Лекциялар жинағы (Жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының студенттеріне арналған) шымкент 2016



бет46/49
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#84735
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
лекция орнитология

Өзіндік сұрақтары:
1. Құстар қашан және қандай жануарлардан бөлініп шыққан?
2. Псевдозухилар туралы не білесіз?
3. Археоптериксті сипаттап беріңіз.?
4. Гесперорнистердің қандай ерекшеліктері бар?
5. Ихтиорнистердің ерекшеліктерін атаңыз.?

29


Құстардың тіршілігінің жыл маусымдық циклі
Жоспар:
1.Көбеюге дайындық.
2.Балапан шығару кезеңі.
3.Құстардың түлеу кезеңі.
4.Қысқа дайындық және қыстау.
Лекция мақсаты: Құстардың түлеу кезеңдері, қысқа дайындық жайында толық мәлімет беру.
Лекция мазмұны: Құстардың тіршілігі, басқа жануарлардікі сияқты, белгілі биологиялық ритмге байланысты. Биологиялық ритмі – тіршілік жағдайының маусымды өзгеруіне және түрдің ортаға бейімделуіндегі тұқым қуалаушылық сипатына байланысты. Қорыта келгенде құстардың жылдық тіршілік циклі көптеген биологиялық фазадан құралады, сол кезде қандай болмасын бір биологиялық құбылыс басымырақ болады. Мысалы, шағылысу, жұмыртқа басу, түлеу т.б. құстардың жылдық биологиялық циклінің негізгілері мыналар:
Көбеюге дайындық – құстардың тіршілік жағдайларының күрделі жиынтығының заңды әсерлерінің нәтижесінде байқалатын, туа пайда болған инстинкт. Бұл көпшілік жағдайда «сигналдық» сипатта болады. Жыныстық инстинкті қоздырушы факторлар: тәулік ішіндегі күн жарығының заңды өзгеруі және олардың мінез-құлығындағы өзгерістер («күй ойнақ»), ұя салған ландшафтаның ерекшелігі, ұяның өзі т.б. факторлар.
Балапан шығару кезеңі – құстардың шағылысу, ұя жасау, жұмыртқа басу және балапандарынқоректендіру сияқты бірінен соң бірі келіп отыратын өте маңызды биологиялық құбылыстарды қамтиды. Бұл уақытта құстар ұясының маңында болады, тек қана балапандарына жем іздеген кезінде ғана ұясынан қашықтап кетеді.
Құстардың түлеу кезеңі – түрлі құстарда түрліше болады. Көпшілігінде құстар көбейгеннен кейін ғана түлейді. Балапандарын жұмыртқадан тек қана мекиендері басып шығаратын құстарда әтештері ерте түлейді. Бірқатар құстар біртіндеп ұзақ уақыт түлейді, ол кезде олардың активтігі аздап та болса да бәсеңдейді.
Құстардың түлейтін орны қоректік заттарының шамасымен емес, құстардың қорғану, жасырына алу ерекшелігіне сәйкес таңдалып алынады. Құстар түлеу кезінде өте арықтап кетеді.
Қысқа дайындық өте актив қоректенумен сипатталады. Бұл кезде құстардың арнаулы, тұрақты орны болмайды. Олардың бірнешеуі бірігіп, жем іздеп, орын ауыстырып отырады.
Қыстау. Қыс кезінде құстардың тіршілік жағдайы, кенет қиындайды да, керекті заттардың мөлшері азайып, қажет тамақты табу ауырлайды.Құстарға жем болатын насекомдар, өсімдіктердің дәндері, жемістер қыста қалағанынша табыла бермейді. Тәулік ішіндегі күннің жарық болатын уақыты қысқарады, жердің бетін қар, судың бетін мұз жауып – құстарға қорек табу қиыншылыққа түседі.
Жыл құстары күзде қыстауға қайтқанда, ыңғайлы жерлерге кідіріп, жайлап ұшады. Ұя салатын жерлеріне келерде, өте тез ұшып келуге әрекет етеді. Мысалы, балшықшы веретенниктер күзде – қыстауға қайтқанда, 12000 км жерді 2-3 айда ұшып өтсе, ал сол жолды көктемде келерде 1-1,5 айда ұшып үлгереді екен.
Жыл құстарының миграциялық инстинкті тарихи қалыптасқан, жоғарғы нерв системаларының әрекеттері болып саналады. Басқа туа пайда болған инстинктер сияқты, бұл да өзін қоршаған ортаның сигналдарының күрделі әсерлерінің себенінен пайда болатын қалыпты сезім.
Жер шарында құстар тарамаған жер өте сирек кездеседі.Құстардың бір қатары теңіз деңгейінен төмен жерде, ал енді бірқатары теңіз деңгейінен әлдеқайда биік жерлерде де кездеседі. Құстардың ұшу қабілеті басқа омыртқалылардың таралуына кедергі болатын жағдайлардан тез өтуіне мүмкіндік береді. Екіншіден жыл мезгілінің қолайсыздығына қарай тіршілік еткен мекенін тастап, қолайлы жағдай бар бөлігіне баруға толық мүмкіншілігі бар.
Құстардың таралуына ауа температурасы да үлкен әсер етеді.Насекоммен қоректенетін құстардың таралуының шегі солтүстікте температурада насекомдар өте аз болады, сонымен қатар жыл маусымының ондай қысқа мерзімінде құстар балапандарын толық жетілгенге дейін қоректендіріп үлгіре алмайды.
Құстардың таралуына дымқылдықтың да аздап болса әсері бар. Құрғақшылықтың әсерінен су қоймаларының, батпақтың ауданы кшірейіп үйрек, жылқышы, батпақты жер, қорек болатын жануарлар мен өсімдіктер құрып кетеді. Ұзақ уақыт бұлт басып, температура төмендеп, дымқылдықтың артуы құстарға қорек болатын көптеген жануарлар мен өсімдіктердің қалыпты тіршілігіне нұқсан келтіреді.
Құстар тіршілігі үшін жарықтың да маңызы зор. Өйткені, құстардың көпшілігі күндіз белсенді түрде тіршілік өтеді. Күннің қысқаруы көптеген құстардың тіршілігін қиындатады, олар тіршілігіне қажетті қорегін қамти алмайды.
Жарықтың белгілі бір мөлшерден артық болуы құстарға қолайсыздық етпейді. Қиыр Солтүстікте жаз кезінде бірнеше ай бойы күннің батпауы түнде жемін аулайтын құстардың тіршілігіне нұқсан келтірмейді, олар тез арада күндіз тіршілік етуге ауысып кетеді. Ондай құстарға ақ жапалақ, қаршыға жапалақ, қауырсын аяқты байғұз, т.б. жатады. Түнде тіршілік етуге беймделген құстардың түрі көп емес, оларға жататындар – жапалақтар, үкілер, байғұздар, кивилер.
Осы кезде тіршілік ететін құстар ағашты, бұталы, батпақты сулы орталарда мекен етеді. Бірақ сүтқоректілерге қарағанда, құстардың бейімделген орталары оншама көп емес. Мысалы құстардың ішінде тек қана суда тіршілік ететін немесе топырақтың қалың қабатында тіршілік етуге бейімделген түрлері болмайды.
Құстардың ұшуы. Құстардың қанаты қатал аэродинамика негізінде негізінде құрылған. Қанаттары сусымалы пішінді, бұл ешқандай кедергіге кездеспей-ақ ауаны қақ жаруына мүмкіндік береді. Олар созылып, көтеру күшін түзейді, ол күш құсты ауада ұстап тұрады. Қанатының алдыңғы бөлімі мен дөңес үстіңгі бөлімінен сырғып өтетін ауа, өзінің қозғалысын біршама үдетіп, үстінен қысымды азайтады, ал қанатының астындағы қысым өзгеріссіз қалады. Құстың қанаты мен қақпа қауырсындары ұшу кезінде, қанатын көтергенде және түсіргенде, әртүрлі жұмыс жасайды. Қанатының үстіңгі және астыңғы беттеріндегі қысым көтеру күшін туғызады, ал құс қанат құрылысының ерекшеліктерін пайдаланып, оны күшейтуге не азайтуға қабілетті. Әр түрлі құстардың қанатының құрылысы көпшілік жағдайда ұқсас болғанымен, ұсақ-түйектері жағынан көп айырмашылығы болады, бұл құстардың түрлі экологиялық қуыстарға бейімдеушілігін көрсетеді.
Шағалалар, альбатростар мен дауылпаздардың қанаттары жеңіл, жіңішке әрі ұзын болып, ауа ағынын пайдаланып, олардың ұзақ қалықтап ұшуына көмектеседі. ал бұлшық етті қысқа қанатты кептерлер, алдыңғы қатарлы ұшқыштар болып саналады, өйткені олар тіршілік ететін жерлерде көтеруші ауа ағыны болмайды. Түрлі құстардың қалықтап ұшу қабілеті бір-бірінен ерекшеленеді және ол қанатының мөлшерімен тығыз байланысты болады.
Құстардың ұясы. Ұяны жасау құс өсімдікті жинап, төсімен мыжудан басталады, немесе ол ағаш бұтағының арасынан, немесе бұтаның бұтақтарының оралған жерін іздеп табудан басталады. Бұл ұя салуға тура келетін орындар шөппен, бұтақпен, түкпен және т.б. төселінеді. Бұл заттарды тырмалап жинау арқылы құрылысқа пішін береді және одан ұя тостағаншасы пайда болады.
Әрине, әр түр ұяны өзінше жасайды. Америкалық кассиктер-оропендолдар, ұзындығы 1 м-дей шұлық ұя тоқиды. Үлкен ағашта 20-30 шақты осындай ұя ілініп тұрады. Ал малазиялық жасыл мүйізтұмсық құстар өздерінің тоқылған ұяларын ормандағы көлдердің үстіне бір ғана өрілген жіппен іліп қояды. Салбырап тұратын ұяларды жасауда ең күрделі жұмыс - оларды әр түрлі талшықтармен немесе басқа тәсілмен бұтақтарға бекіту болып табылады. Африкалық және Азиялық тоқымашы құстар тармағы төмен қарай салбырап тұратын (10-15 см) күрделі ұя тоқи алады, осы арқылы ұя ішіне кіруге болады, ал онда жұмыртқалар сыртқа домалап түсіп қалмауы үшін, ұяның төменгі жағында перде сияқты қалқан болады. Мұндай ұялар құстарды маймыл сияқты жыртқыштардан құтқарады. Ұзынқанаттардың басқа құстардан ерекшелігі ұя жасағанда өз сілекейін пайдаланады, кепкен кезде ол қатаяды. Кайен ұзынқанаты мен туыстас басқа түрлер сілекейімен қауырсындарды желімдеп, олардан жарты метрлік түтікше жасап, оны жартас ернеуіне іледі.
Император пингвині ешқандай ұя жасамайды, өйткені аналығы бір жұмыртқа салады, оны аталығы аяқтарының арасына орналастырып, сыртқы ауадан салбырап тұрған құрсақ қатпарымен жабады және жұмыртқадан балапан шыққанша алып жүреді. Ескерте кететін бір жай - жақсы, мықты және жан-жақты жабдықталған ұя салатын құстардың балапандары салыстырмалы түрде жетілмеген, жалаңаш және соқыр. Олар ересектерінен тұрақты түрде ұядан ұшқанша қамқорлық және қорек талап етеді. Мұндай типті құстарды шала балапандылар деп атайды. Ал жұмыртқаларын құмдағы, топырақтағы, қиыршық тастардағы шұңқырға салатын құстардың балапандары мамықпен жабылған, жүгіре алады, өз бетінше қоректенеді, су құстарының балапандары жүзеді. Мұндай құстарды ширақ балапандылар деп атайды. Ширақ балапанды құстардың балапандары әр отрядта бір-бірінен ерекшеленеді.
Құстар миграциясы. Әр қилы қауіп-қатер төнетін және одан қашып құтылуға болмайтын омыртқалылар тіршілігіндегі ең маңызды құбылыс. Миллиондаған құстар өз мақсаттарына жетпей жолда қырылады. Ұшып кетудің басталуын сол жердегі метеорологиялық жағдайлар анықтайды, ал ұзақ жол үстінде ауа-райы бұзылып жауын-шашын, боран, тұман және т.б. басталуы ғажап емес. Құстарды кейде жел ашық теңізге ығыстырып жібереді, ол жақтан олар құрлыққа жете алмауы мүмкін. Күн тұманды кездерде құстарда бағытты бағдарлауы күрделенеді, олар кез-келген жарыққа ұшып барады, бұл жолда құстар маяктарға, биік үйлерге, тіпті жерге де соғылып өледі. Төтенше оқиғалар ең күшті қауіп болып табылады және кенеттен қарлы боранға тап болған құстар жүздеп-мыңдап қырылады. Дауыл теңіз құстарын туған жерінен 3000 шақырым қашықтыққа алып кетеді және әлсіреген құстар бөтен жағалауға тап болады. Кейбір жерлерде дауыл соғатын кезең көптеген түрлердің күзгі ұшып-кетуіне тура келеді (үлкен және кіші Антиль аралдары) және боран миллиондаған құстарды шығынға ұшыратуы мүмкін. Орнитологтар бүкіл дүние жүзінде миллиондаған құстарды сақиналайды, бұл миграция тетігін түсінуге көмектеседі, миграция жолын қадағалайды және олардың қайда ұшып баратынын анықтайды.
Көптеген ірі құстар белгілі бір қатармен, әдетте сына тәрізді (тырналар, қаздар, үйректер) ал майда торғайтәрізділер-тұтастай тобыр құрып ұшатыны бұрыннан белгілі. Себебі, ірі құстардың қанаттары ауаны күшті тербеліске келтіреді, ұшу кезінде құстардың дүрыс орналасуы ауа кедергісін жеңіл жеңіп, оңай ұшуына себебін тигізеді. Майда құстардың кішкентай қанаттары, керісінше, ауаны онша тербеліске келтірмейді, осыған орай олар белгілі қатарсыз ұшуына жағдай жасайды. Бұдан басқа, ұшып бара жатқан құстардың белгілі түрде орналасуы қанаттарын бірдей қағуға мүмкіндік береді, ол ұзақ механикалық жұмыс жасау кезінде өте қажет. Құстар қатармен ұшқанда орташа екпінмен ұшады, өйткені тобыр ішінде күші және төзімділігі әртүрлі құстар кездеседі, бұның бәрі үйірлік (топтың) инстинктісімен реттеледі.
Барлық құстарды территорияға қатынасына байланысты шартты түрде 3 топқа бөлуге болады:1) отырықшы құстар, бұлар жыл бойы бір ауданда тіршілік етеді, олардың қоныс аударуы бірнеше ондаған шақырымдардан аспайды (көптеген тауықтектестер, қарғатектестер, торғайтәрізділер); 2) көшпенді құстар, бұлар өздері ұялайтын табиғи зона ішінде жүздеген шақырымға бағытсыз қонысын аударады (самырқұстар, қайшыауыздар, суықторғайлар, шекілдектер, көптеген жапалақтар); 3) жыл құстары, бұлар ұялайтын жерлерінен бірнеше мың шақырым қашықтағы басқа табиғи зоналарға ұшып барады (шөже торғайлар, айқабақтар, қарлығаштар және т.б.).
Осы кезге дейін миграция кезінде құстардың кеңістікті бағдарлау тетігі жайындағы мәселе ашық күйде қалуда. Құстарға ұшып өту кезінде дұрыс бағытты қалай бағдарлап, жер шарының алыс ауданына барады және бірнеше мың шақырым қашықтықты ұшып өтіп, ұялайтын жерге жетеді. Жыл құстарында миграцияның дұрыс бағытын таңдай алатын туа біткен миграциялық инстинкт болады дегенді ақиқат ретінде қабылдауға болады. Бірақ қоршаған орта жағдайының әсерінен туа біткен инстинкт өзгереді, ал құс ата-тектерінің жолдарынан басқа миграциялық жолды таңдай алады (мысалы, Финляндияда дүниеге келген ағылшын барылдауық үйректері, келесі көктемде өздерінің отаны Англияға емес, Финляндияға ұшып келген).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет