Лекциялар жинағы (Жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының студенттеріне арналған) шымкент 2016



бет40/49
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#84735
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49
Байланысты:
лекция орнитология

Қоқиқаздар отряды – Рһоеnicopteriformes
Бір ғана тұқымдас - қоқиқаздар тұқымдасы (Рһоепicopteridae) Азияның, Африка, Америка және Оңтүстік Европаның тропикалық және субтропикалық аудандарында тараған 4 түрді біріктіреді. Бірақ бірде бір түрдің таралу аймағы тұтас емес. Қоқиқаз дүние жүзіндегі ең ұзын аяқты және ұзын мойынды құс . Басы үлкен емес, тұмсығы мықты, ортаңғы бөлімінде күрт төмен иілген. Тұмсығының шеттерінде және тілінде мүйізді тақтайшалар болады, ол сүзгіш аппаратты құрайды. Тілі қалың әрі етті. Көзінің айналасы, ауыздығы және тамағының асты кауырсынданбаған. Қанаты қысқа әрі жалпақ. Құйрығы қысқа. Жіліншігі сирағына қарағанда ұзын. Саусақтарының арасындағы жүзу жарғағы жақсы жетілген. Тайыз суларда омыртқасыздар мен балдырларды сүзіп қоректенеді. Тұзды көлдердің жағалауларында шоғыр құрып ұялайды. Лай және бақалшақтан жасалған ұя биіктігі 0,5 м мұнара сияқты болады. Ұяға 2 жұмыртқа салады. Ширақ балапандар: балапандарының көздері ашық, мамықты және тұмсығы тік болады. Кіші қоқиқаз (Рһ. тіпоr) экваторлы Африканың шығыс жағалауларында ұяласа, Анд қоқиқазы (Рһ. апdіпиs) Андыда мекендейді. Оңтүстік және батыс Қазақстанның тұзды көлдерінде қызгылт қоқиқаз (Рһоепісорtеrиs rоsеиs) ұялайды. Ол Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет