болған орталығы Оңтүстік Европа болуы мүмкін. Басы үлкен, тұмсығы мықты, сәл иілген. Кеңезулілердің (Еurystomus туысы) тұмсығы жалпақ, ұшы ілгекті. Тілі ұзын, жалпақ ұшы үшкірленген. Аяғы қысқа, саусақ-тары күшті. Құйрығы ұзындау, шорт кесілген немесе терең ойықты. Ұшуы тез. Жерде жай қозғалады. Қорегі - насекомдар, моллюскалар, құрттар. Ірі түрлері тышқантәрізді кеміргіштерді, кесірткелерді, балапандарды аулайды. Жеке жұптар болып ұялайды. Ұясын ағаш қуыстарына, жердегі індерге, кейде тік жартастарға салады. Ұяда 3-5 жұмыртқа болады. Балапандары шала. Ересек екі құс жұмыртқаларын бірге шайқайды және балапандарын қоректендіреді. Африкада айырқұйрық көкқарға (Соrасіаs саиdаtа) және ракетақұйрықты көкқарға (С.Spatulata) ұялайды, олардың құйрықтары терең ойылған. Қазақстанда кәдімгі көкқарға (Соrocias garrulus) ұялайды, оның салмағы 200 г-ға жуық. Тұмсығының түбінде қылтәрізді вибристері болады. Құйрығы тік кесілген. Мекендеу үшін ашық құрғақ ландшафттарды таңдайды.
Бәбісектер немесе сасық көкектер тұқымдасына (Upupidае) Африка, Европа мен Азияда кең тараған бір түр - бәбісек, не сасық көкек (Upupa epops)жатады. Тұқымдастың пайда болған орталығы Солтүстік Африка болуы мүмкін. Басында ала қауырсындардан тұратын айдары болады. Тұмсығы жіңішке, ұзын, астына қарай иілген. Тілі өте кішкентай. Танаулары ашық. Мамық жоқ. Қалыпты қауырсынның жанама өзегі жоқ. Құйымшақ безі қауырсынды. Қанаты аса ұзын емес, жалпақ. Ұшуы жай. Аяғы қысқа, бірақ күшті. Жерде жақсы жүреді және жүгіреді. Әр түрлі омыртқасыздармен қоректенеді, оларды жерден аулайды. Жеке жұп болып ұялайды. Ұясын ағаш қуыстарына, жартастардың жарығына, иесіз індерге және т.б. жерлерге салады. Ұяда 5-6 жұмыртқа болады. Оларды аналығы шайқайды, аталығы оны қоректендіреді. Көзі ашылмаған балапандарының денесін сирек түктәрізді мамық жапқан. Балапандарын ересектері бірге қоректендіреді.
Мүйізтұмсық құстар тұқымдасы (Висеrotidае) Африка мен Оңтүстік-шығыс Азияның тропикалық ормандарында мекендейтін 45 түрді біріктіреді. Пайда болған орталығы Африка болуы мүмкін. Бәбісектерге жақын.Тукандармен ұқсастығы - конвергенттілік. Бұлар үшін ұзын, жуан, төмен қарай иілген тұмсық тән. Көптеген түрлерінің үстіңгі тұмсығының негізінде үлкен мүйізді шор (өскін) болады (Тосkus туысынан басқаларында). Тұмсығының үлкендігіне қарамастан ол жеңіл, өйткені оның сүйекті негізі кеуекті, ал мүйізді шордың іші қуыс. Тұмсық шеті тісшелі. Тілі қысқа. Қалыпты қауырсын қосымша өзексіз. Мамық жоқ. Құйрығы ұзын, құймышақ безі қауырсынды. Бұл құстар үшін екінші және үшінші, төртінші саусақтарының 1-2 буындарының бірігіп кетуі тән. Ағашта тіршілік етеді, жерде нашар қозғалады. Тек мүйізді құзғын қарғаның ғана саусақтары бірікпейді, осыған орай ол жерде жақсы жүгіреді. Қорек талғамайды: қорегі - жеміс, тұқым, насекомдар, майда рептилиялар мен құстардың балапан-дарын да аулайды. Моногамдар. Ағаш қуысында, жартас жарықшаларында ұялайды. Ірі түрлері 1-3, майдалары 3-5 жұмыртқа салады. Аналығы жұмыртқаларды шайқайды, аталығы оны және балапандарды қоректендіреді. Калаоның (Висеros bicornis) дене ұзындығы 120 см. Оңтүстік-шығыс Азияда мекендейді. Қорегі, негізінен, жемістерден тұрады, бірақ насекомдарды, кесірткелерді, балапандарды да жей береді. Ұялау кезінде аналығы аталығының көмегімен ағаш қуысына қамалады, кішкентай саңылау қалады. Сонан соң ол жұмыртқалайды және оларды шайқайды. Аталығы алдымен аналығын, сонан соң жұмыртқадан шыққан балапандарды тесіктен қоректендіреді. Мүйізді құзғын қарға (Висоrvus аbissinicus) Африканың саванналарында мекендейді. Құстың қауырсынданбаған қызыл түсті тамақ қапшығы болады. Тұқымдастардың басқа түрлерінен ерекшелігі ұялау кезінде аналығы өзін ұяға қамамайды. Аталығы кейде оған жұмыртқа шайқап көмектеседі. Сұр токоның (Тоскus nasutus) тұмсығында мүйізді өскін болмайды. Ұялау кезінде аналығы өзін ұяға қамайды, бірақ та 2-3 аптадан соң, балапандары жұмыртқадан шыққанан кейін, ол сыртқа шығады. Ұяның аузы қайтадан бекітіледі, бірақ саңылау қалады, сол арқылы аталығы мен аналығы өздерінің жалғыз ғана балапанын қоректендіреді. Оңтүстік-батыс Африкада мекендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет