Өзіндік сұрақтары:
1.Қазақстанда тырналардың қандай түрлері кездеседі?
2.Тартарлар тұқымдасы қалай көбейеді?
3.Қасқалдақтар туысының қандай ерекшеліктері бар?
№28-лекция
Құстардың тегі және эволюциясы
Жоспар:
1.Құстардың арғы тегі және эволюциясы.
2.Псевдозухилер жайлы түсінік
Лекция мақсаты: Құстардың арғы тегі, эволюциясы жайында түсінік беру. Псевдозухилер жайлы мәлімет беру.
Лекция мазмұны: Құстардың арғы шығу тегі және эволюциясы туралы мәселе тек қана жалпы түрде шешілген. Құстардың арғы тегі рептилилер болғаны сөзсіз. Рептилилердің бір бұтағы болып бөілініп, одан ең соңында құстардың шығуы мезазойдың (триас) бас кезі деп саналады. Диназаврлардың, крокодилдердің басқа рептилилердің топтарының арғы ата-тегі болып саналатын құстарға жақын тұрған псевдозухилер (Pseudosuchia) болып саналады. Псевдозухилердің ішінде құстарға морфологиялық жағынан өте ұқсас орнитозухилер (Ornithosuchus) болған. Олар құстар сияқты артық аяқтарымен қозғалып жүріп алдыңғы қол-аяқтарымен қоректерін қармап ұстаған. Құйрығы ұзын, сол сияты жамбас белдеуінде де, құстардың жамбас белдеуіне ұқсас белгілері болған. Денесінің сыртын ұзынша қабыршақтар қаптаған. Қабыршақтарының көлденең өсі болады, оның бүйірінен қысқа құстардың қауырсындарына ұқсас қабыршақ кетеді.
Псевдозухилер рептилилердің маманданған бір бұтағы болып саналады. Бірақ, олар құстардың тура шыққан ата-тегі емес. Құстардың арғы ата-тектерінің шығу тегін және псевдозухилердің шығу тегін ертедегі рептилилерден қарастыру керек. Бұл топтардың эволюциясы алғашқы кезде, ағаштарға өрмелеп жүруден басталуы мүмкін, соның слдарынан, артқы аяқтары қатты заттың бетімен жүргенде денесіне тірек болып, ал алдыңғы аяқтары бұтақтардан ұстап қозғалуға маманданған.
Құстардың нағыз тегінің қалдығы әлі табылмаған. Полеонтологиялық қазбалардың ішінде рептилийлер мен құстардың аралық формасы болатын үш факті бар. Өткен ғасырда юра дәуіріндегі жер қабатынан алдымен қаурсынның таңбасы, соңынан толық екі скелет табылған. Оның біреуін археоптерикс, ал екіншісін соған жақын археорнис деп сипаттаған.
Жоғарыдағы келтірілген фактілерге сүйене отырып құстардың арғы тегі, систематкиалық жағынан псевдозухиларға жақын, ерте мезозойлық рептилилер болуы мүмкін деген қорытындыға келеміз.
Кесірткеқұйрықты, немесе ежелгі құстар кластармағы - Аrснаеоrnithes
Кластармағына құстар мен бауырмен жорғалаушылардың белгілері бар құстар жатады. Мүйізді тұмсық жоқ, ал тістері жақтарының ұзына бойына орналасқан. Ми сауытының көлемі салыстырмалы түрде үлкен емес. Маңдайарты және көзарты сүйектері сақталады. Кішірек келген үстіңгі самай шұңқыры астыңғы самай шұңқырынан көзарты және қабыршақты сүйектермен бөлінген. Омыртқалары - қосойысты (амфицельді). Құйрығы ұзын, пигостиль (құйыршық) жоқ. Құрсақ қабырғалары дербес қалған.
Жоғарғы юрадан белгілі. Кластармағында белгілі бір ғана Археоптерикстер отряды - Аrсһаеорtеrуgеs бар.
Археоптерикстер отряды – Archaeopteryges
Юра теңізінің құмдауыт тақтатастарынан бізге белгілі ең ежелгі құс - Археоптерикстің (Аrсһаеорtегух litһоgrарһіа) таңбасы табылған, оның мөлшері шамамен кептердей болған. Бұл құстың әлсіз төсінде қыры болмаған, сүйектері қалың қабырғалы, ауа өзектері жоқ. Барлық қабырғалары, сегізкөзден басқалары, дербес. Ұзын құйрық қаңқасы шамамен 20 шақты амфицельді омыртқадан тұрған. Құйрық (бағыттаушы) қауырсындар қазіргі құстардағыдай шоқ болып бекітілмеген, ол әр омыртқаға екі-екіден бекітілген. Алдыңғы аяқтары қысқа қанат түрінде үш бос саусақты, тырнақтары бар, қозғалмалы білезігі сақталған, өрім түзбейді. Бүғанасы айыр сүйекке біріккен, жауырыны қылыш сияқты. Қабырғасында бір басы және онда ілгектәрізді өсінділері болмайды.
Денесін асимметриялы қауырсындар және қабыршақтар жапқан.
Артқы аяқтары құстардағыдай, бірақ жіліншігі толық қалыптаспаған. Аяғы төртсаусақты. Көптеген рептилиялардағыдай археоптериксте құрсақ қабырғалар болған. Жамбас сүйектер бір-бірімен бірікпеген, шат сүйектері жалпақ симфиз түзейді. Бассүйегі рептильді типті, бірақ біршама тұмсық тәрізді және көзшарасы үлкейген. Шүйде тесігі (қарақұс) және ілмешегі артқа бағыт-талған (астына емес). Көз айналасындағы қатты сақина жақсы дамыған. Жақтарында альвеолаларда тістер орналасқан, ал басқаңқа сүйектері әлсіз біріккен. Орманды мекендеушілер болған, қалықтап ұшуға қабілеті болуы мүмкін, бірақ екі аяқпен жүру қабілетін жоғалтпаған. Ағаш сүлбесінде қозғалғанда қанаттарындағы саусақтарын пайдаланған. Археоптерикстер мен бауырмен жорғалаушылардың үлкен ұқсастық тарына қарамастан - олар құстар болған, бірақ ежелгі құстардың қарапайым әрі маманданған бүйір бұтағы болып табылады. Қазіргі құстардың тегі бұдан да қарапайым кесірткеқұйрық құстар болуы мүмкін.
Желпуішқұйрықты, немесе нағыз құстар кластармағы – Neornithes
Қазіргі кәдімгі құстар бейнелі. Бір ескеретіні, тістері толық жойылған және мүйізді тұмсықпен алмасқан. Ми сауыты үлкен, самай шұңқыры көзшарасымен қосылып кеткен. Мойын омыртқалары гетероцельді, буын беті ершіктәрізді. Құйрығы күрт қысқарған, ал құйрық омыртқалары пигостильмен бірігіп кеткен, оған бағыттаушы қауырсындар бекиді. Қанатында үшінші саусақ жойылған, кәдімгі құстардың қанат қаңқасы қалыптасады. Жамбас сүйектері біріккен, жамбасы — ашық. Төссүйегінде қыры болады, жіліншігінің дамуы аяқталады, -құрсақ қабырғалар жойылады. Юра кезеңіндегі қарапайым желпуішқұйрықты құстар әзірге табылмаған, бірақ ол кезеңде олар тіршілік еткен.
Тісті құстар отрядүсті - Оdontognathae
Бор қабатынан табылған құстардың ежелгі тобы, олардың жасы шамамен 80-90 млн жыл. Ми сауыты, көзшарасы және самай шұңқыры үлкен бо-луымен олар қазіргі құстарға жақындайды. Бірақта көптеген бор құстарында тістері сақталған және тұмсығы жақтың алдыңғы бөлімін ғана жапқан. Оларда таңдайдың ежелгі типі (рептильді тип) болған. Мойын омыртқалары жиі амфицельді, сирек гетероцельді. Құйрығы қысқарған, кейде пигостиль түзген. Ми кішкентай. Гесперорнистер (Неsреrоrпіs), ұзындығы 80 см-ден 180 см-ге жеткен, жақсы жүзген, әрі сүңгіген, пішіні қазіргі гагараларды еске түсіреді.
Тістері жалпы сайшада орналасқан, бірақ жақалды сүйектерінде тістері болмаған. Омыртқалары - гетероцельді. Пигостиль жоқ. Олар ұшу қабілетінен айырылған: алдыңғы аяқтары мен белдеулері күшті редукцияға ұшыраған, төсінде қыр сүйегі жоқ. Күшті артқы аяқтары жүзгіш типті, барлық 4 саусағы алға бағытталған. Балықпен қоректенген.
Ихтиорнистер отрядүсті - Ісһthyornithes
Бор қабатынан табылған ежелгі қүстар тобы, мөлшері аса үлкен емес және жақсы ұшатын құстар. Ихтиорнистердің (Ісhthyornis victor ) қанаты жақсы жетілген, үлкен төсінде биік қыры, пигостиль мен желпуішқұйрықты құстарға тән емес амфицельді омыртқалар, кішкентай артқы аяқтарында қысқа жіліншік болған. Миы, қазіргі құстармен салыстырғанда, өте кішкентай. Тістің бар-жоғы осы күнге дейін белгісіз. Дене тұрқы 25 см-дей. Теңіз құстары, тіршілік ету жағдайы бойынша қазіргі олушаларга (Sulidae) ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: |