Лекциялар жинағы (Жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының студенттеріне арналған) шымкент 2016



бет33/49
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#84735
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49
Байланысты:
лекция орнитология

Шошалалы құстар тұқымдасы (Рtilonorhynchidае) Жаңа Гвинея мен Австралияның ылғалды ормандарында тараған 17 түрді біріктіпеді. Тұмсығы аздап иілген, қысқа немесе ұзарған. Тұмсықтың түбі майда қауырсындармен жиектелген, олар танау тесіктерін жауып жатады. Қанаттары мен құйрығы қысқалау. Қорегі алуантүрлі: жемістер, тұқымдар, насекомдар, құрттар және бас-қалары. Көбею алдында Аiluroedіпае туысына жататын мысықрең шошалалы құстың аталығы құс ойнақ алаңын дайындап, оны ашық түсті заттармен - гүлдермен, жидектермен, бақалшақтармен және т.б. әшекелейді.
Атлас шошалалы құсының (Рtilonorhynchus violaceus) аталығы тек құс ойнақ алаңын ғана дайындап қоймайды, ол жерге бұтақтар мен ағаш сабақтарынан шошалалар жасайды, олардың биіктігі 50 см-ге, ұзындығы 1 м-ге жетеді. Құс ойнақ алаңына аналығы келгенде күй ойнағы -би биленеді және шағылысужүреді. Сонан соң аналығы жақын жердегі ағашқа ұя жасап, оған әдетте 2 жұмыртқа салады. Оны шайқайтын және балапандарын өрбітетін тек аналығы. Аталығы бұл кезде басқа аналықпен күй ойнақ жасауы мүмкін. Мысықрең шошалалысының аталығы аналығына балапандарын қоректендіруіне көмектеседі.
Жұмақ құстар тұқымдасы (Раradisaidае) Жаңа Гвинея мен Солтүстік және Шығыс Австралияның қалың ормандарын мекен-дейтін 43 түрді біріктіреді. Жұмақ құстар шошалалы құстарға жақын. Кейбір систематиктер оларды жұмақ құстар тұқымдасына біріктіреді. Тұмсығы алуантүрлі: қысқа әрі жуан және жіңішке әрі ұзын, біршама астына қарай иілген. Тұмсықтың түбі қысқа қауырсындармен жабылған. Қанаттары қысқалау және жалпақтау. Аяқтары қысқа, артқы саусағы әдетте басқа саусақтарынан ұзындау.Қоректалғамайтындар. Қорегі- жеміс, тұқым, насе комдар, өрмекшілер т.б. Кейбір түрлері жіңішке имек тұмсығымен нектар сорады
Әдетте аталықтарының реңі аналықтарына қарағанда ашық, басында, денесінің екі бүйірінде, құйрығында және т.б. жерлерінде әдемі қауырсындар өседі. Диморфизмі әлсіз жетілген түрлері әдетте моногамдар, аталығы аналығына жұмыртқа шайқауға және балапандарын қоректендіруге көмектеседі. Диморфизмі күшті жетілген түрлері - полигамдар. Барлық ұяға байланысты тірліктерге тек аналығы ғана қатысады. Тостағанша тәрізді ұяны аналығы ағашқа салады. Тек королъ жұмақ құсы (Сісіпnurus regius) ұясын жерге салады. Өкілдері: кіші жұмақ құсы (Раradisea тіпоr), үлкен жұмақ құсы (Р. ароdа).
Көкшымшықтар тұқымдасы (Раridае) Европа, Азия, Африка мен Солтүстік Американың орманды және қалың бұталы жерлерінде мекендейтін 65 түрді біріктіреді. Пайда болған орталығы Палеарктика болуы мүмкін. Салмағы 7-25 г. Қауырсындануы жұмсақ, үлпілдек. Тұмсығы қысқа, конустәрізді, тұмсық қыры аздап иілген. Танаулары қысқа қылшықтәрізді қауырсындармен жабылған. Қанаттары қысқа, дөңгеленген. Құйрығының ұзындығы орташа. Саусақтары күшті және өте күшті иілген өткір тырнақты. Аталықтары мен аналықтарының реңі ұқсас. Қорегінің басым көпшілігі -насекомдар және олардың личинкалары, өрмекшілер, қоңыздар және т.т. Тұқымдар мен жидектерді де жейді. Көкшымшықтар жабық ұя жасайды, оларды көзден тыс жерлерге орналастырады.Ұяда 4-тен 13-ке дейін жұмыртқа болады, оларды тек аналығы шайқайды, аталығы оны қоректендіреді. Балапандарын екеуі бірге қанатына қондырады.
Қазақстанда 14 түрі мекендейді. Олар: ақ көкшымшық (Раrиs суапus), көгілдір көкшымшық (Р. саеruleus), үлкен көкшымшық (Р. таjоr), шөре көкшымшық (Р. аtеr), шөже (қарабас) көкшымшық (Р. раlustris) және пішіні қолғап сияқты ұя салатын құрқылтайлар (Remiz pendulinus, R. соronatus, К. тасrопух). Соңғыларын кейбір систематиктер жеке тұқымдас - Remizidае ретінде қарастырады.
Жуантұмсық көкшымшықтар тұқымдасы (Раradoxornithidае) Европа мен Азияның бамбук пен қалың қамыс өскен жерлерінде, бұталы шіліктерде, орманның ашық алаңдарында мекендейтін 19 түрді біріктіреді. Көкшымшықтарға жақын, бір систематик -ғалымдар бұларды бір тұқымдасқа біріктірсе, екіншілері тіпті жуантұмсық көкшымшықтардың өздерін 2 тұқымдасқа (Суторалар -Рапиrіdае және кезқұйрықты көкшымшықтар - Аеgithalidae) бөліп қарастырады. Салмағы 8 г-н 20 г-ға жетеді. Қауырсындануы бос. Тұмсығы қысқа, дөңес. Тұмсықтың кескіш шеті кедірлі-бұдырлы. Танаулары қауырсындармен немесе мүйізді қақпаша лармен жабылған. Қанаттары қысқа, дөңгеленген. Құйрығы ұзын, сатылы. Тырнақтары күшті иілген. Қорегі - омыртқасыздар, оның ішінде насекомдар және өрмекшілер, сирек тұқымдар. Ұясын бұтақ ашасына, қамыс сабағына, сирек жерге салады. Ұясы қалың қабырғалы тостағанша немесе бүйір тесігі бар бос шар тәрізді. Ұяның іші өсімдік мамығымен төселген. Ұяда 2-ден 7-ге (сирек 10-14) дейін жұмыртқа болады, оларды аналығы немесе екеуі бірге шайқайды. Балапандарын екеуі қоректендіреді. Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Олар: мұртты көкшымшық (Рапurus biarmicus), кезқұйрық көкшымшық (Аеgithalos caudatus).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет