Лекциялар жинағы (Жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының студенттеріне арналған) шымкент 2016



бет29/49
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#84735
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49
Байланысты:
лекция орнитология

Өзіндік сұрақтары:
1.Тентекқұстар отрядының ерекшеліктері?
2. Көкектәрізділер отрядының ерекшеліктері?
22 лекция
Ұзынқанаттылар отряды – Ароdiformes
Жоспар:
1.Ұзынқанаттылар отряды – Ароdiformes
2.Көкқарғатәрізділер отряды - Саraciiformes
Лекция мақсаты: Ұзынқанаттылар, көкқарғатәрізділер отрядтары жөнінде толық мәлімет беру.
Лекция мазмұны: Отряд өте маманданған 3 тұқымдас пен 378 түрді біріктіретін 2 отрядтармағына жіктеледі. Көптеген систематик-ғалымдар ұзынқанаттылар тентекқұстармен алыс туыстық байланыста болатындығын көрсетеді. Тұмсықтары алуантүрлі және ұзынды-қысқалы. Танаулары жабық. Қанатының ең ұзын бөлімі - алақан-саусақ бөлімі, иық бөлімі (тоқпан жілік) өте қысқа және жуан. Аяғы кішкентай, әлсіздеу. Жерде жүрмейді. Құймышақ безі жалаңаш. Қалыпты қауырсынның қосымша өзегі кішкентай. Ұшуы шапшаң, қарқынды. Күндіз белсенді. Моногамдар. Өте күрделі құрлысты ұя жасайды. Ұяда 1-6 жұмыртқа болады. Балапандары әлсіз мамықтанған немесе жалаңаш және көзі ашылмаған.
Нағыз ұзынқанаттар тұқымдасы (Ароdidае) жер шарына кең тараған, тропикада көп, қоңыржай ендіктерге аздаған түрлері ғана енетін 55 түрді біріктіреді. Пайда болған орталығы Ескі дүние болуы мүмкін. Тауда, жазықта, орманда тіршілік етеді. Салмағы 20 г-н 100 г-ға дейін жетеді. Қауырсындануы тығыз. Ересектерінде аптерияда қысқа мамық болады. Басы үлкен, жалпақ. Тұмсығы қысқа әрі жалпақ. Езуі үлкен: жақ буыны көздің артында. Көзі қысқа қауырсындармен қорғалған. Ұзын жіңішке, сем-сертәрізді иілген қанаты өте тез (сағатына 120-170 шақырым) ұшуды қамтамасыз етеді. Қанатының бірінші саусағында мүйізді тырнақша дамыған. Кішкентай аяғында 4 саусағы болады. Басым түрлеpінде 4 саусағы да алға қараған, ал Сһаetura туысына жататын құстардың 2 саусағы алға, екеуі артқа бағытталған. Саусақтары өткір иілген тырнақтармен аяқталады. Құйрығы қысқа айыр немесе шорт кесілген. Тілі қысқа, жемсауы жок.
Уақытының барлығына жуығын ауада өткізеді. Насекомдармен қоректенеді, оларды ұшып жүріп аулайды. Сілекей бездері күшті дамыған, желімді шырыны ұя салар кезінде өте көп бөлінеді. Ұясы құрылысы және орналасуы жағынан әртүрлі. Қара ұзынқанат (Арus apus) жіңішке бұтақтардан, өсімдік талшықтарынан және қауырсындардан борпылдақ ұя салады, оларды ағаш қуыстарына, жартас жарықшаларына орналастырады. Ұяда 2 жұмыртқа болады, оларды екеуі бірге шайқайды. Балапандары ұзақ уақыт ашыққанда немесе ауа температурасы күрт төмендегенде уақытша шала-жансар күйге түседі. Осындай қолайсыз жағдайда олар 12 күнге шыдайды. Кайен ұзынқанаты (Рапyptilla сауennensis) өсімдік мамығынан, шөптерден және жапырақтардан сілекейімен бекітіп түтік немесе қапшық сияқты ұя салады, оның асты ашық және үстіңгі жағымен жартастардың ернеуіне бекітеді. Қапшық ішінде қалташасы болады, оған құс 3 жұмыртқа салады. Палъма ұзынқанаты (Сурsiurus parvus) тостағанша сияқты кішкентай ұя жасайды, оны сілекеймен пальма жапырақтарына тік бағытта орналастырады, ал ұяға 1-2 жұмыртқаны сілекеймен желімдеп қояды. Сұр салангана (Саllacalia vestita) ауада қатып қалатын таза сілекейден ұя жасайды. Бұл ұяларды, пішіні пергаменттәрізді табақша, үңгірлердің қабырғаларына бекітеді. Терең үңгірлерде бұл құс эхолокация көмегімен бағдарлайды. Қазақстанда ұзынқанаттардың 4 түрі кездеседі: қылқұйрық ұзынқанат (Ніrundapus caudacutus), қара (Арus apus), ақбел (А. расіficus) және ақбауыр (А. теlbа) ұзынқанаттар.
Колибрилер тұқымдасы (Тrochilidaе) Солтүстік және Оңтүстік Америкада тараған 320 түрді біріктіреді. Көптеген түрлер тропикалық аймақта мекендейді, көп түрлері табиғаты қатал Анд тауының биіктерінде тіршілік етеді, ал бір түрі поляр шеңберіне жақын ұялайды. Салмағы 1,6 г-н (қызыл колибри - Рһаеthornis ruber) 20 г-ға (алып колибри - Раtagona gigas) жетеді. Қауырсындануы әдетте тығыз. Қалыпты қауырсынның қосымша өзегі қысқа. Мамық жоқ. Кейбір түрлерінің басында және мойнында ұзын қауыр-сындары болады. Реңі ашық, металтәрізді жылтыр. Тұмсығы жіңішке әрі ұзын, кейде дене ұзындығынан асады (қылыштұмсық колибри - Еnsifera ensifera). Әдетте тұмсығы тік, кейде төмен қарай иілгендері де болады. Езуі аса үлкен емес: жақ буыны көз деңгейінде немесе оның алдында жатады. Танаулары тұмсық шетіне жақын орналасқан. Қанаттары, ұзынқанаттармен салыстырғанда жалпақ, қысқа, алақан сүйектері ұзын, ал кәрі және тоқпан жіліктер қысқарған. Қанатының бірінші саусағында тырнақ жоқ. Ұшуы тез (сағатына 40-90 шақырым), мәнерлі. Ауада ұзақ уақыт гүл маңында оның шырынын сорып және ондағы насекомдарды теріп жеп қанаттарын қағып бір орында тұра алады. Бұл кезде қанаттарьш секундына 80 рет қағады. Аяқтары төртсаусақты, өте әлсіз, колибри жерде жүре алмайды. Тырнақтарының ұзындығы саусақтарындай. Жіңішке бұтақта отыра алады, жартаспен жақсы өрмелейді. Құйрығының пішіні мен ұзындығы алуантүрлі. Етті тілі нектарды сорған кезде түтік тәрізді болып оралады. Жүрегі көлемі бойынша дене қуысының жартысын алып жатады. Кейбір түрлерінде жүректің соғу жиілігі мыңға дейін жетеді. Төс сүйегі мен оның қыры үлкендеу. Қорегі - гүлдердің нектары, насекомдар, оларды ауада аулайды немесе өсімдіктен шұқып алады. Зат алмасу қарқындылығы өте жоғары болғандықтан қоректі пайдалануы жоғары. Түнде ауа температурасы төмен-дегенде шала-жансар күйге түседі: дене температурасы 15-20°-қа дейін, ал тамырдың соғуы минутына 100-50 үлпілге дейін төмендейді, тыныс алу қозғалысы сирейді және т.т. Бұлардың бәрі энергетикалық қорларды үнемдеп жұмсауға мүмкіндік береді. Әртүрлі биотоптарды: қалың бұталарды, орманның сирек учаскелерін, шалғындықтарды мекендейді, далалы және шөлейтті жерлерде де кездеседі. Тауда теңіз деңгейінен 5,5 шақырым биіктікке дейін көтеріледі. Жұп құрмайды. Ұя салуын, жұмыртқаларын шайқайтын және балапандарын қоректендіретін тек аналығы. Тостағаншатәрізді ұясы терең шұңқыр және қабырғасы қалың, оны аналығы жіңішке бұтақтарға немесе жартастардың жарығына салады. Ұяда әдетте 2 жұмыртқа болады. Балапандары шала: мамықсыз және көзі ашылмаған. Өкілдері: көгілдір колибри (Тораzа реllа), ракетақұйрықты колибри (Loddigesia mirabillis), колибри-періште (Неliomaster furcifer) және басқалары.
Көкқарғатәрізділер отряды - Саraciiformes
Отряд бір-бірінен күшті ажыратылатын маманданған 4 отряд-тармағы, 10 тұқымдас пен 193 түрді біріктіреді. Басым көпшілігі тропиктер мен субтропиктерге тән, қоңыржай белдеулерге аздаған түрлері ғана енеді. Салмағы 10 г-н 4 кг-ға жетеді. Қауырсындануы тығыз. Реңі әдетте ашық, жиі металды жылтыр. Қалыпты қауырсынның жанама өзегі нашар дамыған, немесе жоқ. Тұмсығы әртүрлі пішінді. Танаулары жабық. Аяқтары төртсаусақты немесе үшсаусақты. Жіліншігі қауырсынданбаған. Әдетте моногамдар. Жеке жұп немесе сирек топ құрып ұялайды. Ересектері кезектесіп жұмыртқаларын шайқайды және балапандарын қоректендіреді. Балапандары шала: көзі ашылмаған немесе нашар мамық жапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет