Лекциялар жинағы (Жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының студенттеріне арналған) шымкент 2016



бет23/49
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#84735
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49
Байланысты:
лекция орнитология

Өзіндік сұрақтары:
1.Сұңқартәрізділер, немесе Күндізгі жыртқыштар отрядының өзіне тән ерекшеліктері қандай?
2.Хатшы құстың ерекшелігі қандай?
3.Лашынның ерекшелігі қандай?

18 лекция.


Жапалақтәрізділер отряды - Strigiformes
Жоспар:
1. Жапалақтәрізділер отряды
2.Сипухалар тұқымдасы (Туtonidае)
Лекция мақсаты: Жапалақтәрізділер отряды жөнінде толық мәлімет беру.
Лекцияның мазмұны: Отряд Антарктидадан басқа жер шарының барлық құрлық ландшафттары мен биотоптарында мекендейтін 2 тұқымдасқа жататын 134 түрді біріктіреді. Жапалақтардың пайда болған ор-талығы Палеарктика болуы мүмкін. Тентекқұстармен алыс туыстық байланысы бар сияқты. Күндізгі жыртқыштармен ұқсастығы - конвергенция нәтижесі.Салмағы 50 г-н (эльф-байғызша -Місrathene whitneyi) 4,5 кг-ға (Америка үкісі - Виbo virginianus) жетеді. Қауырсындануы қалың әрі бос. Қалыпты қауырсындардың мамық бөлігі жақсы жетілген, қосымша өзегі жоқ. Бет қауырсындары беттік дискі түзейді. Қозғалмалы басы 270°-қа айналуға қабілетті. Көзі үлкен, алға қараған: бинокулярлы көру 60-70° құрайды. Тұмсығы күшті, ұшы имек. Тұмсығының негізінде балсірісі бар, ол қатты қауырсын будасымен жабылған. Танаулары жабық. Құлақ тесігі үлкен және тері қатпарымен көмкерілген (сыртқы құлақ бастамасы). Қанаттары ұзын әрі жалпақ. Қанат қаңқасындағы ең ұзын элемент - кәрі жілік. Аяқтың барлық 4 саусағы өткір иілген тырнақпен аяқталады. Сыртқы (төртінші) саусақ айналмалы, яғни алға да, артқа да бұрыла алады. Жіліншігі, көптеген түрлерінде аяқтарының саусақтары да, қауырсынданған. Құйрығы салыстырмалы түрде қысқа, дөңгеленген. Тілі етті, жемсауы жоқ, етті қарынның қабырғасы салыстырмалы түрде жұқа. Аталықтары әдетте ұябасарларына (аналығы) қарағанда кішілеу. Түнде және ымыртта, алакеуімде белсенді. Жануартектес азықпен қоректенеді. Өлексені жемейді. Жемтігін ұстауда ең алдымен естуге, сонан соң көруге сүйенеді. Моногам-дар. Ұясын ағаш қуысына, жартастардың жарықшаларына, өте сирек жерге салады (саз жапалағы - Аsio flammeus). Ұяда 1-ден 8-ге (сирек 11-ге) дейін жұмыртқа болады. Әдетте аналығы шайқайды, аталығы оған қорек тасиды. Балапандарының көзі ашылмаған, бірақ денесін мамық басқан.
Сипухалар тұқымдасы (Туtonidае) денесі сымбатты және "беті" төменге қарай жіңішкерген 11 түрді біріктіреді. Жіліншігі салыстырмалы түрде ұзын. Екінші және үшінші саусақтарының ұзындығы бірдей, үшішпі саусақтың тырнағының шеттері тісшелі. Құймышақ безі қауырсынданған. Майда құстармен, жертесерлермен, тышқантәрізді кеміргіштермен, ірі насекомдармен қоректенеді. Өкілдері: кәдімгі сипуха (Туtо аlbа) және сұр сипухалар туысының (Рһоdilus) өкілдері. Нагыз жапалақтар тұқымдасы (Strigidае) денесі тығыз және басы үлкен, "беттік" дискісі дөңгеленген 123 түрді біріктіреді. Басында көпшілік жағдайда екі буда қауырсындары — қауырсын құлақтары шошайып тұрады. Жіліншігі салыстырмалы түрде қысқа. Үшінші саусағы екіншісіне қарағанда ұзындау, тырнағы тегіс. Құймышақ безі қауырсынданбаған. Қазақстанда 13 түрі кездеседі: ақ жапалақ (Nусіеа sсаdіаса), құлақты жапалақ (Аsіо оtus), байғызша (Glancidium раsserinum), қаршығарең жапалақ (Surnia nlula) және басқалары. Үкінің (Bubo bubo) дене тұрқы 72 см, салмағы 3,2 кг. "Беттік" дискі орташа байқалады, құлақ қауырсындары ұзын. Саусақтары толық қауырсынданған. Жай шұңқыр сияқты ұясын әдетте жерге салады. Ұяда 2-4 жұмыртқа (кейде 6) болады. Үкі Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Кәдімгі жапалақтың (Strix аlисо) дене ұзындығы 45 см, салмағы 700 г-дай болады. "Беттік" дискі толық, құлақ қауырсындары жоқ. Аяғы тырнағына дейін қауырсынданған. Маубас жапалақтың (Оtus scops) дене тұрқы 22 см, салмағы 80 г-дай. Қанаттары ұзын әрі жіңішке, "беттік" дискі толық емес, саусақтарының 1/3 бөлігі қауырсынданбаған. Негізгі қорегі - насекомдар мен майда құстар. Жүнбалақ байғыз, не орман байғызының (Аеgolius funereus) дене ұзындығы 27 см, салмағы 190 г. Басы жалпақ және құлақ қауырсындарының бастамасы бар. Көзі онша үлкен емес, тұмсығы әлсіз, саусақтары тұтастай немесе жартылай қауырсынданған. Байғыз (Аtһеnе nосtuа) жазық және аласа таулы жерлерде, елді мекендерде тіршілік етеді. Жылына бір мәрте ұялайды, егер ұясы бұзылса, қайтадан көбеюге қатысады. Ұяда 2-5 жұмыртқа болады. Қорегі - майда сүтқоректілер, құстар, рептилиялар, амфибиялар, омыртқасыздар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет