Лекциялар жинағы (Жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының студенттеріне арналған) шымкент 2016



бет36/49
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#84735
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49
Байланысты:
лекция орнитология

Шөже торғайлар тұқымдасы (Regulidае) Европа, Азия, Солтүстік Африка мен Солтүстік Американың қылқан жапырақты ормандары мен бұталы шіліктерінде мекендейтін 6 түрді біріктіреді. Пайда болған орталығы Евразияның қоңыржай ендіктері болуы мүмкін. Салмағы 5 г-н 8 г-ға дейін. Қауырсындануы жұмсақ, үлпілдек. Реңі біршама ашық, тұмсығы қысқа, жіңішке, үстіне қарай аздап иілген. Езуінде қылшықтар болады. Саусақтары жіңішке, иілген өткір тырнақты. Қанаттары қысқа, доғал. Құйрығы сәл айыр, Майда омыртқасыздармен қоректенеді, қыста өсім-діктердің тұқымдарын жейді. Тостағанша тәрізді терең не бүйір тесігі бар шартәрізді ұяларын қалың бұтақтардың арасына салады. Ұяда 4-8 жұмыртқа болады. Қазақстанда 2 түрі: ол тау етектеріндегі бұталы шіліктерде мекендейтін әсем шымшық (Leptopoecile sорһіае) және тек қылқан жапырақты ормандарда ғана мекендейтін сарыбас шөже (Regulus regulus) кездеседі
Шыбыншы торғайлар тұқымдасы (Мuscicapidае) Ескі дүниенің бұталы шіліктері мен сиреген ормандарында мекендейтін 320 түрді қамтиды. Салмағы 8 г-н 30 г-ға дейін. Қауырсындануы жұмсақ. Реңі алуантүрлі. Тұмсығы түбінде жалпақ және үстіңгі тұмсықтың қыры жақсы дамыған. Тұмсық түбінде қылшықтары болады, олар танауларын жауып тұрады. Езуінде серпімді қылтықтар орналасқан. Қанаттары ұзарған, үшкір емес. Аяқтары әлсіз, саусақтары жіңішке, тырнақтары қысқа. Пішіні және реңі алуан түрлі: бір түрлері бір түстес, құйрықтары қысқа болса, екіншілері - ашық түсті және құйрықтары ұзын болып келеді. Насекомдармен, сирек майда омыртқасыздармен қоректенеді, қорегі азайған кезде жидектер мен тұқымдарды жей береді. Ұясы біршама үлкен әрі қарапайым. Ұяда 6-8 жұмыртқа болады, оларды екеуі бірге шайқайды. Қазақстанда 6 түрі кездеседі. Жұмақ шыбыншының (Теrpsiphone paradisi) құйрығы сатылы және басында айдары болады. Жарты шартәрізді ұя салады, сыртынан жабысқақ тормен орайды. Теңбіл шыбыншы (Ғісedula һуроleuca), кіші шыбыншы (Ғ. раrvа), сұр шыбыншы (Мusсісара striata) және т.б.
Содырғы торғайлар тұқымдасы (Рrunellidае) Европа, Азия мен Солтүстік Африканың ормандары мен бұталы шіліктерінде мекендейтін 12 түрді біріктіреді. Қауырсындары тығыз, қалың. Тұмсығы тік, жіңішке, тұмсықтың түбі жалпақ. Езуінде қысқа қылтықтары болады. Саусақтары қысқа, тырнағы үшкір емес. Қанаттары дөңгеленген. Құйрығы тік немесе аздап айыр. Әр түрлі омыртқасыздармен және өсімдік тұқымдарымен қоректенеді, күзде жидектерді сүйсіне жейді. Содырғылар жерде немесе бұталар арасында жүреді. Тостағанша тәрізді ұяны бұталар арасына, жерден биік емес ағаштарға, сол сияқты тауда жерге салады. Ұяда 4-6 жұмыртқа болады. Қазақстанда 6 түрі кездеседі. Сұржон содырғы (Рrunella collaris) және қаратұмсық содырғы (Р. һутаlауапа) - биік таулар құстары, олар альпі және субальпі (теңіз деңгейінен 4000 м биіктікте) шекараларында мекендейді. Ұясын жерге, тас астына салады. Орман содырғысы (Р. тоdularis), сібір содырғысы (Р. топtanella) үлкен ұяларын жерден 1 м биіктікте шырша ағашына салады.
Наурызектер тұқымдасы (Моtacilladае) барлық материктерде, тек полярлы аймақтардан басқа, кең тараған 53 түрді біріктіреді. Пайда болған орталығы Африка болуы мүмкін. Салмағы 20-30 г. Қауырсындануы жұмсақ. Тұмсығы тік әрі жіңішке. Танаулары ашық. Езуіндегі қылтықтар кішкентай немесе олар жоқ. Аяқтары ұзын, жіліншігі және саусақтары жіңішке. Қанаттары үшкір. Құйрығы ұзын, тік немесе айыр және үнемі қозғалыста болады. Майда омыртқасыздармен, әсіресе насекомдармен, күзде жидектер және тұқымдармен қоректенеді. Ашық жерлерде тауда, жазықта, суқоймаларының жағалауларында мекендейді. Ашық ұясын жерге салады. Ұяда 4-6 жұмыртқа болады. Қазақстанда 14 түрі кездеседі. Ақ наурызек (Моtacialla аlbа), тау наурызегі (М. сіпеrеа) өздерінің ұяларын жерге немесе ағаш қуыстарына, бірақ міндетті түрде суға жақын салады. Орман жадырағы (Апthus trivialis), дала жадырағы (А.richardi), тау жадырағының (А.spinoletta) құйрықтары қысқалау және артқы саусақтың тырнағы аса ұзын емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет