Өзіндік сұрақтары:
1.Ләйлектәрізділер (дегелектер), немесе Сирақтылар отрядының ерекшеліктері?
2. Қоқиқаздар отрядының ерекшеліктері?
№26-лекция
Шөлді дала құстары
Жоспар:
1. Тауықтәрізділер отряды
2. Құртектестер тұқымдасы
3. Қырғауылтектестер тұқымдасы
Лекция мақсаты: Шөлді дала құстары жөнінде толық мәлімет беру.
Лекция мазмұны: Тауықтәрізділер отряды –Galliformes
Отрядқа 8 тұқымдасқа жататын 253 түр бірігеді, олар Антарктидадан басқа барлық жер шарына тараған. Барлық құрлық ландшафттары мен биотоптарында мекендейді. Дене құрылысы тығыз, басы үлкен емес, мойны қысқа. Жабынды қауырсынында қосымша өзегі болады. Қысқа, аздап дөңес тұмсығы өсімдіктектес қатты азықты табуға бейімделген. Танау тесіктері -ашық (тура өтеді). Қанаттары қысқа әрі жалпақ, ол тез тік үшып көтерілуін жеңілдетеді. Ұшуы шапшаң, бірақ ауыр, қысқа қашықтыққа ғана ұша алады. Аяқтары күшті, төртса-усақты, тырнақтары аздап иілген, топырақты тырнап ашуға бейімделген. Өңештен көлемді жемсау бөлінген, етті қарынның қабырғасы қалың және тығыз кутикуламен төсенген. Көптеген түрлерінде жыныс диморфизмі байқалады: әтештері мекиендері-не қарағанда ірі, реңі ашық. Басым түрлері - полигамдар, ұрпақ-тарына қамқор жасау мекендерінің мойнында. Қарапайым ұяны жерге салады. Ұядағы жұмыртқаның саны 4-25. Балапандары ширақ. Олар, әсіресе өмірінің алғашқы күндерінде омыртқасыз-дармен қоректенеді.
Гоациндер тұқымдасына (Орisthocomidае) Амазонканың ылғалды ормандарында мекендейтін бір ғана түр жатады. Ол - гоацин, басында жіңішке қауырсындардан тұратын кекілі болады. Басының екі жағы қауырсынсыз, тұмсығы қысқа әрі күшті.
Қанаттары үлкен, бірақ әлсіз, құйрығы ұзын. Нашар ұшады, жиі ағаштан ағашқа қалықтайды. Аяқтары күшті, артқы саусағы ұзын. Үлкен әрі етті жемсауы төстің қырын артқа қарай ығыстырған. Жемсауда қоректің аздап үгітілуі жүреді. Гоацин қатты каучук сөлі сіңген тропикалық өсімдіктердің жапырақтары, жемістері және тұқымдарымен қоректенеді. Кішірек шоғыр құрып тіршілік етеді. Моногамдар болуы мүмкін. Ұяда 4 жұмыртқа бо-лады. Ұясын су үстіне төніп тұрған бұталарға салады. Балапандары жалаңаш, жәрдемсіз. Олардың қанатындағы бірінші және екінші саусақтарының соңғы буынында тырнақтары болады, олар ағаштарда өрмелеуге көмектеседі. Балапандары жақсы жүзеді әрі сүңгиді.
Қоқыс тауықтары тұқымдасы (Меgapodiidае) Малай архипелагы мен Австралияның шөлді аудандарында мекендейтін 11 түрді біріктіреді. Құрлықта (жерде) тіршілік етеді, аз ұшады. Басында жалаңаш тері учаскесі болады. Аяқтары ұзын,саусақтары ұзын, тырнақтары тік. Қанаттары жалпақ әрі келтек, құйрығы ұзын. Қаңқасында ауа қапшықтары аз. Көбеюі өте ерекше: әтеші шұңқыр қазып, оны өсімдік қалдықтарымен толтырады. Қоқыстың биіктігі 1 м-ге жетеді. Органикалық заттың шіруі есебінен біртіндеп температура көтеріледі. Содан соң әтеші қоқыстың ортасына дейін жететін жіңішке жол қазады. Бұл ұяға мекиені 25-ке дейін жұмыртқа салады.
Ұяда температура көтерілгенде, әтеші төмпешікті тырмалап ашып, жұмыртқаларды салқындатады. Температура төмендесе -ол төмпешіктің үстіне жаңадан қоқыс жинайды. Ұяда температу-ра 40°С шамасында болады. Әтеші температураны тілі немесе жалаңаш тері учаскесі арқылы анықтауы мүмкін. Осындай табиғи инкубаторда жұмыртқа одан балапан шыққанға дейін болады. Балапандары ширақ. Өкілдері: малео (Масrосерһаlоп таlео), дәукөз тауық (Lеіроа осеllаtа) және т.б.
Гокко немесе ағаш тауықтары тұқымдасы (Сracidae) Американың тропикалық және субтропикалық облыстарында тара-ған 38 түрді біріктіреді. Басқа тауықтектестерден айырмашылығы ұяларын ағашқа салады. Бұл - ірі (40 см-ге дейін), басында кекілі, оның екі жағында және көзінің айналасында жалаңаш тері учаскесі бар, құйрығы ұзын сатылы құс . Жемістермен, насекомдармен және құрттармен қоректенеді. Ұяға екі жұмыртқа салады, оларды аналығы шайқайды. Өкілдері: үлкен гокко (Сrак rиbrа), кекілді гокко (С. аlector), пенелопа (Репеlopa purpurascens) және басқалары.
Құртектестер тұқымдасы (Теtraonidae) Европа, Азия және солтүстік Американың қоңыржай және солтүстік ендіктерінде тараған 18 түрді біріктіреді . Жерде немесе жер-ағаш бойында тіршілік етеді. Танау тесіктері қауырсынмен жабылған. Жіліншігі толықтай немесе жоғары бөлімі ғана қауырсынданған. Тепкісі (батқы) жоқ. Көптеген түрлерінде қыста саусақтары қауырсынданады ("шаңғы") немесе саусақтарында мүйізді өсінділер дамиды: бұлар құстың қар үстінде және сырғақтанған бұтақтарда еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Көптеген түрлері отырықшы, осыған орай қыста түсі ағарады. Қорегі - өркен, бүршік, тұқым, сирек насекомдар. Көптеген түрлері полигамдар. Барлық түрлерінде күйіт салтанаты байқалады. Ширақ балапандылар. Балапандары бірінші күннен-ақ өз бетінше қоректенеді. Көбею кезеңінен басқа кезде аздаған топ құрып тіршілік етеді. Қазақстанда 5 түрі мекендейді. Аққұр (Lagopus lagopus) таралу сипаты жағынан полярмаңы құсы. Бүл жерден оңтүстікке қарай ол тайгаға, орманды далаға және Қазақстанның солтүстігіндегі таулы аудандарға дейін өтеді. Моногам. Ұясын ашық жерлерге салады. Онда 8-12 жұмыртқа болады. Оларды мекиені шайқайды, ал әтеші жақын маңда жүреді.
Арктикалық тундрада тундра аққұры (Lagopus mutus) мекендейді. Қазақстанда Алтай мен Сауырда ұялайды. Құр (Lyrurus tetrix) тіршілігінің көп уақытын жерде өткізеді, қыста қоректену үшін ағашқа қонады. Евразияның орманды және орманды далаларында мекендейді, Қазақстанда, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы мен Солтүстік Тянь-Шаньда ұялайды. Қалың тайга ормандарынан қашады, орман шеттерінде, жайылма ормандар мен шоқ ормандарда кездеседі. Әтештерінің шеткі руль канаттары сыртқа қарай қайырылған. Күй ойнаққа бірнеше ондаған құстар жиналады. Полигамдар. 2-12 жұмыртқа салады. Меңіреу құр (Теtrao urogallus) тауықтектестер ішіндегі ең ірі өкілі: әтештерінің салмағы 3-6 кг, мекиенікі - 2-3 кг. Қыста қарағай, май қарағай, аршаның қылқандары, май қарағай жаңғақтарымен қоректенеді. Бұл нағыз орман құсы: Евразияның қылқан жапырақты және жалпақжапырақты аймақтарында, Қазақстанда Алтай, Қалбы Алтайы, Көкшетау жоталарында мекендейді. Полигамдар. Ұяға 5-16 жұмыртқа салады. Сұр құр (Теtrastes bonasіа) - тайга типті ормандардың құсы. Тіршілігінің көп уақытын жерде өткізеді, орманда ұшуы мәнерлі. Жіліншігінің 3/4 бөлігі қауырсынданған, саусақтары жалаңаш. Ұяда 6-15 жұмыртқа болады. Қазақстанда Алтай және Қалбы Алтайында ұялайды.
Қырғауылтектестер тұқымдасы (Рһаsianidае) барлық материктердің оңтүстік және қоңыржай ендіктерінде тараған 175 түрді біріктіреді. Егер құртектестердің пайда болған орталығы Солтүстік Америка болса, қырғауылтектестер тропиктер мен субтропиктер жағдайында қалыптасқан. Танау тесіктері қауырсынмен жабылмаған. Жіліншігі жалаңаш, онда әтештерінде, батқы (тепкі) орналасады (176 сур.). Саусақтарында мүйізді жалбыршақтар болмайды. Қырғауылтектестердің аяғы құртектестерге қара-ғанда ұзындау. Олар әртүрлі жағдайларда: орманда (тайгадан басқа), далада, шөлде, тауда тіршілік етеді. Өсімдікқоректілігі басым, жемін жерден тереді. Көптеген түрлері моногамдар, бірақ жұбы тек көбею кезінде ғана сақталады. Кейбір түрлері полигамдар. Көбеюден тыс кезде топтанып тіршілік етеді.
Қазақстанда 8 түрі мекендейді. Олар: шіл (Реrdix perdix), дала шілі (Аттореrdix griseogularis), сақалды шіл (Реrdix daurivа), кекілік (Аlectoris какеlік), Алтай ұлары (Теtraogallus altaicus). Соңғысы Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Бөдене (Соturnix coturnix) тауықтектестердің ішіндегі ең майда (120 г) өкілі. Құрлықта тіршілік етеді, тез жүгіріл жасырынады. Егер аяқ астынан шошытса — жер бетімен бауырлап тез ұшады. Ағашқа қонбайды. Далалы және орманды далалы биотоптарды мекендеуші, Поляр шеңберіне дейін тараған. Қорегі - өсімдік-тердің тұқымы және өркені, жазда насекомдарды да жейді. Полигамдар. Ұясын қалың шөп және бұталар арасына салады. Ұяда 7-20 жұмыртқа болады. Кәдімгі қырғауыл (Рһаsianus соlchicus) суқоймаларына жақын жердегі қалың шөптердің арасына қоныстанады. Тауда 2500 м-е дейін көтеріледі. Қоразы мекиенінен ашық түсі, ұзын құйрығы және жіліншегіндегі батқысының болуымен ерекшеленеді. Тауықтәрізділердің ішіндегі жақсы жүгіретін құс, бірақ ұшуы сирек әрі нашар. Қырғауылдың қорегі-майда жәндіктер және өсімдіктер. Моногамдар. Ұяда 8-14 жұмыртқа болады. Оларды мекиен шайқайды. Қоразы ұясына жақын жүреді. Қарабауыр ұлардың (Теtraogallus himalayensis) мойны қысқа, тұмсығы кішкентай әрі жалпақ. Аяқтары қысқа және жуан, қанаттары қысқа, аздап сүйір. Құйрығы біршама ұзын. Тау құсы. Орманның жоғарғы шекарасында ұялайды, альпі шалғынында жайылады, су ішпейді. Ұларлар өсімдікқоректі құстар, балапандары бұршақтәрізді өсімдіктермен қоректенеді.
Бұлардан басқа Индия мен Оңтүстік шығыс Азияда Банкив тауығы (Gallus gallus) мекендейді, ол үй тауықтарының тегі болып саналады. Қораздарында биік және етті айдары болады, жақтары жалаңаш және бір не екі "сырғасы" бар. Құрлық құсы. Қауіп төнгенде қашады немесе ағаш басына қонады. Қорегі - тұқым, дән, сонымен қатар насекомдар. Кәдімгі күркептауық(Меleagris gallopavo) үй күркетауығының тегі болып табылады. Павлин не тауыс (Рavo cristatus) ұзын мойынды, басы кішкентай, онда ұзын қауырсындардан тұратын кекілі болады, қанаттары қысқа. Аяқтары ұзын, құйрығы аса ұзын емес. Десе де қораздарында ерекше жабын құйрық қауырсындары дамиды. Өкілдері: үлкен аргус (Аrgusianus argus), Мысыр тауығы, не кәдімгі цесарка (Numida теleagris), королъ қырғауылы (Syrmaticus reevesi), алтынтүсті қырғауыл (Сһrysolophus pictus) және басқалары.
Достарыңызбен бөлісу: |