Лекция мақсаты: Тырнатәрізділер, кептертәрізділер отрядтары жөнінде толық мәлімет беру.
Лекция мазмұны: Отрядқа 15 тұқымдасқа бірігетін 193-ке жуық түр бірігеді. Олар Антарктидадан басқа барлық материктерде таралған. Мөл-шері жағынан алуан түрлі (салмағы 30 г-нан (үшоймақ) 16 кг-ға (дуадақ) жетеді), морфологиялық және экологиялық ерекшеліктері бар Көптеген топтары күшті ажыратылған және эволюциясы күрделі, сол себепті отрядқа ортақ сипаттама беру қиын. Басым көпшілігі құрлық құстары, кейбіреулері азды-көпті суда тіршілік етуге көшкен. Жемсау жоқ. Етті қарнының қабырғасы қалың және кутикуласы мықты. Соқыр ішектерінің ұзындығы әр түрлі, бірақ барлық уақытта қызмет атқарады. Көптеген түрле-рінде құймышақ безі қауырсынданған. Қалыпты қауырсынның жанама өзегі болады. Басым көпшілігі моногамдар. Балапандары ширақ.
Үшоймақтар тұқымдасы (Тиrnicidае) Испанияның, Африканың, Азия мен Австралияның жылы ендіктерінде мекендейтін 16 түрді біріктіреді. Майда құстар: салмағы 30 г-нан 100 г-ға дейін жетеді. Танау тесіктері бітеу. Құйрығы қысқа, көптеген түрлері үш саусақты, артқы саусағы жоқ. Күйлеу дыбыстарын тек аналықтары ғана шығарады; олардың өңешінің алдыңғы учаскесі және кеңірдектің астыңғы бөлімі кеңейген, ол дыбыс күшейткіш (резонатор) қызметін атқарады. Дала жөне шалғын жерлерді мекендеушілер. Жерде өсімдіктектес азықпен қоректенеді. Аналықтары аталықтарына қарағанда ірілеу және ашық түсті. Полиандрия байқалады: аналықтары аталықтарына қарағанда аз. Аналығы күйіт салтанатын құрады және 4 жұмыртқа салады, оларды аталықтары шайқайды. Сонан соң аналықтары қайта күйіттеп, екінші аталықпен шағылысады, екінші қайтара жұмыртқа салады, оны екінші аталық шайқайды. Әрбір аналық 5-ке дейін жұмыртқа салады. Аналықтары топқа жиналады және көшіп жүреді. Аталықтары балапандарын өрбітеді, алғашқы аптада балапандарын өзі қоректендіреді. Өкілдері: теңбілді үшоймақ (Тиrпіх tапкі), бозторғайтүсті үшоймақ (Оrtyxelos meiffrenii) және басқалары.
Нағыз тырналар тұқымдасы (Gruidае) Оңтүстік Америка мен Антарктидадан басқа материктерде кең тараған, бірақ таралу аймағы ала-құла орналасқан 14 түрді біріктіреді. Дене салмағы 2 кг-нан 13 кг-ға дейін жетеді. Қауырсындануы тығыз әрі қатты, көптеген түрлерінің басының алдыңғы бөлімі жалаңаш және сүйелді терімен жабылған, мойны ұзын. Тұмсығы ұзарған, конустәрізді, танауы ашық. Өте ұзын кеңірдек шумақ түзейді, осыған орай құстар сырнайдың үніндей құрулап дыбыс шығарады. Қанаттары жалпақ. Түтілген (тарқатылған) қауырсындары әдетте қысқа құйрығын қалың жабумен жауып тұрады. Аяқтары ұзын, сирақтың төменгі бөлімі қауырсынданбаған. Төрт саусақты, саусақтары кішірек жүзу жарғағымен байланысқан, артқы саусағы қысқарған. Құймышақ безі қауырсынды. Ұшқанда мойны мен аяғы созылады. Жыныстық диморфизм әлсіз байқалады. Батпақ пен шалғындарда, кейбір түрлері далалы жерлерде мекендейді. Жақсы жүреді және жүгіреді, ешуақытта ағашқа отырмайды. Тек жерде қоректенеді. Қорегі - өсімдіктердің өркендері, тұқымдары мен жемістері, кейде осылармен бірге біршама майда жануарларды (насекомдар, құрттар, амфибиялар мен кесірткелер) жейді. Моногамдар. Көбеюі топ болып және жұп болып "билеумен" қатар жүреді. Ұясын жерге салады, онда 1-2 жұмыртқа болады. Аналығы шайқайды, аталығы ұяға жақын маңда жүреді. Қазақстанда 3 түрі ұялайды. Сұр тырна (Crus grus), ақ, тырна, не стерх (G. Іеисоgeranus) және ақбас тырна (Апtһrо-poides virgo), бұның басының екі жағында ақ қауырсындары болады, салмағы 2-3 кг. Үшеуі де Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Африкада тәжілі тырна (Ваlеаrіса раvопіпа), ал Солтүстік Америкада америка тырнасы (Grus атеriсапа) мекендейді.
Арамалар тұқымдасына (Аramidае) Орталық және Оңтүстік Америкада тараған бір ғана түр жатады. Арама (Аramus gиаrаипа) басы түгелдей қауырсынданған, мойны ұзын, құйрығы қысқа және жалпақ, аяқтары мен саусақтары ұзын құс. Жіліншігі қауыр-сынданбаған. Жануартектес азықпен, соның ішінде моллюскалар басым, қоректенеді. Жақсы жүгіреді, жүзе алады. Көп ұшпайды, ұшқанда мойны мен аяғы созылады. Орман батпақтарында тіршілік етеді. Күндіз де, түнде де белсенді. Моногамдар. Ұясын ағашқа, сирек жерге салады. Ұяда 4-8 жұмыртқа болады.
Сырнайшылар тұқымдасы (Рsophiidае) Оңтустік Америкада мекендейтін 3 түрді біріктіреді. Бұл тұқымдас нағыз тырналар мен сутартарларды байланыстыратын буын болып табылады. Салмағы 1 кг-дай. Тұмсығы қысқа және дөңес. Ұзын кеңірдек шумақ түзейді, ол тері астында жатады. Ащы уілдеген дыбыс шығарады. Жерде тұқымдармен, жидектермен, омыртқасыздармен қоректенеді. Моногамдар. Көбею топтық "биден" кейін басталады. Ұясын ағашқа немесе қуысқа салады. Ұяда 7 жұмыртқа болады. Балапандары қызылшақа. Өкілдері: кәдімгі сырнайшы (Рsophia crepitans), аққанат сырнайшы (Р. lеисорtеrа), жасылқанат сырнайшы (Р.viridis).
Сутартарлар тұқымдасы (Rallidае) 132 түрді біріктіреді. Олар арктикалық аймақтан басқа жерлерде кең тараған. Шалғындық және сумаңы құстары, салмағы 60 г-н 2 кг-ға жетеді. Тұмсығы екі бүйірінен қысыңқы, танауы ашық. Кеуде омыртқалары арқа сүйегімен бірікпейді. Кеңірдегі қысқа және шумақ түзбейді. Мойнының ұзындығы орташа, аяқтары ұзын емес, саусақтары өте ұзын. Жүзу жарғағы жоқ, немесе нашар жетілген. Қанаттары қысқа әрі доғал, нашар ұшады, бірақ тез жүгіреді және жықпылдар арасында өрмелейді; кейбір түрлері жақсы жүзеді және сүңгиді. Көпшілігі түнде белсенді. Әртүрлі жануартектес (омыртқасыздар) және өсімдіктектес (тұқым, өркен) азықтармен қоректенеді. Осуdromus және Тribопух туыстарьша жататын Австралия мен Жаңа Зеландия аралдарында мекендейтін сутартарлардың кейбір түрлері ұшуын екінші қайтара жоғалтқан. Моногамдар. Ұясын жердегі жықпылдар арасына салады, кейбіреулері қалқыма ұялар жасайды. Ұяда 6-12 жұмыртқа болады. Екеуі кезектесіп шайқайды. Балапандары ширақ. Көбеюден тыс уақытта көпшілігі жеке немесе майда топ құрып тіршілік етеді, аздаған түрлері үйір құрып мекендейді. Қазақстанда 8 түрі ұялайды.
Олар: қызылқасқа сутартар (Galli8nula chloropus), сутартар (Rallus aguaticus), кәдімгі тартар (Роrzапа роrzапа), кішкене тартар (Р. раrvа). Қасқалдатың (Ғиlіса аtrа) салмағы 1 кг-ға жетеді. Маңдайында ақ тері учаскесі (шытыра) бар, әрбір саусағы жүзу жарғағымен жиектелген. Су құсы, құрлыққа сирек шығады, жақсы жүзеді, бірақ нашар сүңгиді. Судан ауыр көтеріледі, десе де жылдам ұшады. Күйлеу ойындарын суда өткізеді. Моногамдар. Ұясын қалың қамыс арасына салады. Ұяда 5-12 жұмыртқа болады. Екеуі кезектесіп шайқайды және балапандарын біргe өрбітеді. Көнмаңдайдың (Роrрһуrіо роrрһуrіо) аяқтары ұзын, саусақтары да ұзын және маңдайында жалаңаш дақ болады. Суқоймаларының жағалауларындағы қалың шөптер (қамыс, қоға) арасында мекендейді. Ұяда 3-9 жұмыртқа болады, оларды аналығы шайқайды. Шәкілдектің (Сrех сrех) салмағы.150 г-ға жуық. Тіршілігінің көп бөлігін жерде ылғалды шөптесін шалғындарда өткізеді. Шәкілдектер ешуақытта үйір түзбейді, жеке тіршілік етеді, Африкаға қыстауға жеке ұшып барады. Ұяда 6-12 жұмыртқа болады. Оларды шайқайтын және өрбітетін аналығы. Титтей тартардың (Роrzana pusilla) салмағы 60 г. Ол тез жүгіреді, ұшуды ұнатпайды, жүзуден қашады. Түнде белсенді. Көнмаңдай Қызыл кітапқа (1996) тіркелген.
Дуадақтектестер тұқымдасы (Оtididае) шығыс жарты шардың далалы және шөлейтті жерлерінде мекендейтін 22 түрді біріктіреді. Салмағы 1 кг-н 16 кг-ға жетеді. Басы салыстырмалы түрде үлкен, мойны ұзындау, жуан. Құрлық құстары болғандықтан олардың саусақтары қысқа әрі жалпақ және жуан аяқтары ұзындау. Тұмсығы қысқа. Аздап дөңес. Жүзу жарғақтары жоқ. Құймышақ бездері болмайды. Жыныстық деморфизм анық байқалады. Жақсы жүреді және жүгіреді. Ұшуы ауыр, бірақ біршама жылдам. Жеке немесе топ құрып тіршілік етеді. Әртүрлі өсімдіктектес және жануартектес азықпен қоректенеді. Күйлеу мінез-құлқы күрделі. Моногамды және полигамды түрлерде кездеседі. Ұясын ашық жерге, шөп арасына салады. Ұяда 2-5 жұмыр-тқа болады. Моногамдарда аналығы шайқайды, аталығы ұя маңында жүреді. Балапандарын екеуі өрбітеді. Полигамдарда жұмыртқаны шайқайтын және балапандарын өрбітетін - аналығы. Қазақстанда үш түрі мекендейді: безгелдек (Оtis tetrax), жорға дуадақ не жиекдуадақ (Сһlamydotis umdulata). Тоқдуадақ не дуадақ (Оtis tarda) отрядтағы ең ірі құс (салмағы 11-16 кг). Аяқтары қауырсынданбаған. Аталықтарының басының екі жағында ұзарған жіптәрізді қауырсындары орналасқан. Көтерілуі ауыр, бірақ жеңіл әрі жылдам ұшады. Ұяда 2-3 жұмыртқа болады. Үшеуі де Қазақстан Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Достарыңызбен бөлісу: |