Өзіндік сұрақтары:
1. Қазтәрізділер отрядының ерекшеліктері қандай?
2.Жер үйректер тұқымдастармағының ерекшеліктері қандай?
3.Сүңгуір үйректер тұқымдас тармағының ерекшеліктері қандай?
№20 лекция
Бұталы орман құстары
Жоспар:
1.Тотытәрізділер отряды – Рsittaciformes
2. Тоқылдақтәрізділер отряды - Рісіformes
Лекция мақсаты: Құстардың құрлықтар таралуы, бұталы орман құстары, жайында баяндау.
Лекция мазмұны: Бұталы орман құстары. Құстардың бұл тобына олардың өте көптеген түрлері жатады. Бұл ортада көберекі мамандалған құстардың тобы - ағашта өрмелеушілер болып саналады. Олар қоректерін ағаштан немесе бұталардан алып, осы жерге ұялайды. Көбнесе ұяларын ағаштардың бұтағына салмай, діңіндегі қуыс жерлеріне салады. Қоректерін ағаштан табатын болғандықтан, олар ағаш бойымен тез өрмелей алады. Олардың аяқтары қуатты және иілген тырнақтары болады. Көпшілігінің екі саусағы алдына қарай, қалған екі саусағы артына қарай бағытталған. Тотылар тұмсығымен бұтақтарды қармап қозғалады. Қоректену сипатына қарай бұталы-орман құстары: насеком жемділер, жеміс тұқым жемділер, нектар жемділер деп бөлінеді.
Тотытәрізділер отряды - Рsittaciformes
Отряд тропикалық және субтропикалық аудандарда, аздаған түрлері ғана қоңыржай ендікке енеді, тіршілігі ағашпен байланысты 324-тей түрді біріктіреді. Пайда болған орталығы -Австралия облысы болуы мүмкін. Кейбір авторлар бұларды көкқарғатәрізділер және көкектәрізділермен алыс туыстық қатынаста болған деп көрсетеді. Салмағы 10 г-н 1 кг-ға жетеді. Көптеген түрлерінің реңі ашық, жиі айдары, ұзын құйрығы болады. Тұмсығы үлкен: биік үстіңгі тұмсық ұзын әрі үшкір ілмекпен аяқталады, ол қысқа астыңғы тұмсықтан асып жатады.
Үстіңгі жақ сүйекпен қозғалмалы байланысқан, ал астыңғы жақ жоғары-төмен және бүйіріне қарай қозғала алады. Тұмсығының негізінде балсірі бар, онда танаулары орналасқан. Қанаттары ұзын емес, дөңгеленген. Аяқтары күшті, жіліншігі қысқа, екі саусағы алға, екеуі артқа бағытталған. Тырнақтары өткір, тек жерде жүгіріп жүретін Реzoporus туысынан басқаларында, иілген. Құйрығы алуантүрлі. Қалыпты қауырсынның жанама өзегі дамыған. Мамық птерилияларда және аптерияларда өседі. "Опа" өндіретін мамығы бар. Құймышақ безі қауырсынданған. Қысқа бұлшық етті тілі әртүрлі пішінді. Жемсауы жақсы дамыған, бірақ етті қарын нашар жетілген. Ми, әсіресе алдыңғы мидың жарты шары, үлкен. Есінде жақсы ұстайды, талдағыш қабілеті және дыбыс қайталау қабілеті жоғары. Қорегі - өсімдіктектес азық: тозаң, тұқым, жеміс. Кейбір түрлері насекомдармен қоректенеді. Аталықтары аналықтарына қарағанда ірі. Моногамдар. Басым көпшілігі - қуыста ұялайтындар, кейбіреулері жартастың жарықшағына, інге, ағашқа өз ұяларын салады. Ұяда 2-ден 8-ге дейін жұмыртқа болады. Әдетте аналығы шайқайды. Балапандары қызылшақа және көзі ашылмаған. Өкілдері: нестор (Nestor nolabis), қара какаду (Probosciger sterrimus), жер тотысы (Рezoporus wallicus), розелла (Р. ехітіиs), бұйра тоты (Мelopsittacus undulatus), қызылұрт тоты (Аgapornis roseicollis), көкмаңдай амазон (Аmazona аеstiva), көксары ара (Аrа аrаrиапа) және басқалары
Тоқылдақтәрізділер отряды - Рісіformes
Отряд 2 отрядтармағына және 6 тұқымдасқа жататын 379 құстың түрін біріктіреді. Тоқылдақтар Австралия, Жаңа Гвинея және Мадагаскардан басқа жерлерде жер шарының барлық түкпірлерінде кең тараған. Отряд қарапайым көкқарғатәрізді құстардан бөлінген, солардың ішінде момоттар мен зымырандарға тегі жағынан жақын. Пайда болған орталығы Оңтүстік Америка болуы мүмкін, ол жерде қазіргі кезде де тоқылдақтардың түрлері алуан түрлі. Қауырсындануы біршама бос. Қалыпты қауырсынның мамық бөлігі жақсы жетілген, ал кейбір түрлерінде қосымша өзегі де дамыған. Мамық жоқ. Птерилиялар жіңішке, аптериялар жалпақ. Тұмсығы тік, қашаутәрізді немесе ұшына қарай аздап имек. Танауы жабық. Тілінің ұзындығы әртүрлі. Жемсау жоқ. Құймышақ безі жалаңаш немесе қауырсынды. Қанаттары доғал. Аяқтары көпшілігінде төртсаусақты, қысқа, бірақ күшті, ағаш бойымен өрмелеуге жақсы бейімделген. Саусақтары үшкір иілген тырнақпен жабдықталған. Жыныстық диморфизм анық байқалмайды. Барлық тоқылдақтар күндіз белсенді, басым көпшілігі орман құстары. Аздаған түрлері далалы жерлерде тіршілік етеді. Тоқылдақтардың барлығына жуығы насекомдармен, сирек өсімдіктермен (тұқым, жидек) қоректенеді. Қорегін әдетте ағаштан, сирек жерден жинайды. Моногамдар. Ағаш қуысында ұялайды, кейбір түрлері ұясы бар ін қазады. Ұядағы жұмыртқа саны 2-5-тен 10-ға дейін ауытқып тұрады. Жұмыртқаны шайқауға және балапандарын қоректендіруге ересек екі құста қатысады. Балапандары шала, көзі ашылмаған және көп түрлерінде жалаңаш.
Қарапайым тоқылдақтәрізділер отрядтармағы (Galbulае) 5 тұқымдасқа бөлінетін 170 түрді біріктіреді. Дене тұрқы сопақша, қауырсындануы жұмсақ, мамықты. Ұзын, біз тәрізді тұмсығының түбінде қылтанақтары болады. Тілі қозғалмайды, қанаттары қысқа, құйрығы ұзын сатылы.
Достарыңызбен бөлісу: |