Көктекелер тұқымдасы (Sittidае) Европа, Азия мен Солтүстік Америкада тараған 35-ке жуық түрді біріктіреді. Көктекелер шиқылдақтар тұқымдасына жақын, кейде оларды бір тұқымдасқа жатқызады. Салмағы 15 г-н 40 г-ға дейін. Қауырсындануы бос. Басы үлкен. Тұмсығы тік, ұшы үшкір. Танаулары қатты қауырсындармен қапталған. Езуінде қысқа қылтықтары болады. Қанаттары қысқа, дөңгеленген. Құйрығы қысқа әрі жалпақ. Саусақтары біршама ұзын, тырнақтары үшкір күшті иілген. Ор-манда мекендейді, кейбір түрлері таудың жартасты учаскелерінде тіршілік етеді. Қорегі - өрмекшілер, насекомдар, түрлі тұқымдар мен жемістер. Ұясын ағаш қуысына, не жартас жарықшаларына салады, ұяға кіретін тесікті сазбен сылап қояды. Кейбір тауда тіршілік ететін түрлері батпақтан бүйір тесігі бар жабық ұя жасайды, ал Neositta туысына жататын көктекелер ағаш айырына қабырғасы қалың ұя жасайды. Ұяда 4-9 жұмыртқа болады, оларды тек аналығы шайқайды. Балапандарын екеуі бірге қоректендіреді. Қазақстанда орман көктекесі (Sitta еиrораеа) және жартас көктекесі (S. tерһrопоtа) ұялайды.
Шиқылдақтар тұқымдасы (Сеrthidае) Орталық Африка, Европа, Азия, Австралия және Солтүстік Американың ормандары мен таудың жартасты учаскелерін мекендейтін 15 түрді біріктіреді. Қауырсындануы бос. Салмағы 10 г-н 30 г-ға дейін. Тұмсығы ұзын, жіңішке, астына қарай иілген. Танаулары мүйізді қақпақшалармен жабылған. Саусақтары ұзын және күшті иілген үшкір тырнақты. Артқы саусақтың тырнағы басқаларынан ұзын.
Қанаттары қысқа, дөңгеленген. Құйрығы кәдімгідей қауырсынды немесе үшкір қатты қауырсындардан тұрады. Қорегі - әртүрлі омыртқасыздар, сирек те болса ағаш тұқымдары. Ұясын көзге түспейтін жерлерге, жартас жарықшаларына, ал ала шиқылдақ (Salpornis туысы) ағашқа салады. Ұяда 2-ден 9-ға дейін жұмыртқа болады, оларды тек аналықтары шайқайды. Балапандарын екеуі бірге коректендіреді. Қазақстанда 2 түрі мекендейді Олар: жарқұс (Тісһodrота тиrаrіа) және кәдімгі шиқылдақ (Сеrthia familiaris).
Сушылқаралар тұқымдасы (Сіпclidае) Европа, Азия, Солтүстік Америка мен Солтүстік Африканың тез ағатын тау өзектерінің жағалауларында мекендейтін 5 түрді біріктіреді. Пайда болған орталығы Солтүстік Америка болуы мүмкін. Салмағы 50 г-н 80 г-ға дейін. Қауырсындануы қалың әрі тығыз. Басқа торғайтәрізділерден ерекшелігі аптерияларында мамығы жақсы жетілген. Тұмсығы ұзарған, тік және жіңішке. Танаулары тері жарғақпен жабылған. Құлақ тесіктерінде тері клапаны бар. Қаңқасында ауа қуыстары аз. Қанаттары қысқа, дөңгеленген. Ұшуы шапшаң, жер бауырлап ұшады. Құйрығы қысқа. Жіліншігі ұзарған, саусақтары қысқа, жүзу жарғағы жоқ. Торғайтәрізділердің арасындағы бірден-бір сүңгитін құстар: сушылқаралар жақсы жүзеді, 1,5 м тереңдікке дейін сүңгиді, су түбімен 10-20 м қашықтыққа жүгіре алады, су астында 15-20 секунд болады. Ағысы баяу суларда сушылқаралар сүңги алмайды. Қорегін - майда су омыртқасыздары мен олардың дернәсілдерін - құстар судан не сумаңынан жинайды. Үлкен шартәрізді бүйірінде тесігі бар ұяны су бойына салады. Ұяда 4-7 жұмыртқа болады, оларды аналығы шайқайды, балапандарын екеуі қоректендіреді. Қазақстанда қоңыр сушылқара (Сіпсlus pallasi) және кәдімгі сушылқара (С. сіпсlus) ұялайды.
Тарғылтайлар тұқымдасы (Тroglodytidае) Солтүстік және Оңтүстік Америкада тараған 63 түрді біріктіреді. Тек бір түр -кәдімгі тарғылтай (Тroglodytes troglodytes) - Солтүстік Африка, Европа мен Азияға, соның ішінде Қазақстанда кездеседі. Пайда болған орталығы Солтүстік Америка болуы мүмкін. Тарғылтайлар сушылқараларға жақын, оларды кейде бір тұқымдасқа біріктіреді. Салмағы 10 г-н артық емес. Қауырсыны жұмсақ, қалың. Тұмсығы ұзарған, жіңішке, кейде аздап астына қарай иілген. Танаулары ашық. Қанаттары қысқа, ұшы дөңгеленген. Жақсы ұшады, бірақ ұзаққа ұша алмайды. Жіліншігі ұзын, артқы және ортаңғы саусақтары ұзына бойына бірдей. Тырнақтары үлкен, үшкір және күшті иілген. Құйрығы қысқа, шорт кесілген немесе сатылы. Әртүрлі омыртқасыздармен, кейде жидектер және тұқымдармен қоректенеді. Орманда (органист -Сурһоrhunus cantans) немесе бұталы шіліктерде мекендейді. Какmус тарғылтайлары (Сатруlorhynchus) шөлде және шөлейтті жерлерде тіршілік етеді. Көптеген түрлері моногамдар, бірақ кейбір түрлерінде полигамия байқалады. Шартәрізді бүйірінде тесігі бар ұясын көзден тыс жерлерге салады. Тропикада 5-6 жұмыртқа, ал солтүстіктегі түрлері 8-10 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын аналығы шайқайды. Балапандарын асырауға аталығы учаскесінде бірнеше аналығы болса да қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |